12 дәріс: Тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы Жоспар



бет7/8
Дата04.04.2022
өлшемі26,46 Kb.
#29801
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Лекция 12

Жарыс дегеніміз - адамдардың ӛзара байланыс жасау формасы.

Сондықтан да ол ұжымның, топтың ӛз ішінде адамдардың бір-бірімен

қатынасын ұштай түседі, оған бағыт-бағдар береді.

Еліктеу. Әлденені ӛзіне пір тұтып, саналы не санасыз түрдe соған

ұқсамақ болуды еліктеу дейді. Қоғамдық ӛмірде ол маңызды орын алады.

Мысалы, оқушы кинофильмде ӛзіне ұнаған бір кейіпкеріне еліктеп, соның

мінез-құлқын, жүріс-тұрысын, мимикасын ӛз бойына сіңіруге тырысады. Киім,

шаш қою, үйдегі мебель, қарым-қатынас мәнері - бұлардың бәрі де еліктеу

объектісі бола алады.

Еліктеу кӛпшілікке тән әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде қалай

дегенмен де топтағы, ұжымдағы адамдардын ӛзара қатынасынан да орын

алады. Ол сол бірлестікті құрайтын адамдардың ұқсас мінез-құлқының, іс-

әрекетінің қалыптасуына жағдай жасайды.

Бет алды еліктеу де, сондай-ақ ұшқалақтық жасап еліктеу де болады. Бұл

әсіресе жас балалар тобында жиі кездеседі. Бет алды еліктеу екі адамның

сӛйлесуінен де кӛрінеді. Сӛйлеу мәнерлері, сӛз саптауы ӛзіне жат ортаға тап

болған адам, біраз уақыттан кейін еріксіз түрде солардың әуенімен сӛйлеп

кететін болады. Сӛйтіп, еліктеу, басқа да әлеуметтік-психологиялық құбылыстармен бірге топтағы, ұжымдағы адамдардын, ӛзара қатынасының мазмұны және формасына айналады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет