3.Топтағы адамдардың қарым-қатынасы.
Топтағы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын зерттеген кезде бақылау, эксперимент, әңгімелесу т.б. әдістерді пайдаланады. Мұны таңдау әдісі деп атайды. Бұл әдісті тұңғыш ұсынған америка психологы Дж.Морено болды. Бұл обьективтік әдіс, бұны адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын зерттеген кезде қолдануға болады. Әлеуметтік психологияда социометрия яғни таңдау (шағын топтағы әлеуметтік қатынасты ӛлшеу) әдісін қолданылады. Бұл әдіс арқылы адамдардың іскерлік жағын, қарым-қатынасын білуге болады.
Таңдау әдісін топ, ұжым мүшелері бірін-бірі жете білген жағдайда ғана қолдануға болады. Бұны жүргізгенде сұрақтарға жауап беру ескеріледі.
Қойылатын сұрақтар таңдау критерийлері деп аталады. Критерий күшті және осал болып екіге бӛлінеді. Күшті критерий терең де тұрақты қатынасты, ал осалы - тұрақсыз және ат үсті қатынасты кӛрсетіп береді. Мысалы, «Бірге қызмет істейтін адамдардың қайсысымен бір еңбек бригадасында болуды қалар едіңіз?» деген критерийді күшті критерийге жатқызуға болады, Ал, «Қалаға саяхатқа кімді шақырар едіңіз?» деген осал критерий болады, ӛйткені ол ұзаққа созылмайтын, уақытша қатынасты қамтиды.
Сыналушыға негативті жауап (теріс таңдау) беруді қажет ететін сұрақ та
қойылуы мүмкін. Мысалы, «Сен емтиханға кіммен бірге дайындалғың
келмейді?», «Сен туған күніңе кімді шақырмас едің?» т.б. Топтағы, ұжымдағы
адамдардың бұл қатынаста алатын орны бірдей емес. Зерттеулерде бір адамдар
басқаларға қарағанда кӛбірек белгілі, беделді болатынын кӛрсетеді. Біреулер
қарым-қатынас жасауға шын ниетімен кӛбірек тартылады, ал екіншілері
топтың ӛзге мүшелерімен сирек араласады.
Зерттеу нәтижесіне қарағанда, сынып ұжымында тӛрт-бес оқушы ғана
басқалардан айрықша белгілі болады екен. «Басқаның жүрегіне жол таба
білетін адам» адам қашан да кӛпшілікке жақын, белгілі болатыны аян. Адам ӛз
орнын жалбақтау, жағымпаздану жолымен емес, ӛзінің табиғи болмысымен,
қадір-қасиетімен, ашық мінезімен табады.
Екінші бір адам білімділігі, іскерлігі, ӛз білгенін аямай, олармен риясыз
бӛлісуге, кӛмектесуге әзір тұрушылығымен де ерекшеленеді. Үшіншіден, сырт
бейнесі факторларын да ескермеуге болмайды. Мысалы, оқушы ӛзінің қара
күшке ие, мықты құрбысын құрметтейді.
Топта, ұжымда әркімнің ӛзгелерден гӛрі жиі кездесетін бір адамы болады,
кӛпшілігі ӛзара тату-тәтті тіршілік еткенмен, ондағы әр адамның ӛзгелерден
онымен мүдделес, әңгімелері жарасқан, ортақ істері бар, жолдастық, достық
қатынастағы адамдар да болады. Топта кейбір адамдар ешкіммен жеке ӛзара
қатынаста болмайды. Олар дұрыс қатынас орнату үшін ӛзіне серік таба
алмайды. Алайда мұндай адам топқа, ұжымға қажетсіз деген ұғым тумайды. Ол
да іске қызу араласып ӛзіне жүктелген міндетті жақсы атқарады. Мысалы,
оқушы ӛзімен бір үйде тұратын, бірақ басқа сыныпта немесе басқа мектепте
оқитын баламен достасады. Топта жұрт жек кӛретін, маңайына жуытқысы
келмейтін адамдар да кездеседі. Мұндай жағдайда ӛзгелер оған жоламай,
іргесін аулақ салуға тырысады. Психологтар топта кейбір жекелеген
оқушылардың ӛзгелермен араласпай оқшау жүруі, 1-ден оқшау қалған
оқушының сабаққа селқостығы, мұндай оқушылар сабақты нашар оқиды және
сабақ үлгерімін жақсарту үшін ешбір талаптанбайды. Мұндай балалар сынып
оқушыларының жетістіктері мен кемшіліктеріне ешқандай қуанбайды да
ренжімейді де. Сабақ үлгерімі оларды ойландырмайды. 2- ден кейбір
оқушылардың оқшау қалдырылуы олардың қатынас жасауға шорқақтығынан
болады. Ол оқушылармен ӛзі достасуды қаламайды, бойын сулақ салып жүреді.
