12 дәріс: Тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы Жоспар


Қарым-қатынас психологиясы



бет4/8
Дата04.04.2022
өлшемі26,46 Kb.
#29801
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Лекция 12

2. Қарым-қатынас психологиясы.

Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың бірі – қарым-қатынас мәселесі. Қарым-қатынасқа түспей тұрып жеке адамды толық түсіну, оның адами қасиеттерін, дамып жетілуін талдау мүмкін емес. Сондықтан тұлғаның дамуында қарым-қатынастың орны ерекше.

Қарым-қатынассыз қоғам ыдырап кетеді. Адамның психикасы айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Қарым-қатынас жасау мүмкіндігінен айырылған адам ойдағыдай дами алмайды. Қарым – қатынас дегеніміз- тіл арқылы пікір алмасу. Адамдардың қарым-қатынасы ақпарат алмасудың жеке дара жағдайына айналады. Сӛйлеу құралдарымен қатар адамдарда қарым-қатынастың сӛзден тыс жолдары бар: келбет, ым, мимика т.б. Жануарлар дүниесінде келбет, сыртқы кӛрініс, дене құрылысы, түс, иіс мағыналы ақпараттық сигнал қызметін атқарады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам ӛмірнің болуы мүмкін емес.

Кез келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен "тілдесу" қажетін канағаттандырмау - біртіндеп оның мейірімсіз болып ӛсуіне, кішкентайынан айналасына деген сезімінің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүр.

Сӛйтіп, басқалармен қарым-қатынасқа түсу - қай жастағыларға болмасын, оған киім-кешек, баспана, ұйкы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым-қатынас жасай білу де сондай қажет Аристотель қарым-қатынасты қоғамдық ӛмірдің қажетті және жалпы кӛрінісі ретінде қарастырды. Ол алғаш рет қарым қатынас процесінің жалпы үлгісін (схемасын) жасаушы. Ӛзінің "Риторика" деген еңбегінде ұлы ойшыл: "...кез-келген қарым-қатынасқа кем дегенде үш элемент қажет. Олар: бет, сӛйлеу, құлақ" - деп кӛрсетті.

Қарым-қатынастың ішкі құрылымы да ӛте күрделі, оны шартты түрде үш жаққа бӛлуге болады: коммуникация, перцепция, интеракция. Біртұтас, ішкі бірлігі бұзылмас процесті біз ғылыми мақсатта, терең және жанжақты талдау үшін үшке бӛлеміз. Естен шығармайтын жайт: тіршілікте арақатынас – біркелкі, бұзылмайтын процесс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет