12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы



бет146/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Қайталау үшін сұрақтар

1. Кітапшалау-түптеу процесінде қандай ағынды желілер қолданылады?


2. Ағынды желілердің жіктелуі.
3. Автоматты желілердің типтері.

XVI. Полиграфия өндірісі дамуының негізгі бағыттары, қоршаған ортаны қорғау және еңбек қауіпсіздігі


16.1. Полиграфия өндірісінің негізгі даму бағыттары

Тұтынушылардың баспа өнімдеріне деген мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған өнеркәсіптің ерекше саласы полиграфия болып табылады. Қазірге бұқаралық коммуникациялар құралдарымен бірге білімнің, ақпараттың, адамзаттың мәдени мұраларының таратушысы бола тұрып полиграфия күннен-күнге жарнама және жарнамалау-орамдау өнімдерін шығару аясында да өз маңыздылығын арттыра түсуде. Әлеуметтік маңызды болуына байланысты, бұл сала қоғамның әлеуметтік-экономикалық қамтамасыз етілуіне, оның дамуға деген мүдделлігімен тікелей тәуелді. Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасуы, оқу, ғылыми, ақпараттық және өнеркәсіптік өнімдердің төл, базасын құруға деген қажеттілік отандық бизнесті полиграфиялық өндірісті жаңғыртуға, саланың әлемдік бизнестегі бәсекеге қаблеттілігін арттыруға, қаржы салуға ынталандыруда. Осылардың барлығы ескі мемлекеттік кәсіпорындарды жаңғыртуға және жаңа корпоративтік немесе жеке кәсіпорындарды ашуға жағдай туғызады, ал олардың негізгі міндеті елдегі баспа өнімдерінің тапшылығын жою болып табылады.


ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша, целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің саласында 11160 компания бар да, оларда 8,3 мың адам жұмыс істейді. Өнеркәсіп өндірісінің құрылымында целлюлоза-қағаз өнеркәсібі мен баспа ісінің үлесі 1%, бұл ағаш өңдеу саласының үлесінен 5 есе артық.
Полиграфия өнімдері мен орама-қаптама өндірісі елде жедел қарқынмен өсіп келеді, шамасы, бұл үрдіс басқа салалардағы өндіріс көлемдерінің артуына байланысты алдағы уақытта да сақталынып қалмақшы. Қазіргі уақытта Қазақстан компаниялары офсет салаларындағы нарық қажеттілігінің 90%, орамдау саласындағы жөнінен кемінде 50% қанағаттандырып отыр. Соған қарамастан, таяудағы бес жыл ішінде орамдаg шығаратын отандық кәсіпорындар жаңа құрал-жабдықтар сатып алу есебінен орамдау материалдарына сұраныстың өсуін есептегеннің өзінде де, нарық сұраныстарын толық қанағаттандыра алады деп толық айтуға болады. Бұған 2003 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келе жатқан KazUpak және KazPrint Media көрмелері үлкен себеп болуда.
Бұл шаралардың өткізілуінің мақсаты орамдау және полиграфиялық өнеркәсіптің дамуына қолдау көрсету, салаға инвестициялар тарту, жаңа технологиялар алмасу болып табылады. Көрмелер Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің, Индустрия және сауда министрлігінің, Алматы қалалық әкімдігінің, ҚР полиграфистер қауымдастығы мен дизайнерлер одағының қамқорлығымен өткізілуде. Оларда 80-ге таяу компаниялардың - 50 пайызы Қазақстандық, 30 пайызы ТМД елдерінің және 20 пайызы алыс шетелдердің стендтері қойылған. Соңғыларының ішінде Ұлыбританияның, Германияның, Қытайдың, Кореяның, Нидерландының, Швейцарияның өндірушілері бар.
KazUpak-та орамдау материалдары, қаптама, 20% орама және жапсырма индустриясы үшін құрал-жабдықтар мен технология, даяр орамдау бұйымдары, оларды шығару үшін шикізат, материалдар мен технология көрсетіледі. KazPrint Media-да өз өнімдерін көрсетуші компаниялар басылымның барлық тәсілдері мен түрлері үшін басу машиналары мен баспа құрал-жабдықтарын, оларға қосалқы бөлшектер мен шығын материалдарын әкеледі. Осы көрмелердің тұрақты, қатысушыларының қатарына Atdesiqn, Avva Packinq,Berqer, Finish Mark, Lntellservice, «Қазақстан қағазы», «Корус», «Полиграф Спектр», KoreaShop т.б. жатқызуға болады.
KazUpak/ KazPrunt Media 2005 шеңберінде презентациялар, мастер-кластар мен семинарлар өткізіліп, олардың барысында индустрияның қазіргі ахуалы мен даму перспективалары, полиграфия, жарнама және орамдарды маркерлеу саласындағы заңнама мәселелері талқыланып, пікір алысады. Бұдан басқа көрмелерде ҚР баспаханалары мен жарнама агенттіктерінің өнімдері де көрсетіледі.
Қазақстан полиграфиясының жаңғыру және одан әрі карай даму бағыты бұл саладағы көшбасшылардың техника мен жаңа технологияны жасаудағы қол жегкізген табыстарымен белгіленеді.
Ақпаратты беру мен өңдеудің сандық әдістері, Work-flow саласындағы жаңа жетістіктердің негізінде жұмыс ағынын ұйымдастыру жүйелерінің енгізілуі басылуға дейінгі өңдеуде сенімді, жоғарғы өнімділікті технологиялық өндірісті жасау мүмкіндіктерін ашып отыр.
Басылым қалыптарын сандық әдістермен дайындаудың осы саладағы техниканы әлемдегі ең азат шығарушылар (AGFA, FUDGiFiLm, HEIDELBERG, PResSTEK ж.т) ұсынған жаңа жетістіктерді салаға енгізу отандық полиграфияны баспа өнімдеріне сапа жағынан және басқа да параметрлері жөнінен де қойылатын қазіргі талаптар деңгейіне көтереді.
Қазақстан нарығында ұсынылатын басу және басудан кейінгі құрал-жабдықтардың кең шоғыры қазіргі жоғарғы технологиялық машиналармен келген кәсіпорында жабдықтауға мүмкіндік береді. Бұлар шағын және орта баспаханалар үшін еуропалық және ресейлік фирмалар - Heidelbrq (Австрия), Adast (Чехия), КВА (Германия), Edale (Ұлыбритания), Gramex (Ресей) - шығаратын офсеттік және флексографиялық басылымдардың шағын және орта форматты машиналары, сонымен бірге Қытайдан «Gronhi», Жапониядан «Oliver», «Hamada» жабдықтары болулары мүмкін.
Полиграфия өндірісінде өндірістік, жапсырма және жарнама -орамдау өнімдерін басудың алатын орны зор. Бұл өнімдерді шығаратын мамандандырылған кәсіпорындар қуатты жабдықтарды және басудың офсеттік, флексографиялық, ойыңқы басу сияқты классикалық; трафареттік, шелкография, тампондық т.б. - арнайы басу әдістерін қажет етеді. Ірі мамандандырылған баспаханаларға нарық толық форматтық, басу сапасы мен еңбек өнімдерін өте жоғары MAN Roland корпорациясының Koland 700, KomokTi корпорациясының Lithrone S40, Heidelverq фирмасының Speedmaster SM-102 және CD-102, КВА-ның Rapida 162 және Rapida 900 және басқа да басу машиналырын ұсынады. Мұндай құрал-жабдық жылдамдықпен жақсы басу сапасын қамтамасыз ету үшін басу процесін басқарушы электрондық құралдармен, өнімді басудан кейін өңдеу-лактау, нөмірлеу, металдандырылған бояулармен басу үшін қосымша секциялармен жабдықталады.
Полиграфия өндірісінің даму болашағы зор бағдарларының бірі таралымдары аз (1 ден 500 данаға дейін) жедел басу қызметтерін көрсету болып табылады. Бұл сала үшін техника мен технология жасап шығарушылардың көшін бастаушылардың сандық басу машиналарын шығарушысы XEROX болып саналады.
Сандық басылым полиграфиялық индустриядағы ең жедел технология. Құжаттарды тікелей компьютерден, аралық қалыптау процестерінсіз басу мүмкіндігі қазіргі бизнестің мұқтаждықтарына сәйкес келеді, бірнеше маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Сандық басылымның айырмашылықтарына жоғарғы жеделділігін, сапасының тұрақтылығы, өзгермелі мәліметтерді басу мүмкіншілігін, баспа-таңбаларының тұрақтылығын, материалдардың көптеген түрлеріне басу мүмкіндігін, өңдеу және кітапшалау құрал-жабдықтарымен қосақтау мүмкіндігін жатқызуға болады.
Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін басталған Қазақстан полиграфиясының жаңа тұжырымдамасы осы саладағы әлемдік көшбасшылардың жетістіктеріне арқа сүйейді. Отандық өндіріске дамушы елдің және оның экономикасының қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін барлық жаңалықтарды енгізу – Қазақстанның полиграфия өндірісін дамытудағы бірінші міндеті. Қазақстан полиграфиясының қалыптасуында қоғамдық коммерциялық емес заңды тұлғалардың бірлестігі – Қазақстан полигоафистерінің қауымдастығы үлкен роль атқарады. Бұл бірлестіктің қызметі үкімет пен президент әкімшілігінің, банктердің, салалық министрліктердің өкілдерімен бірлесе отырып, салада жиналып қалған проблемаларды шешуге зор үлес қосып келеді, сонымен бірге ол кәсіпкерлерге технологиялық және салааралық қолдау көрсетіп, оның мәртебесін көтеруде.
Полиграфия саласының басты проблемаларының бірі білікті кадрлардың тапшылығы болып табылады. Қазақстан Республикасында полиграфия саласына кадрларды мына оқу орындары даярлап келеді: №5 Алматы кәсіби лицейі (1978 ж техникалық училище) - республикадағы бірден-бір полиграфия саласы үшін жұмысшылар даярлайтын оқу орны. Бұл мәселемен Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық Университетінің «Полиграфия өндірісінің машиналары және технологиясы» кафедрасы (1994 ж.) айналысып келеді. Оқу саладағы бар әр түрлі өндірістік құрылымдарды, техниканы, сонымен бірге шығарылатын өнім түрлері мен оларды нарықта өткізу әдістерін ескере отырып жүргізіледі. Оқыту процесінде техниканың, медиалықты қоса, құрылысы мен қолданылуы туралы білім беріледі, экономикалық жағдайларды бағалау, нарық жағдайында жұмыс істеу қабілеттіліктері дамытылады. Жаңа техниканы енгізу өндірістік процестерді жобалау мәселелеріне көңіл бөлінеді. Оқу бағдарламалары мен жоспарлары теориялык және практикалық дайындык мазмұндарын ұштастырады, дипломдық жобалау қарастырылған.
Оқу курсын меңгерген және диплом алған инженерлер шағын және орта кәсіпорындарда басшылар ретінде жұмысқа орналасуда. Ірі кәсіпорындарда инженерлер орта буын лауазымдарына иелік етуде. Мысалы, өндірістік бөлім бастығы, сату бөлімінің инженерлері, өндірісті жоспарлау бөлімінің қызметкері т.б. осыған ұқсас лауазымдарға олар полиграфиямен байланысты салаларда да иелік ете алады.
Баспа өнімдерінің жоғарғы сапасын және жоғарғы өнімділікті қамтамасыз ету қажеттілігі қазіргі кезде офсеттік басылым машиналарының дәлдігі мен сенімділігіне жоғарғы талаптар қойып отыр. Таралымды басу кезіндегі бояу қабатының қалыңдығы бойынша 0,00005 мм ең жоғарғы ауытқушылық немесе түсті бейнелерді бір-бірлеріне байланысты және парақтың жиегіне байланысты 0,02 мм ауытқушылық процесінің маңызды шарттары мен параметрлері болып табылады.
Мұндай нәтижелерге тек офсеттік басылымның негізгі процестерін зерттегенде, олардың нәтижелерін баспа құрал-жабдықтарын өндіруге енгізгенде ғана қол жеткізуге болады. Басу процесі мен басу машиналарының күрделілігі оларды жасау мен шығаруға көптеген сала мамандарының қатысуларын талап етеді. Полиграфия өндірісі саласында жаңа машиналармен технологияларды жасау ісіне Ресей мен ТМД елдерінің жетекші ғалымдары мен мамандары тартылуда.
Бір жағынан басу машиналарына қатысы жоқ жобалар шеңберіндегі зерттеулердің нәтижелерін полиграфиялық машина жасауға бейімдендіруге де болады. Екінші жағынан, фирма-шығарушылар, ғылыми-зерттеу институттары мен мекемелері тараптарынан басылым машиналары саласында жүргізіп жатқан зерттеулерінің пайдасы бар. Біріккен зерттеулер шеңберінде өнеркәсіп пен зерттеу орталықтарының ынтымақтастығы негізінде полиграфия өндірісінің одан әрі дамуы мен шығаратын өнімдерін жақсартуда бағытталған негізгі тақырыптар мен жобалар бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Эксперименттік және теориялық зерттеулер жүргізілгенде жаңа аспаптар, жүйелер мен құралдар қолданылады. Бірегей аспаптар мен құралдар жасап шығару проблемасы да бұл зерттеу жұмыстарының назарынан тыс қалып отырған жоқ.
Қазіргі кезде зерттеулердің негізгі бағыттары мен тақырыбы «Баспа машиналарын зерттеу қоғамының» мысалында былайша белгіленген:
• Құрал-жабдықтарды оңтайландыру, сонымен бірге сапасын арттыру және қамтамасыз ету үшін бояудың басу секцияларына берер кездегі реологиялық процестерімен бөлінуін зерттеу.
• Сапа мен процестің қауіпсіздігіне байланысты оңтайландыру үшін өндірістік қондырғыларды материалға түсетін статикалық және динамикалық жүктеме.
• Технология мен материалдарды оңтайландыру бойынша өтетін процестерді негіздеу және түсіну үшін физикалық және химиялық зерттеулер мен модельдеу.
• Полиграфиялық жүйелер түзу үшін жаңа материалдарды қолдану және жаңа инновациялық технологиялар мен процестерді кірістіру жөніндегі зерттеулер.
• Ақпараттық электрондық құралдарының даму үрдістерін ескеру және ақпараттық баспа құралдарының мультимедиалық коммуникация мен ақпарат басу кұраушы ретіндегі ролін арттыру үшін зерттеулер.
• Дәстүрлі басылым қалыптарынсыз басу әдістерін, оның ішінде қоспа полиграфиялық жүйелер құру кезінде жоғарғы сапасы түрлі-түсті басылым үшін маңызын зерттеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет