Жіппен дәптерлербойынша тігу.Кітап блоктарын жеке дәптерлер бойынша тіккенде жинақталынған блоктың әрбір дәптерді бірнеше (3 тен 6-ға дейін) ине шаншыммен бекітіледі, мұндайда әрбір ине шаншым көрші дәптерді екі жерден бір немесе қос жіппен бекітеді.
Машиналарда жіппен тігу түрлері. Кітапшалық инешаншымның екі түрін ажыратады: қарапайым және ауыспалы.
Қарапайым кітапшалық көктеулер іргелес дәптерлерде бірінің астына екіншісі орналасады және екеуінің көлемдері бірдей болады.
Тігістің мұндай түрін 32-беттік дәптерлерден тұратын кітап және кітапша блоктарын бекіту үшін қолданады. Ауыспалы кітапшалық көктеуге ішкі инешаншымдар екі іргелес дәптерге орналастырылған. Аралас көктеулі кітапшалық тігісті кез-келген көлемдегі блоктар үшін қолдана беруге болады.
Жіппен түптеу тігіс әруақытта түптеу материалына жүргізіледі, бұл бекітудің беріктігін қамтамасыз етеді. Оның ерекшелігі блоктың түбінде жіптің бір дәптерден екіншісіне өткенде түзетін сыртқы ине шаншымдардың барлығы. Бұл сыртқы ине шаншымдар дәкені блоктың түбіне қосып тігеді.
Қарапайым түптеу ине шаншымы ішкі ине шаншымдарының мөлшерлерінің әртүрлілігімен ерекшеленеді: бір дәптердің ішкі ине шаншымдары екіншісінікінен қысқа болады. Іргелес дәптерлердің ішкі ине шаншымдарының көлемдерінің айырмасы сыртқы ине шаншымның көлеміне сәйкес келеді.
Ауыспалы түптеу инешаншымы түптеу материалы мен сыртқы инешаншымның бар екендігімен ерекшеленеді. Осы ішкі инешаншымдардың барлығы да бірдей және блоктың дәптерлерінде шахматтық тәртіппен орналасқан. Ақырғы инешаншым әруақытта төбесінде орналаса бермейді. Қайда орналасқандығына қарамастан, ақырғы инешаншымдардың ішкі көктеулері болмайды. Ауыспалы түптеу инешаншымымен кез-келген кітап басылымын тігуге болады, өйткені ол түпті қалыңдатпайды және дәптерлерді берік біріктіреді.
Блоктарды терможіптермен бекіту - блоктарды, әсіресе қырқылған түптік бүгілімдерін желіммен бекіту, тігін тәсіліне қарағанда үлкен техникалық-экономикалық артықшылықтары бар: бекітуге еңбек аз жұмсалады, жүмысшылардың еңбегі жеңілдейді, өнімділік артады, басылымдарды шығару мерзімдері қысқарады, бірақ олар аса берік емес және ұзаққа шыдамсыз. Блоктарды тігіп-желімдеу тәсілі ХХғ. 70-жылдарында (Германияда) жасалынған болатын. Бұл технология бойынша блоктарды бекіту екі кезеңмен іске асырылады: алдымен дәптерлерді бүктеу кезінде дәптердің парақтары жылуда еритін жіп қапсырмаларымен бекітіледі, осыдан кейін жинақталынған блоктарды өңдеу барысында тігілген дәптерлер желіммен бекітіледі де, белгілі бір түптеу материалымен әдіптелінеді.
Терможіптермен тігілген дәптерлерден жинақталынған блокты бекіту технологиясы бұл процесті ағынды өндірісте іске асыруға мүмкіндік береді.
Сөйтіп, бұл тәсіл тоқыма жіптермен тігуге балама бола алады, өйткені осы әдістердің әрқайсысының артықшылықтарын бойына сіңірген, бірақ олардың кемшіліктері мұнда жоқ:
- тігіссіз бекітуге қарағанда бекіту сапасы жоғары әрі берік;
- тоқыма жіптермен тіккенге қарағанда технологиясы арзан;
- қолда бар құрал-жабдықтар паркіне киындықсыз кірігуі;
- жіппен тігетін машиналарымен салыстырғанда сатып алу бағасының төмендігі;
- таралымға өндірістік циклінің айналымының едәуір қысқалығы;
- өнімді операциялар араларында «аунату» - және жартылай даяр өнімдерді операциялар аралығында өңдеу сандарының қысқаруы.
Терможіп - бұл бірнеше талшықтардан өрілген жіп, олардың біреуі қыздырғанда еритін полимерлік шайыр болып табылады. Суретте блокты терможіптердің көмегімен бекіту процесінің сұлбасы берілген. Дәптерді бүктемелеу кезіндегі соңғы бүгіліс орынында, ол терможіп инешаншымдарымен тігіледі. Дәптердің түбінде инешаншымдардың орналасуы суретте көрініп тұр. Бұл тігіс жүргізілген кезде П-бейнелес қапсырмалар құралды да, олардың ұштары дәптердің сырт жағына шығып тұрады. П-бейнелес қапсырмалармен тігілген дәптер қыздырушы элементке қарай қозғалады. Дәптер оның үстімен өткен кезде қапсырмалардың аяқтары майысады, терможіп құрамындағы полимер бөлігі ериді де, дәптердің сыртына желімделінеді. Сөйтіп, дәптердің парақтары берік бекітіледі.
Одан соң тігіс орнынан соңғы бүктеме жасалынады да, дәптер құрастырылады, жинақтау іске асырылады. Блоктың түбіне желім жағылады және әдіптелінеді. Мұндай түптемені дөңгелектеу де, тіке де болады. Сол себепті әрі қарай өңдеуді блокты қатты қаптамаға салу технологиясы немесе тігусіз тәсілімен жалғастыруға болады. Блоктарды жіппен және терможіптермен бекіту тәсілдері бір тұтынушылық талаптарға қызмет етеді. Көктеулер жеке парақтардың дәптерден түсіп қалмауын, кітаптың жақсы ашылуын, түптің онша қалыңдамауын қамтамасыз етеді.
Heidelberg фирмасы терможіптермен бекітетін машиналардың Fs 100 жаңа моделін жасап шығарды. Машинаның тігін аппараты жеңіл алып-салынады, өйткені арнайы арбашаға орнатылған. Fs 100 икемділігі өндірістік алаңды онша көп қажет еттірмейді.
ПШ-4м және 2ШП-4 типті машиналарды пайдаланып сыммен тігу биіктігі 500мм дейін және қалыңдығы 125мм дейін блоктарды төрт-жеті сым қапсырмалармен 65 цикл/мин жылдамдықпен бекітуге мүмкіндік береді.