Кейде оған жас айырмашылықтары мен тұйықтық та себеп болады.
Кӛпшілікке қадірлі, ұжымда жетекшілік міндетті ӛзіне алатын адамдар
да болады. Мұндай адамдарды қарым-қатынас психологиясында «лидер» деп
атайды. Ол топ мүшелерімен қарым-қатынаста ӛзін еркін, сенімді ұстайды.
Мектеп ұжымында лидердің бірнеше типі болады.
1-ші лидер жағдайға байланысты ӛзін танытады. Мысалы, оқушылар
сыныпта музыкалық кеш ӛткізеді делік. Ол кӛптеген шығармаларды біледі, әр
түрлі музыкалық аспаптарда ойнайды. Бұл арада ӛзінің дарыны мен
шеберлігін кӛрсетеді.Ол осы шараны ӛткізуді ұйымдастырып, лидерлік
танытады. Ал басқа жағдайда ұжымның қатардағы мүшесі болып қала береді.
Лидердің 2-ші типі, әр түрлі іс-шараларды ӛткізуде ұжымның басқа
мүшелеріне жан-жақты ықпал ете алатын оқушы лидер бола алады. Мысалы,
топ далада түнейтін болып, туристік саяхатқа шығарда, лидер оқушы
маршрутты әзірлейді, топты қажетті құрал-жабдықтармен, азық-түлікпен
қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Алайда оңың лидерлігі қысқа мерзімдік
дәрежеде ғана болады. Іс-шара аяқталған соң оның лидерлігі де бітеді.
3-ші типі оқушы ӛзінің лидерлік қабілетін ұзақ уақыт бойы сақтайды, бұл
сынып және топ бастығы т.б.
Формалы және формасыз топтар мен ұжымда олардың мүшелерінің
«психологиялық үйлесімділігі» болады. «Психологиялық үйлесімділік» - топ,
ұжым мүшелері қасиеттерінің неғұрлым қолайлы үйлесімі. Мұның ӛзі ортақ
істің табысты болуын және әр бір адамның жұмыстан ләззат алуын қамтамасыз
етеді. Егер екі және одан да кӛп адам арасында «психологиялық үйлесімділік»
болса, онда бірінің қылығы екіншісіне немесе ӛзгелеріне ұнайтын болады деген
сӛз. Топ мүшелері бірі-бірінің мінез-құлқын, қатынас тәсілін жатырқамай
дұрыс қабылдайды.
«Психологиялық үйлесімсіздік» кезінде топтың бір мүшелерінің қылығын
екінші бір мүшелері жақтырмайды. Бұл жағдай кейде шағын топтың қоғамнан
ұзақ уақыт тыс қалу нәтижесінде де пайда болады. Психологиялық
үйлесімсіздікке кейде адамдардың тұйықтығы, беймазалығы, тәкаппарлығы,
менмендігі себеп болады
Шағын топтың ұзақ уақыт оқшау қалуы, олардың бір-бірі туралы
ақпараттың әбден сарқылуынан да «үйлесімсіздік» болады. Топ мүшелерінің
бір-бірін анық білетіндігі соншалық, арасындағы ӛзара қатынаста еш қызық
қалмайды.
Топтағы "моральдық психологиялық ахуал" (кейде мұны "әлеуметтік-
психологиялық ахуал"деп те атайды) дейтін ұғымның да мәні зор. Бұл топ,
мүшелерінің ӛзара қарым-қатынасындағы ортақ тәртіп пен жауапкершілік,
яғни жетекші мен оның қарамағындағылардың бірін-бірі түсінісе алуы, топтың
үйреншікті жұмыс стилі, онда ортақ пікірдін орнауы, т.б. Топтың кӛтеріңкі
кӛңіл күйі ұжымдық міндеттің нәтижелі орындалуына қолайлы әсер етеді.
Ӛзара жарасқан ынтымақ, сыйластық, ұжым мүддесін қастерлейтін жерде
қандай ауыр жұмыс болса да жеңіл атқарылады. Мұндайда ауыртпалық
сезілмейді, сары уайым, жабырқау, түңілу, жалғызсырауға орын қалмайды.
Тату-тәтгі ӛмір сүретін ұжымда ұрыс-керіс болмайды, шығармашылық іске,
білімді терең меңгеру мен саналы тәртіпке аса қажетті ахуал орнайды, қолайлы
жағдай жасалады.
Әлеуметтік кауымға біріккен адамдардың кӛңіл күйлерінің бірдей
болып келуі ұжымдық кӛңіл күй болып табылады. Мұндай кӛңіл күйі кӛптеген
адамдарды қамтуы мүмкін. Мысалы, ең алғаш ғарышқа адам ұшқанда барлық
халқымыз қуанды. Мереке адамның кӛңіл-күйін туғызады. Сұрапыл апат, жер
сілкіну, су тасқыны, соғыс адамдарды қайғыға батырады. Сӛйтіп ұжымдық
кӛңіл-күй мазмұнына қарай жағымды немесе жағымсыз болып келеді. Ӛте
жағымсыз ұжымдық кӛңіл күй үрей болып саналады. Кейде бұл жағдай
кӛптеген адамдардың шырқын кетіреді, ӛмірдің, жұмыстың қалыптасқан
ырғағына нұқсан келтіріп, қалыптасқан қатынасты бұзады. Ұжымның бір
мүшесінің қайғысы басқалардың да жүрегін ауыртады. Жолдастың қазасы бүкіл
ұжымды қайғыға батырады.
Топта және ұжымда қоғамдық пікір орнайды. Қоғамдық пікір -
әлеуметтік ӛмір фактілері, Ұжымдық қызмет және жеке адамдардың іс-әрекеті
жӛніндегі бірыңғай баға. Қоғамдық пікірдің кейде ауқымы кең болады: елге,
континентке, бүкіл әлемге тарайды. Халықаралық ӛмірдің соғыс пен
бейбітшілік, экономика, дін, спорт мәселесі сиякты проблемалары туралы
кӛптеген миллион адамдарда белгілі бір қоғамдық пікір туады. Алайда
қоғамдық пікір кәсіпорын ұжымы, аудан, қала, село халқы сияқты шағын топты
ғана қамтуы да мүмкін. Мұндай жағдайда қоғамдық пікір мазмұны топтың,
жеке адамдардың ісі кӛлемінде болуы мүмкін.
Қоғамдық пікір ұжымның, топтың, адамдардың ӛміріне, олардың бір-
бірімен ӛзара қатынасына әсер етеді. Мысалы, мектепте қайсібір оқушы туралы
мұғалімдер ұжымы мен оқушылар арасында қоғамдық пікір болады. Оны бір
топ оқушы, мұғалім қалыптастырып, солар қолдап, дамытуы мүмкін. Шағын
топ кӛлеміндегі қоғамдық пікір жағымды да жағымсыз да роль атқарады. Егер
мұндай пікірде адамның ісі мен мінез-құлқы жайлы пікірлер дұрыс кӛрсетілген
болса, ол сол адамның ӛзіне де, топ, ұжымға да жақсы әсер етеді. Ал егер пікір
жалған сӛзге, ӛсекке негізделген болса, жаңағы адамның жүрегіне нақақтан-
нақақ жара салады, ұжымдағы, топтағы ӛзара қатынасты да нашарлатады.
Жарыс. Бұл, адамдардың, ұжымдардың, топтардың ӛзара қатынасы,
мұндай қатынастың барысында жарысушы жақтар бірі-бірінің кӛрсеткішінен
асып түсуге ұмтылып, бірінен-бірі озып кетіп жатады. Жарыс ӛзінің сипаты
жағынан әлеуметтік болады, ейткені оның мазмұны қоғамның мүддесі мен
талабына орайлас келеді. Жарыстың негізі неғұрлым мазмұнды болса,
соғұрлым ол құнды болады: оқудың сапасын, шығарылатын ӛнімнің саны мен
сапасын арттырады, спорттық нәтижелерді алға бастырады т. б. Оның
бәсекеден айырмашылығы, жарыстың антогонистік пиғылы болмайды. Ол
қарсыласынан басым түсуі үшін қандай да болсын арам қылыққа, қулық-
сұмдыққа баруды қаламайды.
Достарыңызбен бөлісу: |