12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы



бет144/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Қайталау үшін сұрақтар

1. Блоктарды қаптамаларға қондыру мәні неде және бұл операция қалай орындалады?


2. Блоктарды мұқаба қаптамаларына қондыру тәсілдері.
3. Блоктарды қаптамаларға қондыру үшін қолданылатын желімдерге қандай талаптар қойылады?
4. Кітаптарды қондырудан кейін безендіруге енетін операциялар.
5. Өнімнің сапасы қалай анықталады?
6. Кітап-журнал өнімдерінің орамдалуына қойылатын талаптар.


15.7. Автоматтық ағын желілері

Басылудан кейінгі өңдеу оларда өнімді шығару үшін, әдетте көптеген технологиялық операциялар іске асырылатын процестерді біріктіреді. Процестердің әсерлілігі технологиялық операциялар орындалатын машиналардың (бұдан былай бұл машиналар «жұмыс модулі» деп аталады) өндірістік қуаттылықтарынан ғана емес, сонымен бірге осы жұмыс модульдерінің логистикалық модульдердің көмегімен өзара байланыс түрлерінен де тәуелді. Бұл процестің ішіндегі жұмыс модульдері өндіріске бағдарландырылған, яғни өңделінген жартылай даяр өнімдер келесі жұмыс модуліне беріледі. Жалғастырылған жұмыс модульдерінің бірізділігі «ағынды желі» терминімен белгіленеді. Басудан кейінгі өңдеу жұмыс модульдері мен ағынды желілердің (аралық қоймамен бөлінген бөліктер) бірігулерімен сипатталынады.


Кітапшалау-түптеу өндірісінде мынандай ағынды желілер қолданылады:

  • баспа-таңбалардан өңдеу мен түптеуге жарайтын парақтар даярлау

үшін кесу желілері;

  • бөлек шығарылатын блок дәптерлерін бекіту желілері. Бұл кітапшалау-түптеу желілері үш жақтан кесетін машинамен аяқталады;

- мұқаба қаптамасымен шығарылатын кітаптар үшін түптеу желілері, түптеу желілері қатты қаптамадағы кітап шығарумен аяқталады;
- кітаптар мен кітапшаларды жинақтаудан жөнелтілетін орамдауға дейін аяқтайтын өңдеу желілері.
Полиграфияда кітапшаларды өндіру үшін әр түрлі ағынды желілер колданылады. Шартты түрде ағын желілерін мынандай белгілеріне қарап жіктеуге болады:
1. Орындалатын жұмыстардың механикаландыруы мен автоматтандырылу дәрежесіне қарай:
а) механикаландырылған желілер;
б) автоматтандырылған желілер.
2. Құрылыстары бойынша:
а) жеке машиналардан тұратын желілер;
б) агрегаттар кезінде құрылған желілер.
3. Орындайтын операциялар кешеніне қарай:
а) кітапшалау-түптеу операцияларының кейбір бөлігін орындайтын
желілер;
б) түптеу желілері, мұнда кітап блогын өңдеуден бастап бүкіл (мұқаба қаптамаларын даярлаудан басқа) процесс орындалатын желілер;
в) кітапшалау-түптеу желілері, бумада блоктарды жинактаудан бастап кітап шығару жөніндегі барлық операциялар (мұқаба қаптамасын даярлаудан басқа) кешені орындалады;
г) кітап басудан бастап, оны шығарғанға дейінгі барлық операцияларды (мұқаба қаптамасын даярлаудан басқа) орындайтын кітапшалау-түптеу желілері;
4. Технологиялық белгілері мен блоктарды бекіту және оларды одан әрі өңдеу тәсіліне қарай:
а) дәптерлер бойынша жіппен тігілген блоктарды пайдаланушы желілер;
б) блоктарды бекітудің желімдік немесе құрама тәсілін қолданатын
желілер.
Ағынды желілер өңделуші блоктардың өлшемдері мен қалыңдықтарына, өнімділігі мен басқа да көрсеткіштеріне қарай ажыратылады. Бірақ әзірше ағынды желілер құрамына мұқаба қаптамасына жасайтын және оларды өңдейтін құрал-жабдық енгізілмей келеді. Бұл операциялар бөлек, дербес ағынды желіге біріктіруге болатын жабдықта орындалуда.
Әрбір ағынды желі кітаптардың құрылыстары, олардың өлшемдері мен көлемдері бойынша белгілі технологиялық мүмкіншіліктерімен сипатталады. Желі, дегенмен, құрылысы, өлшемі мен көлемі жағынан бір типті басылымдарды шығарғанда ең көп техникалық-экологиялық нәтиже береді. Себебі басқа басылымға көшкенде желі құрамына енетін барлық жабдықтарды қайта баптауды қажет етеді, ал бұл бүкіл желіні тоқтатуға алып келеді. Мұқаба қаптамалы кітаптар технологиялық орындау жағынан күрделі және сол себепті қымбат өнім болып табылады.
Көптеген операциялар жеке немесе ағынды желілерде модульдер ретінде жұмыс істей алатын машиналарда орындалады. Баспаханаларда ағынды желілер құрудың мысалы ретінде екі нұсқаны таңдап алуға болады. Жоғарғы көркемдіктегі (құрылысы күрделілігінің ең жоғарғы дәрежесі) блоктарыкың түбінің құрылысы күрделі кітаптарды шығарудың өндірістік жүйесі мынандай сұлба бойынша дайындалады:
- блоктарды жай және күрделі дәптерлерден жинақтау және түптеу материалынсыз жіппен дәптерлер бойынша тігу;
- блок түбін престеу және желімдеу, блокты кептіру және үш жағынан кесу;
- түпті жұмырлау және бүгілімдерін жазу;
- блоктың түбіне түптеу материалын жапсыру;
- қағаз жолағымен каптал жапсыру;
- мұқаба қаптамаларын даярлау және безендіру;
- блокты мұқаба қаптамасына қондыру;
- кітапты престеу және штрихтау.
Блок түптерінің құрылысы күрделі, дәптерлері бойынша жіппен тігілген кітаптарды даярлау үшін автоматтық ағынды желілер, әдетте, блок түптерін престеу мен желімдеуден бастап, кітаптарды штрихтау мен сөрелеуге, ал кейбір жағдайларда орындауға дейінгі операциялардың толық кешенін орындайды. Сөйтіп, бұл желілерді қолданғанда блоктарды жинақтау мен оларды дәптерлер бойынша жіппен тігу операциялық жабдықта орындалады.
Блоктар түптерінің құрылысы қарапайым, яғни блок түбі жазық әдептелінген, дәптерлер бойынша жіппен тігілген кітаптарды әдетте мынандай сұлба бойынша шығарады: қарапайым және күрделі дәптерлерден кітап блоктарын жинақтау, түптеу материалынсыз дәптерлер бойынша жіппен тігу, түпті желімдеу және клапандарын өңірбетке қайырып, түптеу материалымен жіктеу, блоктарды кептіру (немесе суыту) және оларды үш жағынан кесу, қатты отставты, мұқаба қаптамаларын даярлау және безендіру, блоктарды мұқаба қаптамаларына қондыру, кітаптарды престеу және штрихтау.
Кітаптарды автомат желілерде тігусіз бекіту мен шығару блоктарды жинақтаудан басталады. Мұндайда кейбір желілер үшін өңірбеттер шеткі дәптерлерге алдын-ала жапсырылмайды, блокты жинақтау кезінде дәптерлердің түптік бүгілмелерінің қиындысының көлеміне тең шегініспен орналастырылады. Сөйтіп, өңірбеттер блокпен оның парақтарының желім пленка және жиектеуші материалымен бекітілгені сияқты ешқандай шегініссіз бекітіледі. Өңірбеттің осылайша бекітілуі «өңірбет-блоктың шеткі парағы» байланысының беріктігін арттырады. Одан басқа өңірбеттердің блоқка оның түбін жиектеу кезінде жапсырылатын технологиялық нұсқада пайдаланылады. Мұндай жағдайда арнайы жабдықта алдын-ала «өңірбет торламалары» дегенді даярлайды, яғни жиектеу материалына екі бүгілген өңірбет желімдейді. Кейбір желілерде өңірбеттер шеткі дәптерлерге шегіндіріліп, терможелімнің жіңішке сызығымен желімделінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет