Коммуникация – арақатынас партнерлерінің бір-бірімен ақпарат алмасуы,
білімді, идеяны, пікірді, сезімді беру мен қабылдау процесі.
Интеракция – тұлғааралық қимыл ұйымдастыру, қатысушылардың ӛзара
қозғалыс пен әрекет алмасуы.
Перцепция – адамдардың бірін-бірі тануы мен тәрбиелеуі негізінде
құрылатын белгілі тұлғааралық қатынастар.
Адамдар арасындағы қарым-қатынасты күрделі, ӛзгермелі, ӛзара байланысты жүйе ретінде қарастыра отырып оның бірнеше түрін бӛліп кӛрсетуге болады.
1.Ресми қарым-қатынас - қызметтік негізде қалыптасады, заңмен
тұрақтанады, жарғымен, ережелермен реттеледі.
2. Ресми емес қарым-қатынас - жалпы қабылданған зандар мен талаптарды
белгілі тұрақтанған ережеге бағынуды талап етпейтін адамдардың бір-біріне
деген қарым-қатынасы. Бұл ұнату, жақсы кӛру, достық, жолдастық, жек кӛру,
жауласу т. б. себептер негізінде пайда болады.
3.Тігінен қарым-қатынас - бұл тұлғааралық байланыс, басшы мен оған
бағынушылар арасындағы, кӛшбасшы мен басқа ұжым мүшелері арасындағы
байланысты кӛрсетеді, жалпы ұжымда ресми мәртебеге ие тұлға мен
қалғандары арасындағы қатынас түрі.
4.Кӛлденеңінен қарым-қатынас - бұл бірдей мәртебеге ие ұжым
мүшелерінің арасындағы тұлғааралық қарым-қатынасы. Ұжым ішінде тігінен
және кӛлденеңінен қарым-қатынас түрлерін бір-бірімен салыстыруға, қарама-
қарсы қоюға болмайды.
5.Іскерлік тұлғааралық қарым-қатынас - бірлескен іс-әрекет, қызмет
барысында адамдар арасында болатын қарым-қатынас түрі.
6.Жеке қарым-қатынас - орындалатын іске тәуелді емес адамдар
арасындағы қарым-қатынас. Іскерлік және жеке қарым-қатынас түрлері бір-
бірін толықтырады. Іскерлік қатынастарға шек қоюға болады, ал жеке
қатынасқа шек қою мүмкін емес.
7. Рационалды тұлғааралық қарым-қатынас - адамдардың бір-бірі туралы
білігі, басқа адамдардың оны объективті бағалауы жатады.
8. Эмоционалды қарым-қатынас - адамның адам даралығын қабылдауы.
Бұндай қарым-қатынас түрі жағымды және жағымсыз қарым-қатынас негізінде
іске асырылады.
Аталған қарым-қатынас түрлері ұжымды дамытуда, ондағы дұрыс қарым-
қатынасты қалыптастыруда маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |