Пышақпен бүктеу принципі.Бүктелетін парақ бүктеуші пышақ пен бүктеуші біліктердің арасына беріледі. Бүктеу пышағы парақты бүктеуші біліктердің араларынан өткеннен кейін тіреуішке тіреледі де олардың араларынан өткен кезде бүгілім пайда болады. Бүгілімдердің өзара орналасуларына қарай бүктеуді өзара перпендикулярлы, параллель және аралас деп бөледі. Өзара перепендикуляр және аралас бүктеулер жиірек, ал параллель бүктеу сирегірек, буклеттер, бағдарламалар, проспектілер т.б. шығарғанда қолданылады.
Дәптерлерді қысып бумалау. Дәптерлерді қысып бумалау және қалыптастыру операциясы бүктемелеу операциясынан кейін басталады және дәптердің бүгілімдерін қысып бумалауды, бүгіліс жерлеріндегі деформацияларды бекітуді, тасымалдау мен сақтауды жеңілдетуді қарастырады. Бүктемелеу процесінде ішкі кернеу пайда болып, ол парактың алғашқы пішінін бұрынғы қалпына қайтаруға тырысады, нәтижесінде дәптерлердің бүгілген жерлеріндегі қалыңдығы жеке парақтардың қалдықтарының жалпы жиынтығынан едәуір артық болады. Бүгілімдер нашар сығылған дәптерлерді пайдалану парақ жинақтаушы машиналардың өңірбет-жапсырылған автоматтарының жұмысын қиындатады, блоктардың тығыз тігілмеуіне, басылымның жинақылығы және оны пайдалану ұзақтығын төмендетеді.
Бүгілімдердің деформациясын бекіту үшін, көлемдері үлкен дәптерлерді бүктемелегеннен кейін БПТ-1,5 (Шадринский 3ПМ, Ресей) түрдегі көлбеу орау-сығу престерінде түбіртектері мен жоғарғы бүгілістерін бір жаққа қаратып салып сығымдайды. Сығымдалынушы бумадағы дәптерлер саны негізінен оның рұқсат етілетіндей массасымен (8кг) және есептеуге қолайлылығымен реттестіріледі: үлкен пішімді - 70x95 (16-200-ден бастап 16 беттік) дәптерлер үшін, дәптерлердің көлемі екі есе көп болса, олардың бумадағы саны екі есе аз болуға тиіс. Жоғарғы каландарланған және борланған қағазға басылатын жоғары сапалы басылымдарды даярлағанда бумадағы дәптерлер санын тиісінше 200 және 100-ге дейін азайту керек, өйткені қағаздың аса үлкен тығыздығынан олар преске салған кезде шашылып қалулары мүмкін. Кеңінен таралған тік типті престерде дәптер бумалары 32 беттік елу немесе 16 беттік жүз дәптерлерден құралған буынтықтардан тұрады, оларды шашырап кетпеулері үшін преске түбіртіктері және жоғарғы жиектерін жан-жаққа қаратып орналастырады.