12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Металдандырылған бояулармен



бет108/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Металдандырылған бояулармен басудың мәнісі бояйтын заттың тығыздығы байланыстырғыштың тығыздығынан, шамамен, 3 және 9 есе артық болады, осыған байланысты қолдануға даяр бояулар тараныс таппайды, өйткені ыдыстың түбінде тығыз тұнбаның шөгуіне байланысты бояулар тез қатпарланады. Металдандырылған бояуларды құрамында кеппейтін байланыстырғыш көлемі өте төмен қатты пластиналар түрінде шығарады. Қолданар алдында пастаны күшті олифамен сұйылтады, жабысқақтығын арттырып, ағылуын азайту және баспа-таңбаға тез бекіту үшін кобальт сиккатив енгізеді. Қолдану үшін даярланған металдандырылған бояудың қоры өте аз болуы керек, өйткені байланыстырғыштың тез полимерленуі бояудың басылым қасиеттерінің нашарлауына, тіпті бір-екі тәуліктен соң олардың жоғалуына алып келеді.


13.4. Өңдеудің механикалық тәсілдері

Парақтық баспа өнімдерін механикалық өңдеу деп, жартылай өнімдерге олардың фактуралары мен конфигурацияларын өзгерту, жыртылуға беріктігін азайту мақсатымен күш қолданып әсер етудің барлық тәсілдерін айтады. Төменде қарастырылатын өңдеу тәсілдері олардың қағаз бен қатырмаға механикалық әсер ету дәрежелерінің өсу тәртібімен орналастырылған. Дестеде тұрған парақтарды кесу және көлемді жартылай даяр өнімдерге механикалық әсер етудің барлық жұмыстары кітапшалау-түптеу процестерінің технологиясына катысты бөлімдерде қарастырылады.


Сапалы материалдарға ерекше өрнек салу (гренирование (торширование)) - бұл жұқа рулондык немесе парақтың материалдың және баспа-таңбалардың фактурасын өзгерту немесе оларға белгілі бедер салу. Ол қағаз бен қатырманың арнайы түрлерін шығарғанда, мәртебелі тауарлардың қаптамаларын өндіруде және сирегірек - жоғарғы сапалы репродукциялар мен ашықхаттар даярлауда қолданылады. Сапалы материалдарға өрнек салу технологиясы көп жағынан конгревтік өрнектеу технологиясына ұқсас, бірақ материалдың немесе баспа-таңбаның бетінің үстінің бедерінің көлемі үлкен емес, әдетте өңделуші материалдың қалыңдығынан кіші болады.
Бүгіліміз салу - бұл жұқа парақ материалға (3мм дейінгі) немесе бүктелінуші дәптерге жартылай өнімнің келесі операцияларда бүгілуін жеңілдету үшін тік ойық-шығыңқы сызықтар жүргізу болып табылады. Бүгіліміз салу қатырма қаптама мен ыдыстарды өндіруде, құттықтау ашықхаттарына, шақыру билеттерін, уақытша өтуге рұқсат қағаздар, ал кітапшалау-түптеу процестерінде - кітап басылымдары үшін тыстама, 6 түрдегі қатырма түптеу қаптарын, түрлшіе құжаттар үшін папкалар т.т. шығарарда қолданылады. Ол материалдың немесе жартылай даяр өнімнің қалыңдығының үлкендігінен, қаттылығынан бүктемені қажетті дәлдік пен сыртқы пішінде алу үшін қажет.
Бүгіліміз 2УПБ-500 типті әмбебап перфорациялау - бүгіліміз салу станоктарында (Харьков БМЗ, Украина) немесе бүктемелеу машиналарының секцияларында салынады. Әмбебап станоктарда бүгіліміз жалпақ етпейтін пышақ және ойығы бар тіреуіш пленкамен, ал бүктеу машиналарында диск аспабы және екі тіреуіш дискімен жасалынады.
Бүгіліміз салу станогі мен бүктеу машиналарының бөлімдерінің бүктегіш аспаптарын қайта жасақтағанда бүгіліміздің тереңдігі мен екі өңдеуші материалдың қалыңдығы және беріктік қасиеттеріне, ал бүгіліміз немесе бүгіліміздер оның жоғарғы жиегіне сәйкестендіріліп орналастырылады.
Бүгіліміздің тереңдігі жабдықты реттестірудің маңызды көрсеткіші болып табылады, өйткені жартылай даяр өнім мен бұйымның сыртқы пішіні мен беріктігін сол анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет