Штриховое (бинароное, двухуровневое) изображение — штрихтық (бинаралық, қосдеңгейлі) бейне – реңі қосмағыналы бейне.
Шумы квантования — кванттау шулары — реңнің оның түпнұсқадағы басты өзгеру бағытына перпендикуляр жолактар пішініндегі секірістері.
ШЦО - шкала цветового охвата - түс қамту шкаласы (ТҚТІІ).
Эвклидовы точки - эвклид нүктелері - өскен сайын өз қалыбын жарықтағы дөңгелектен орта реңдегі квадратқа (шахмат тақтаны құрып) айналдырушы, содан соң көлеңкелерді дөңгелек аралықтары бар жастық тәріздестендіруші растрлық нүктелер.
Эквивалентная линиатура - эквиваленттік линиатура - ортогоналдық растрға келтірілген дәстүрлі емес геометриялық тұрақты растрының кеңістіктік жиілігі, жеке аумақтық квадрат түбірінің теріс шамасымен бағаланады.
Экспозиция- жарықтылық пен жарықтандыру уақытының қосындысы.
Электронное растрирование - электрондық растрлау — жартылай реңдерді фотомеханикалық растрлық эффектті пайдаланусыз жаңғыртудың автотиптік тәсілін іске асыру; басу элементтерінің белгіленген аумағы мен пішіні оптикалык, трактта жарықтандырушы дақтың траекториясымен немесе қалыбымен, кескірдің қалыптың материалына ену дәрежесімен т.б. тәсілдерімен қамтамасыз етіледі.
Эллиптичность - эллипстілігі - тұрақты растрларды нүктелердің қалыптарының дөңгелек және төрт бұрыштылықтан ауытқу дәрежесі; реңнің орта реңдерде жанасуына серіктес болатын секірісінің байқалуын төмендетеді.
ЭЛТ - электроннолучевая трубка - электронсәулелік түтікше (ЭСТ).
Эффективность цвета - түстің тиімділігі — үштік бояудың спектрлік тазалығы мен түстерінің қаныққандығының жалпылама сипаттамасы, мұнда Д - интегралдық оптикалық тығыздықтық спектрдің қызыл, жасыл және көк аумақтарындағы минималдық, орташа және максималдық мағыналар.
Эффективный интервал – тиімді аралық - таралымда ең аз тұрақты жаңғыртылған ашық пен баспа элементті растрлық баспа-таңба жиектерінің оптикалық тығыздықтарының айырмасы.