Бояусызөрнектеу - бұл бейнені баспа-таңбалардың (қағаздың) қысым мен қыздырудың әсерінен деформациялануы есебінен алу процесі. Баспа-таңбаны жоғарғы болат білігіне сурет салынған күнтізбе арқылы енгізеді. Суреттің сипатына карай оны алу процесі дәндеу деп аталады, оның себебі баспа-таңбаларында аралары шұңқыр майда дән шашылғандай бет пайда болады. Кітап-журналдардың тыстамалары, өңірбеттер, сурет репродукциялары, жарнама басылымдары дәндендіріледі. Сонымен бірге бейненің кейбір бөлімдері бедерлі немесе конгревтік өрнектелінеді, мысалы, түптің қаптамаларын, ашықхаттарды өңдеу үшін.
Баспа-таңбаларды нөмірлеу- даяр баспа-таңбаларға бірізді қайталанбайтын нөмірлерді басу. Бағалы қағаздарды, жүру билеттерін және басқа ұқсас аналогиялық өнімдерді нөмірлейді. Бұл жұмыс арнайы құрылғылар – нөмірлеушілердің көмегімен орындалады. Олар сандық жол құрайтын 0 ден 9 дейінгі сандардың бедерлі белгілері бар айналмалы дөңгелектер жүйесін құрайды. Әрбір баспа-таңбалардың нөмірі автоматты түрде өзгеріп отырады.
Перфорация- бұл бір сызықтың бойына бір-бірлеріне жақын тізбек болып орналасқан жеке парақтардан тұратын баспа-таңбалардың, қағаздың жұқа тобы мен қатырмаға көлемі онша үлкен емес қуыс сияқты дөңгелек немесе тік бұрышты тесіктер жасау. Қуыс тесіктер түріндегі перфорацияны бүктеме машиналарда және кітап-журнал ротацияларының бүктеуші аппараттарында, бүктеулерінде қабаттаулар мен ұзыны бойында қыртыстарды кетіру, дәптерлерді бүктемелеу мен сығымдау процестерде тұйық қуыстардан ауаның шығуын жеңілдету үшін қуыс тәріздес тесіктер түрінде орындайды. Ол бір жағы немесе екі жағы бірдей жонылған, жону бұрышы 20° және 30° дискілі тісті пышақтармен жасалады. Дискілі тісті пышақтардың толық жиынтығы тереңдіктері 1-ден 48мм, аралықтары 1-ден 5мм дейінгі қуыс тесіктер алуға мүмкіндік береді. Сәндік саңылауларды парақтық өнімнің пішіміне және өндіріс көлеміне қарай қол жетекті 2ГУПБ 500 типті жартылай автомат (Харьков 3ПМ, Украина) үстел үстіне қойылатын перфорациялық станоктарда және АР-600(Ренц машнненбау фирмасының (Германия) немесе ЕхЗ 80/610/700 («Джеймс Берн Интернэшнл» Швеция) автоматтарында іске асырады. Автоматтардың жұмыс жылдамдығы 80 нен 140 цикл/мин.
Перфорациялау жабдығында орындаушы аспаптар бірнеше пуассон бекітілген металл корпустан тұратын перфорациялаушы тарақтан және онымен косақта істейтін перфорациялаушы машина, кішкентай қуысы бар қалыптары тарақтың пуассондарын қайталайтын ұзына бойы тесіктері бар пластина болып табылады. Перфорациялау процесінде перфорациялаушы матрица қозғалмайды, ал перфорациялаушы табақ қайтармалы-ілгері қимылдар жасайды, яғни кесудің пышақтық принципі қайталанады. Жабдықтың жиынтығында қалыптарын мөлшерлері ауыстырмалы перфорациялаушы аспаптар болады.