12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Басу процестерінің түрлері, дамуы мен қолданылуы



бет14/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   183
1.4. Басу процестерінің түрлері, дамуы мен қолданылуы


Ғасырларға созылған басылым өнімін басу әдістері басылым қалып-тарының құрылымына сәйкес, негізгі: шығыңқы, ойыңқы және жазық басылымдар болып үш топқа бөлінеді. Мұнда жазық басылымның ерекшеліктері, яғни қалыптарда басылатын (1) және ашық (2) элементтері іс жүзінде бір жазықтықтың бетінде орналасып, өңдеудің нәтижесінде олар әртүрлі: бірінші - олеофильді (майлы бояуды қабылдау), екіншісі - гидрофильді (су немесе ертіндіні қабылдау) сияқты физика-химиялық қасиеттеріне ие болды. Өнім басу процесінде басылым қалыбының бетіне ылғал немесе ертінді (3) (сирек спирт қосылған ертінділер) беріледі, оны тек қана гидрофильді ашық элементтері қабылдайды. Содан кейін қалыпқа майлы бояу (4) жағылады, оны олеофильді баспа-таңба беретін элементтер қабылдайды. Басылатын элементтер (майлы бояулар) және ашық элементтердегі ылғалмен бірге офсеттік цилиндрге беріледі, ал офсеттік цилиндр ылғалды да, бояуды да қағазға береді. Мұнда бояу баспа табақ қағаздың бетіне барлық аумағында бірдей қалыңдықта жұғады, ал ылғал болса кеуіп үлгереді.
1. Олеофильді элемент
2. Гидрофильді элемент
3. Ылғал
4. Майлы бояу


Жазық басылым қалыбының қиындысы мен оның баспа-таңба алу сұлбалық бейнесі


Шығыңқы басылымның ерекшіліктері, яғни қалыптың басылатын (1) (бояуды қабылдап баспа-таңба беретін) элементтері жоғары, бір жазықтықтың бойында орналасқан, ал баспа-таңба бермейтін (2) (бояуды қабылдамайтын) элементтері өздерінің аумақтарына сәйкес (әртүрлі көлемде ойынқы) төмен орналасқан. Өнім басу процесінде басылатын элементтер бір жазықтықта орналасқандықтан, бояу (3) іс жүзінде қағаз бетінің кез-келген нүктесінде бірдей қалыңдықта жұғады.

1. Бояу қабылдайтын элемент


2. Бояуды қабылдамайтын элемент
3. Бояу


Шығыңқы басылым қалыбының қиындысы мен оның баспа-таңба алу сұлбалық бейнесі


Ойыңқы басылымның ерекшіліктері, яғни қалыптың басылатын (1) (бояуды қабылдап баспа-таңба беретін) элементтері төменгі әртүрлі деңгейде орналасқан, ал баспа-таңба бермейтін (2) элементтері бір жазықтықтың бойында жатады немесе қалыпты цилиндрдің бетінде орналасқан. Ойыңқы басылымда басылым қалыбы цехта цилиндрдің бетінде даярланады. Басу процесінде цилиндрдің төменгі жағы сұйық бояу құйылған ыдыстағы бояуға батып тұрады. Цилиндр айналғанда оның бетіндегі артық бояу арнайы пышақ (ракель) арқылы сыпырылып, сұйық бояулар ыдысқа тамшылап жатады, ал баспа-таңба беретін бояулар (3) ұңғыланған ұяларда қалып, кағазбен беттескенде қағаз бетіне ауысады. Ұңғыланып басылатын элементтер дейгейінің әртүрлі болуына байланысты, қағаз бетінде алынған баспа-таңбаның қалыңдығы да түрліше болады.

1. Баспа- таңба беретін элемент
2.Баспа–таңба бермейтін элемент
3. Бояу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет