Автоматтық желімдеу типтері. Блоктары желімдеу тәсілімен бекітілген мұқаба қаптамалы кітаптарды шығару үшін көптеген шетел фирмалары (мысалы «Колбус» және «Валенберг», ГДР, «Мюллер-Мартини, Швейцария: «Харрис, АҚШ, ЛБВ, бұрынғы ГДР т.б.) негізінен блоктар олардан жазық жиектелінген түппен шығатын желілер модельдерін шығарады. Бұл модульдер іріктегіш және тігусіз бекіту (жиектеп) машиналарынан тұрады немесе үш жақтан кесетін автоматтық машинаны біріктіреді: блоктарды өңдеу, қондыру, кітаптарды престеу мен штрихтау блоктары дәптерлер бойынша жіппен тігілген кітаптарды шығаруда қолданылатын модульдерде орындалады. Автоматтык желілер басылымның, материалдардың т.б. ерекшеліктеріне және басқа да жағдайларға сәйкес келетін басылымның, материалдардың т.т. ерекшеліктеріне және басқа да жағдайларға сәйкес келетін жеке тапсырыстар бойынша қалыптастырылады. Олар екі нұсқада да шығарыла алады:
- блоктарды жинақтаудан бастап дайын кітаптарды қаттамаға жинауға дейін бүкіл процестің технологиялық операцияларын (мұқаба қаптамаларын даярлау және безендіруден басқаларын) үзіліссіз орындаумен;
- технологиялық процесті екі сатыда іс жүзінде үзіліспен (әдетте 3 тен 24 сағатқа дейінгі) екі желіде орындаумен. Бірінші саты кітап блоктарын даярлау, екіншісі - блоктарды өңдеу, қаптамаға қондыру, престеу және штрихтау.
Процесті бөлу түпте оны механикалық өңдеу кезінде қажетті беріктік
пен иілімділікті қажет ететін желім пленкасының түзілуіне мүмкіндік береді. Бірақ мұндайда өндіріс процесінің ұзақтығы, оның еңбек сыйымдылығы артады (блокты қабылдау, оларды төсемеге жайғастыру және желінің екінші бөлігін қосу жөніндегі қосымша қол еңбегінің есебінен) және даяр блоктарды жинау үшін көп қосымша орын қажет болады.
Желілер сонымен бірге өнімділіктері, технологиялық мүмкіндіктері желінің құрамына енетін жабдықтардың құрылыс ерекшеліктері және басқа да көрсеткіштері бойынша ажыратылады. Ірі полиграфиялық кәсіпорындарда кейінгі жылдары әдетте басу-өңдеу желілері деп аталынатын автоматтық басу – кітапшалау желілері орнатылуда, оларда мұқаба қаптамаларын шығарудағы басудан бастап дайын басылымдардың орамдауға дейінгі ең еңбекті көп қажет ететін процестер автоматтандырылған. Мұқаба қаптамаларын даярлау мен безендіру операциялық жабдықта іске асырылады. Мұндай желілерде әр түрлі өлшем мен көлемдердегі, бірақ блоктары желіммен бекітілген кітаптар шығаруға болады. Басу-кітапшалау-түптеу желілері әдетте үш бөліктен тұрады:
1. Бірциклдік рулондық басу машинасы (тұрақты немесе ауыспалы қалып тасымаладғышпен) тыстамалы кітаптарды (блоктары жинақтаумен бекітілген) шығару үшін басу-кітапшалау желілерінде қолданылады.
2. Блоктарды жиектеп және өңірбеттерді тігусіз бекітетін кітапшалау желісі, диспресиялық желім үшін желімдеу аппаратымен, кептіру құрылғысымен және блоктарды үш жақтан кесу машинасымен жабдықталған.
3. Блоктарды қаптамаларға қондыратын, кітаптарды престеу және штрихтау мен жинақтау үшін түптеу құралы.
Түбінің құрылысы күрделі кітаптарды шығару үшін қосымша тиісті жабдық жасақталуға тиіс, яғни осындай желілер үшін арнайы шығарылатын бір циклдік басу машиналардан басқа мұндай желілердің құрамдарына кітапшалау-түптеу желілерінде пайдаланылатын жабдық та ене алады.
Мұндай желілерді қолдану ең еңбекті көп кажет ететін басу және кіташпалу-түптеу процестерін автоматтандырып, кітап өнімдерін шығаруды түбірімен өзгертеді. Оның үстіне, жартылай өнімдерді тасымалдау мен сақтау жойылады, қағаздың техникалық қалдық шығындары азаяды, кітап таралымын шығарудың өндірістік циклі қысқарады, сонымен бірге еңбек шығындары, жұмыс істеушілер саны мен қажетті өндіріс аймағы азаяды.
Желілердің негізгі кемшіліктері: блоктарды тек тігінсіз бекіту тәсілінің қолданылуы кітаптардың беріктігі мен пайдалану ұзақтығын азайтады (дәптерлер бойынша жіппен тігу немесе аралас тәсілмен салыстырғанда); кітап блоктарының ең аз беттілігін шектеу, жабдықтардың қымбат тұратындығы. Қарастырылған желілерді кейбір шетелдік фирмалар шығарады, бірақ олар жазық офсеттік басылым тәсілін пайдаланатын желілерді жасау жөніндегі жұмыстардың жүргізіліп жатқандығына қарамастаи, біздің елімізде әзірге қолданылмай келеді.