12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Бейнелі мөлдір пленка астына орналастыру



бет140/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Бейнелі мөлдір пленка астына орналастыру ақ тауарлардың, фотоальбомдардың, кляуссерлердің, жазу кітапшаларының және жарнамалық басылымдардың қаптамалары үшін де қолданылады. Түсті бейне (немесе мұқаба қаптамасының сырт жағы да осылайша безендірілетін болса, екі бейне) қаптаманың жағының бүкіл, расстав пен көмкермелерді қоспағанда, аумағын алады және штамп-электродтық қысушы жақтауының мөлшерінен 2-4 мм кішірек көлемде көмкеріледі. Ерітіп жабыстыру үшін иілімді немесе қатты мөлдір боямаған қалыңдығы 0,2-0,45 мм ПВХА пленка қолданылады.
Детальдарды жинақтау процесінде көп түсті бейне мен мөлдір пленка қаптама даярламасының үстіне салынады да, ал жинақтау процесінде пленка жоғарғы жиілікті пісірумен пісіріліп, кескірлердің сыртқы контурлары бойынша штамптың өткір қырларымен кесіледі. Бейненің дәл жайғастырылуын арнайы шаблон қамтамасыз етеді.


Қайталау үшін сұрақтар

1. Мұқаба қаптамаларын жіктеу.


2. Мұкаба каптамаларының құрылысы.


3. Мұкаба каптамаларын рулондық машиналарда даярлау кезектілігі.
4. Мұқаба қаптамаларын парақтық машиналарда даярлау.
5. Мұқаба каптамаларын кептіру процесіне ықпал жасаушы факторлар.
6. Әртүрлі басылымдар үшін мұқаба каптамаларын безендіру түрлерін айтып беріңдер.
7. Қаптамаларға өрнек салудың бояумен басудан өзгешелігі неде?
8. Мұқаба қаптамаларында трафареттік басу ерекшеліктері.
9. Қандай тәсілді қаптамаларды көркем безендіруге жатқызуға болады?


15.6. Кітап блоктарын мұқаба қаптамаларына енгізу және
кітап даярлаудың қорытынды операциялары

Мұқаба қаптамасы толық безендіріліп, блок қажетті даярлықтан өткеннен кейін олар біріктіріледі, бұл жайғастыру деп аталады. Блоктарды қаптамаға жайғастырудың төрт тәсілі белгілі: әдеттегі (өңірбеттерге), гильзаға, жабық және қаптамаларға. Жайғастырудың соңғы үш тәсілі аса сирек қолданылады, ол өйткені ТМД елдерінде шығарылатын кітаптардың басым көпшілігі үшін орындалуы оңай блоктарды өңірбеттерге жайғастыру әдісі қолданылады. Гильзаға жайғастьру мұқаба қаптамасының блокпен аса берік байланысуын қамтамасыз етеді, сондықтан да оны өлшемі мен көлемі үлкен, ұзақ уақыт және жиі пайдаланылатын, кітап блоктарының салмағы 1,5 кг болатын кітаптарды-энциклопедияларды, қалың сөздіктерді т.б. шығарғанда пайдаланған жөн. Арнайы шығарылған каптама папкаларының (көбінесе пластмасса) қалталарына жайғастыру жарнама материалдары мен ақ тауарларды: күнделіктерді, кітап типтес күнтізбелерді, қойын дәптерлерді, жазу кітапшаларын т.б. шығарғанда қолданылады. Кітап өндірісінде жабық қондыру қолданылмайды, өйткені кітаптың түбі мен беттерінің тегістігі пайдалану барысында қалыптарын тез жоғалтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет