12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы



бет65/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Қайталау үшін сұрақтар



  1. Басылым процесі нені білдіреді?

  2. Негізгі басылым әдістерін атаңдар.

  3. Шығыңқы және жазық басылым әдістерімен баспа-таңбасы қалай алынады?

  4. Ойыңқы басылым әдісінің ерекшелігі неде?

  5. Басылым процесіндегі қысымның мәні.

  6. Қысым қандай жағдайларға байланысты болады.

  7. Артық қысым қандай зиян әкеледі?

  8. Жеткіліксіз қысымның кемшілігі неде?

  9. Баспа-таңбадағы бояудың бекуіне анықтама бер.

  10. Баспа-таңбадағы бояудың беку жылдамдығы неге байланысты?

  11. Бояуды ішінара сіңіру нені білдіреді?

  12. Неге бояу булану және полимерленумен бекітіледі?

  13. Көп бояулы басылымда бояу қалай бекітіледі?



8.4. Басылым машиналары мен агрегаттар

Барлық басылым машиналарының орындайтын біртұтас процестік талаптарына сәйкес, құрылымдары бірдей болып келеді. Өнімді баспас бұрын, полиграфия өндірісінің қазіргі жағдайы, яғни, құрылысы, басу тәсілі, өнімнің және басатын материалдың түрлеріне қарай, әртүрлі болып келетін басылым машиналары мен агрегаттары туралы түсінік алу қажет.


Жоғарыда аталған белгілеріне қарамастан, барлық басылым қалыбына бояу беру, басылатын материалды беру, жоғары және ойыңқы басылымдарды тікелей бояу беру, ал офсеттік басылымда — резеңке маталы пластина арқылы байланыстыру, басылған материалды басу аймағынан шығару және дайын баспа-таңбаларды қабылдау процестері орындалады.
Соңғы жылдары басылым процестері мен құрал-жабдықтарда түбегейлі өзгерістер орын алды. Бұл, тек, түрлі-түсті компьютер принтерлері ғана емес, сериялық басылым машиналары саласында да, сандық (цифровая) технологиялардың пайда болуында да көрініс тапты.


Басылым машиналарының қондырғылары туралы негізгі түсініктер

Қағаз беретін жүйелер – бұлар бақылау-блокадалау (тежеу) механизмдерімен жасақталған пневматикалық және механикалық қондырғылардың кешені. Басылым машиналардың қағаз бергіш жүйелердің негізін пневматикалық парақ бөлгіш қондырғысы – қағаз бергіш аппараты құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет