Трафареттік басылым басылатын материалға қалыңдығы 8 ден 100 мкм дейін бояу қабатын жағуға мүмкіндік береді, бұл толық жабылуды жоғарғы қаныққандық пен көлемді (дөңес) бейнелік тиімділік жасайтын бедер салуды қамтамасыз етеді. Ол кез-келген типтегі, кез-келген фактуралы және түптеу материал бетінің сіңіргіштік қабілетінде баспа бояуының тиісті дымқылданғыштық, жабысқақтық пен беку жылдамдығында қаптамаларды полиграфиялық безендіру үшін табысты қолданыла алады. Трафареттік басылымды материалдың фактурасының дөрекілігіне және нашар сіңіргіштігі мен дымқылданушылығына байланысты басылымның басқа тәсілдері бейненің жоғарғы сапалылығын қамтамасыз ете алмайтын жағдайларда да пайдаланады.
Қаптамаларға трафареттік басу ПТ2 типтегі станоктарда, баспа таңбаларды автоматты түсіретін МО 42/64 жартылай автоматтарында («Альберт-Франкенталь» фирмасы, Германия), «Альберт Европа» Н80 және басқа да әсерлі кептіру құрылғыларымен жабдықталған, 20 цикл/мин жылдамдығымен жұмыс істейтін автоматтарда орындалады.
Ойыңқы тампобасу - бояу қабатын ойыңқы басылым қалыбынан созылмалы тампонға, одан соң кез-келген қалып пен фактураның бетіне көшіріп басу. Мұқаба қаптамаларына ойыңқы тампобасу басудың арнайы түрлері жөніндегі Украин ҒЗИ жасап шығарған. Басу машиналары өлшемдері 84х108/32 ден 60х90/8 дейінгі қалыңдығы 0,5 тен 5мм дейінгі мұқаба қаптамаларын 50цикл/мин дейінгі жылдамдықпен жасап шығара алады. Түптеу кәсіпорнындағы өңдеу тәсілдері
Бояумен өрнектеу
Бедерлі
өрнектеу
Жазық-ойыңқы
өрнектеу
Фольгамен ыстық өрнектеу
Термодекалькомания. Мұқаба қаптамаларына лайықтап басудың бұл тәсілін жоғарыда аталған Украина ҒЗИ жасап шығарған. Оның мәнісі мынаған келіп тіреледі, уақытша қағаз астарға баспа бояулары жақсы жұғуы үшін кремний – органикалық сұйықпен өңделінген жоғарғы қысымдық полиэтиленнің ажыратылатын қабаты жағылады. Офсеттік тәсілмен (басылым қалыптарын сіл ғана ылғалдандырумен) көптүсті бейнені алғаннан соң баспа таңбалары кептіріледі де, оған терможелімнің жабысқақ қабаты жағылады. Бейне әдеттегі тигельдік алтындаушы престерде 1,0-1,5МПа қысым мен жоғарғы плитаның температурасы 70- 80°С жағдайында мұқаба қаптамасына көшіріледі.
Аппликация (лат.аррlicaffic - жапсарлас) – бұл өрнектер мен көркем бейнелерді мата немесе қағазға түрлі-түсті мата немесе қағаз қиындыларын жапсыру жолымен жасау тәсілі. Атының өзі айтып тұрғанындай, қаптамаларды аппликациямен безендіру - еңбекті көп қажет ететін, күрделі процесс, сондықтанда ол кейбір сыйға тартылатын және сәлемдемелік басылымдарды, сонымен бірге мекен-жайлық папкаларды безендіру үшін қолданылады. Aппликацияны қолмен орындағанда тек әр түрлі түсті ғана емес, әр түрлі фактуралы маталарды пайдалана отырып, кез-келген түрлі-түсті мозаикалық өрнек немесе көркем сурет жасауға болады. Қаптаманың жабын материалынан бөлек түсті материалдан аппликацияны механикаландыруға және жартылай автоматты алтындаушы престе орындауға болады. Ол үшін қажетті түсті түптеу материалын (мысалы, ледерин) іріктеп алады да, оның екінші жағына желім жағады, кептіреді де, орамдайды. Желім ретінде поливинилацетат дисперсиясын пайдалануға болады. Орамды фольга рулонының орнына алтындау пресінің фольга жүргізуші аппаратына орналастырады. 120°С дейін қыздырылған штамппен өрнектегенде мата мұқаба қаптамасы бетінің штамп батырылған жерлеріне желімделінеді де, осымен бір мезгілде бейненің контуры бойынша штамптың кескін жиектерімен кесілініп тасталынады. Мұндай өрнектің нәтижесінде қаптаманың реңінде басқа түсті материалдан бейне пайда болады.
Өрнектеу үшін жазық-ойық өрнектеу, жиектері кесетін (сурет мұндайда жазық болып шығады) немесе конгревтік өрнектеу үшін, мұнда да жиектері кесетін, (мұндайда сурет дөңес, бедерлі болып шығады) штамптарды пайдалану қажет.
Нақыштау (лат.inirustatio) - мұқаба қаптамасына немесе кез-келген затты қаптаманың немесе заттың бетіне ойып орналастырылған металдың, ағаштың, сүйектің, перламутрдың және осыларға ұқсас материалдардың бөліктерімен орындалған суретпен (жиірек өрнек сипатты) безендіру. Мұндай тәсілмен сәлемдемелік және сыйға тартылатын басылымдардың кейбір сирек даналары, мекен-жайлы папкалары безендіріледі. Нақыштау элементтерін сурет аумағына бекіту үшін алдымен ойлы-қырлы өрнектеп, одан соң тегіс бетке сурет элементтерін орналастыру ұсынылады. Пайдаланылатын материалдарға байланысты сурет элементтерін ПВАД (суытылмаған), сүйек желіммен (жоғарғы қоюлықтағы) және 88 НП мен БФ-2 желімдерімен бекітеді.