Бір пышақты қағаз кесуші машинаның (Polar Моһг) технологиялық сұлбасы
Бір пышақты кесу машинасының жұмыс сұлбасы суретте берілген, мұндай машиналардың кесу ұзындығы мен механикаландырылу дәрежесі әртүрлі болады.
Кесу кезінде пышақ материалдың қарсыласуын жеңуі керек. Кесуге қарсылықты.анықтайтын негізгі факторлар:
кесілуші материалдың қасиеттері (қағаздың түрі, талшықтарының бағыты, ылғалдығы);
- буманы сипаттайтын мәліметтер (биіктігі, кесу ұзындығы);
- пышақтың құрылысы мен жағдайы (қайрау бұрышы, тозу дәрежесі);
- кесу процесінің барысында пышақтың қозғалу траекториясы.
Кесу типі пышақтың материалды кесу кезіндегі қозғалысымен анықталады. Тік-параллель кесу (тығыз материалды), көлбеу параллель, қисық параллель және көлбеу-параллель кесу (қылышпен) түрлері болады. Бір пышақты кесу пышақтарында пышақтың тек көлбеу-қисық қимылдауы ғана пайдаланылады, өйткені ол кесу кезінде көп күш жұмсауды қажет етпейді.
Бүктемелеудеген басылып шыққан парақ беттерін дұрыс орналастырып, оларды көп беттік дәптерлерге айналдыру процесі (бүгімдеу). Дәптер беттерінің саны мен құрылысы бұйымның сипатына байланысты және жолақтарды басу үшін салғанда белгіленеді. Кітап-журнал өнімдері үшін ең кеңінен қолданылатын бүктемелеу тәртібі - ол бүктеудің үш немесе төрт бүктеудің өзара перпендикулярлық тәртібі.
Парақ бір бүктегенде жартысынан бүгіледі, алынған дәптер екінші мәрте бүктелгенде екінші бүгу сызықтары біріншісінікіне перпендикуляр келетіндей етіп бүгіледі. Үшінші бүгіліс екіншісіне, төртіншісі үшіншісіне перпендикуляр келеді де, нәтижесінде бір төрт бүгілмелі дәптер алынады. Қолмен бүктеу қазіргі кезде бүктеу машинасы жоқ өте шағын кәсіпорындарда басылымды қағаздың ерекше сорттарына (тығыздығы аз немесе өте үлкен) басқан кезде қосалқы процесс ретінде қолданылады. Бүктеу машиналарының екі түрі бар - пышақты және кассеталы болады.
Кассеталы бүктеу принципі.Парақ үстіңгі және астыңғы біліктер арқылы бүктеу кассетасына енеді. Парақ артқы тіреуішке тіреледі де, нәтижесінде бүктеуші біліктердің айналуларының әсерінен қағаз төсемінен іліп бүктеледі. Содан соң айналып тұрған біліктер іліп әкетеді. Бүктеуші біліктер араларымен өткен кезде қатты қағазда бүгілім пайда болады.