12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы



бет112/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

14.1. Дәптерлер даярлау

Басылып шыққан кітап-журнал түріндегі жартылай даяр өнімдерді өңдеу процесі олардың басу цехынан кітапшалау цехына қандай түрде түсетіндіктеріне байланысты. Егер олар рулондық ротациялық машиналарынан бүктелінген және бумаға сығымдалынған күйде берілетін болса, парақтық машиналардан үлкен жеке парақтар түрінде шығады, оларды кітап-журналдық құрылымның алғашқы элементтері - дәптерлерге қалыптастыру қажет. Парақтарды кесу және бүктемелу алдында міндетті түрде итеру керек.


Қағазды екшеу - қағаз парағы басу процесінде алдыңғы және бүйір тұстарынан тіреуге қойылатын бумадағы қағаздарды өзара перпендикуляр жағынан теңестіру. Басылған парақтарды итеру оларды дәл кесу және кейіннен бүктемелеу үшін қажет, есептеу және кесер алдында таза қағаз парақтары да итеріледі. Итepy не қолмен, не арнайы итергіш машиналармен жасалынады. Парақтарды қолмен итеруді, әдетте, кесуші оларды қағаз кесуші машинаның столына (талерге) қағаз жайғастырған кезде орындайды. Бұл көп дене күшін жұмсауды қажет ететін операция.
Басылып шыққан парақтардың есебін алу технологиялық процестің әртүрлі кездеріндегі жартылай өнімдердің есебін дер кезінде алып отыру және басылымды толық таралыммен шығаруды қамтамасыз ету мақсатымен жүргізіледі.
Есептеудің бірнеше әдісі бар. Олардың ең қарапайымы - салмақтық әдіс, оның мәнісі парақ санын буманың салмағын бір парақтың орташа салмағына бөлу жолымен шығару. Екінші әдіс – парақтарды басу машиналарында есептеу, машинаға орнатылған сандық есептегіш машинаның әрбір жұмыс циклін де есептеп тұрады. Үшінші жол – несиелік билеттерді есептейтін машиналардың жұмыс принципі бойынша құрастырылған жылдам қозғалатын арнайы машиналармен есептеу. Бұл әдіс бір мәрте санағанда бумада бір-екі параққа қателеседі. Мұндай айырмашылық плакаттар, кітаптардың баспа табақтары, ашықхаттар т.б. үшін аса маңызды емес, ал қатаң есептегі өнімдер үшін жарамсыз. Сол себепті парақтардың нақтылы саны дәлме-дәл белгілі болуы қажет болған жағдайларда бұрынғы уақыт пен еңбекті көп қажет ететін әрі зеріктіретін қолмен есептеуді қолданады.
Итерілген қағаз парақтары қию және қажетті бөліктерге кесу операцияларына түседі.
«Парақтарды қию» деген терминді шеттері тік бұрышты және тегіс қажетті пішімдегі парақтар алу үшін қағаздың шеттерін кесіп тастау операциясы, ал «кесу» дегенді қағаз бумасын қажетті бөлік сандарына бөлу деп түсіну қажет. Қию және кесу операциялары бүктеу алдында басылған парақтарға, бейнелерге, форзацтарға, қаптамаларға және басқа да жартылай даяр өнімдерге қолданылады.
Кесу дегеніміз өңдеу процесінде материалдарды механикалық бөлу, ажырату.
Парақтар, рулондар мен қатырмалар, көпшілігінде, арнайы және дискілі пышақтарды қолданып кесіледі. Оралған рулондар мен парақтар одан әрі қарай өңдеуге қажетті немесе түпкілікті пайдалануға қажетті көлемдер бойынша жеке немесе бумада кесіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет