12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы



бет120/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Терможіппен блокті (дәптерлерді) бір-бірімен бекіту сұлбасы.
1 – дәптер; 2 – терможіп; 3 – желім.


Жіппен блоктар бойынша тігубір жіппен түйіндегіш және екі жіппен тізбектеп тігіс тігу орындалады (сурет). Түйіндегіш тігін үшін, инені ұзын шаншу (10 см шамасы), оларды онша кермеу және блоктың төменгі жағындағы байланған түйінінің қасында жіптің ұштарының салбырап тұрулары тән. Тігістің бұл түрі шетел практикасында тыстамалы және мұқаба қаптамалы салмалы жинақталынатын мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға арналған басылымдарды шығарғанда қолданылады. Блокты бекіту үшін әдетте екі немесе үш шаншу жетіп жатыр, сондықтан да, блоктарды тігуде тігістің бұл түрімен бекіту еңбекті көп қажет етпейді. Қазақстан мен ТМД елдерінде тігістің бұл түрі қолданыс таппады.
Блоктарды қос жіппен тізбек тігіспен тігу - «Зингер» фирмасының 300 кластағы 104 моделінің арнайы тігін машиналарымен орындалады, бұларда жапсар бір инемен және қайықша қызметін атқаратын бір ілмекпен жасалынады. Ине шаншымдардың ұзындықтары блоктың биіктігіне байланысты 6 дан 11мм шегінде реттестіріле алады: өте қысқа ине шаншымдар пішімдері кіші басылымдар мен (мысалы, жинақ кітапшасы) тыстамалы бұйымдарды шығаруда қолданылады. Бекітудің осы түрі орындалынатын 88/1 модельді «Де Флорес» (фирма «Мак Кейн» АҚШ) пішімі 78x90/32 ден 70x100/8 дейін қалыңдығы 5 мм дейінгі блоктарды 60-70 блок/мин жылдамдықпен өңдеуге мүмкіндік береді. Осы агрегаттың негізіндегі ағымды желі көп жылдар бойына «Балалар кітабы» (Мәскеу) ДБ-де мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалар үшін мұқаба қаптамалы басылымдарды шығару үшін табысты түрде пайдаланылып келеді.
Блок бойынша жіппен қондырма тігу «ауыр түрдегі» тігін машиналарында, мысалы, 222 кластағы (Подольск зауыты, Ресей) тізбек қос жіппен тігумен іске асырылады. Блоктарды бекітудің осы тәсілімен іске асырғанда басылым қағазының тығыздығы 50-60 г/м2 жұқа түрін, ал дәптерлерді - тек бойлық пішумен (түптің ұзына бойымен машинамен бағыттау арқылы) және созған кезде едәуір ұзаратын, сызықтық тығыздығы 64-82 текст (г/км) және үзілім күші 15-18н (1,5-1,8кгс) шеңберіндегі синтетикалық талшықтардан жасалынған берік жіптерді қолдану ұсынылады. Тігу процесінде жіп тігіс блоктың түбірінің жиегінен 4-5мм қашық орналасуы қажет. Осы шарттарды сақтаған жағдайда үлкен және орташа пішімдердегі кітап басылымдарының аса беріктігі мен жақсы ашылымдылығы қамтамасыз етіледі.
Жіппен түптеп тігу шетелдерде мектеп оқулықтары мен басқа да таңдап оқылатын басылымдарды - энциклопедияларды, анықтамаларды, сөздіктерді, технологиялық нұсқаулықтарды т.б. шығаруда кеңінен қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет