Цифровая печать - санды басылым — бейнелерді тікелей оларды басуға дейінгі сатыдан бейнелейтін сандық жиынтықтардан (файлдардан) алу.
Цифровая фотография - сандық фотография - нысандарды тікелей, бейнені астарға түсірусіз, жарықсезгіш ПЗС матрицалармен бейнеақпаратты сандық жиынтыққа өзгерту жолымен тіркеу.
Цифровая фотонаборная машина- сандық фототерім машинасы - фотопленкада немесе фотоқағазда таңбаларды сандық таңба генератордың белгілері бойынша фотографиялық жағу жолымен мәтін алу үшін сканерлеуші машина.
Цифровая цветопроба - сандық түссынама - оның көзі электрондық пішінде берілген бейне болып саналатын түссынамасы.
Частотно-контрастная характеристика (ЧКХ) - жиіліктік-контрастық сипаттама (ЖКС) - контрасты беру коэффициентінің бейнелеудің кеңістіктік жилігімен байланысы.
Частатный растр - жиіліктік растр - а) бір-бірлерінен оқшауландырылған, ара қашықтықтары түпнұсқа реңінің мағыналарымен анықталынатын көлемдері бірдей басу элементтері түзеген бейненің микрогеометриясы; б)элементтердің растрлық ұяшықтың биттік картасында жүйесіз орналасуынан құрылған құрылымдар.
Чистота цвета — түс тазалыгы — деректі жаңғыртудағы монохроматикалық (таза) және ақ түстердің арақатынастарының сипаттамасы.
Чистые цвета - таза түстер - а) ахроматикалық құрауышы жоқ түстер; б) полиграфиялық үштік бояуларын жеке және қосарлап жағумен алынатын түстер (қара: базалық түстер).
Четкость- анықтық - майда бөлшектер мен контурларды беру сапасын сипаттайды, бейненің ыдырау элементтерінің санымен анықталынады.
Шеберстова-Муррея-Девиса формуала - Шеберстов-Муррей-Девис формуласы-баспа-таңбасының оптикалық тығыздығының растрлық нүктелердің салыстырмалы аумағымен, бояу қабаты мен қағаздың оптикалық тызығдықтарымен қатаң аналитикалық байланысы.
Шкала квантования — кванттау шкаласы - бейнелерді сандық кодтауда реңнің үздіксіз аралығын ауыстыратын үзікті мағыналардың қатары; кодтаудың разрядтығына байланысты 26 ден 216 дейінгі деңгейі болады; НиС-ке тең контрастылықтың бейнебелгісі 28=256 деңгейлі;.