12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Колонтитул (фр. Colonne –



бет12/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Колонтитул (фр. Colonneқатар, лат, titulusжазу, тақырып) - кітап бетіндегі мәтіндердің жоғарғы жағына орналасқан терім жол, сол беттегі мәтіннің мағынасы осы жолға сәйкес болуы қажет.
Колонцифр - кітап бетінің реттік санын көрсететін цифр. Ол беттің төменгі оң жақ бұрышында, не ортасында өте сирек мәттіннің жоғарғы жағына орналастырылады.
Сигнатура (лат. signatura - жазу) - кітап блогындағы жиыстырылған дәптерлердің реттік саны. Ол дәптерлердің қырына цифр және төртбұрыш немесе дөңгелек белгі ретінде орналастырады. Сонымен қатар, ол - мәтіннің сол жақ төменгі бұрышына, цифр, автор мен кітаптың атауы жазылған мәтін жол. Сигнатура блок дәптерлерінің дұрыс жиыстырылғанын тексеруге арналған.
Кейде кітаптарға сыртқаптама кигізіледі, ол қағаздан немесе мөлдір синтетикалық пленкадан жасалынады. Кейде кітаптарды бандерольмен (қағаз белдемемен) қаптайды. Сыртқаптама мен бандерольдарды брошюраларға да қолданады, бұл мұқаба мен қаптаманы қорғайды, басылымның жалпы безендіруін толықтырып, жарнама қызметін атқарады. Кейбір басылымдарды қынаптарға салады, бұл оларды баспаханадан кітап сөресіне жеткенше жолда бүлінуден қорғайды. Кітаптардың, брошюралардың, журналдардың мәтіндік өнімдерін көркемдейтін бейнелеуші ақпаратты, кейде, негізгі мәтіннен бөліп алып, біртүсті немесе түрлі-түсті етіп жеке басады да, біріктіріп, кітапты түпкілікті шығарарда қосымша, жап-сырма, ендірме, өңірбет түрлерінде орналастырады.


1.3. Кітап басып шығару процесінің негізгі кезеңдері

Кітап шығарудың біздің заманымызға дейін келіп жеткен және соңғы кездерге дейін бірден-бір болып келген жалпы сұлбасы: автор-баспагер-басушы-түптеуші-кітап сатушы.


Автор — кітап жасаудағы басты тұлға. Ал баспа және баспахана - кітап, газет, журнал, плакаттар және басқа да өнімдерді редакциялап баспаханаға дайындайтын мекеме. Өнім шығару процесі мынандай үш үлкен кезеңге бөлінеді:
Бірінші кезең — бұл мазмұны жағынан құнды шығарма (көркем, техникалық, оқулық т.б.) жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет