12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы



бет11/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Түп - бұл кітаптардың, брошюралардың, журналдардың парақтарының бекітілетін орны. Безендіру түріне қарай түп тік, жұмыр және доғалдау болып келеді.
Каптал – мұқабаның түбін бекітіп дайын кітапты безендіретін, арнайы материал бөліктері.
Өңірбеттер (форзац; нем. vorsatz - ортасынан бүктелген қағаз парағы) -бұлар әдетте кітап блогінің бірінші және соңғы беттеріне жапсырылатын екі-төрт беттік қағаз парағы. Өңірбеттер кітап блогын мұқаба қаптамасымен желім арқылы ұстастырып бекітуге және кітапты безендіру, сонымен қатар, анықтама материалдарын беруге арналған.
Түптеу материалы — блоктың түбіне жапсырылған таспа немесе дәке, ол блокты мұқабамен байланыстырып, оның беріктігін нығайтады. Кітап блогының тұстары (алдыңғы, жоғарғы және төменгі) қиындылар деп аталады.
Бетбелгі-таспа жібек матадан жасалынып, бір ұшы блоктың жоғарғы қиындысына бекітіледі, екінші ұшы блоктың ішінен өткізіліп, төменгі қиындының шетінен шығып тұрады. Кітапты пайдалануды оңайлату үшін қолданылады.
Титул — кітап туралы негізгі мәліметтер (авторы, атауы, баспа т.б.) келтірілген оның бірінші беті. Титулды әр уақытта мұқабаны ашқанда оң жаққа, көбінесе, өңірбеттен кейін орналастырылады. Егер титулдың сол жағына қандайда болмасын көркемсурет немесе бейне орналастырылса, оны фронтиспис, ал мәтін (мыс. шығармалар жинақтарында) орналасса, оны контртитул деп атайды.
Шмуцтитул (нем. лас титул) — ескі басылымдарда бас титулдың алдындағы ешнәрсе басылмаған ақ парақ оны бүлінуден сақтайтын болған.
Баспалық-тіркеу шығарылым мәліметтерінде басылымның таралымы мен көлемі, кітап басылған кәсіпорынның атауы, сонымен бірге библиографтарға, кітапханашыларға, баспа және кітап саудасы қызметкерлеріне кажетті басқа да мәліметтер келтіріледі. Бұл мәліметтер, әдетте, кітаптың соңғы бетіне, кейде титулдың келесі бетіне басылады.
Кітаптың беттерін жиыстыру - бұл өнімнің мәтіндерін теріп, мәтін және сызба-суреттерді белгілі үлгі бойынша жиыстырып, болашақ полиграфиялық өнімнің беттерін құрастыру. Өнімнің түрлеріне сәйкес кітап, журнал және газет беттерін құрастыру алғашқы қатардағы және аяқтаушы беттер болып бөлінеді.
Бастапқы немесе алғашқы беттерін жиыстыру - кітаптың бөлімдері мен тарауларын көрнекті етіп ең жоғарғы шетіне орналастырып, ал мәтіндерді біраз төмен түсіріп барып бастайды.
Кейбір, әсіресе, көркем-әдеби басылымдарда бұл бос орындар ою-өрнекпен немесе әдеби шығармалардағы іс әрекеттің, оқиға желісінің дамуы туралы суреттермен толтырылады. Кітаптардың бөлімдері мен тарауларының соңғы беттерін аяқтаушы жиыстырып құрастыру деп атайды. Пішімдері бірдей, түгелдей мәтінмен немесе сурет аралас мәтінмен толтырылған және басқа барлық жиыстырып құрастырулар қатарлы деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет