12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Мұқаба қаптамаларын кептіру



бет138/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Мұқаба қаптамаларын кептіру артық ылғалды кетіру және кейінгі операциялардың қалыпты өтулерін қамтамасыз ету үшін жүргізіледі, дайын мұқаба қаптамалары жылытылған ауа ағынында кептіріледі. Қаптама жасайтын материалдардың (қатырма, мата, қағаз) қасиеттері әртүрлі, бұл кептіру процесінін ұзақтығына едәуір әсер етеді.
Қатырма - қалыңдығы жеткілікті, ылғалды жақсы ұстап тұратын кеуек материал. Қағаз қатырмамен салыстырғанда кеуектіп аз, едәуір жұқа. Қаптамаларды жасау үшін жиірек қолданылатын коленкор кеуекті материалдарға жатады, ол сумен тез ылғалданады; ледерин6 нитрожабынды болғандықтан майда кеуекті және су өтпейтін материал болып табылады.
Барлықтарынан бұрын қағазбен жабындалған қаптама тез кебеді, тұтас матамен, әсіресе ледеринмен жабындалған қаптамалар едәуір баяу кебеді. Материалдардан басқа кебу процесіне қаптамаларды даярлау процесінде қолданылған желім ерітіндісінің құрамы да үлкен ықпал жасайды. ПВАД немесе СКС-30 латексінің негізіндегі желімді пайдаланып, жасалынған қаптамалар бәрінен бұрын кебеді. Сүйек желім өте баяу кебеді, өйткені ылғалды желім коллоинды мықтап ұстап тұрады. Қазіргі кезде қаптамаларды фураларда сақтау барысында тек табиғи кептіру ғана қолданылады.
Мұқаба қаптамаларын безендіру үшін өрнектеу мен басудың әр түрлері, нақыштау, жапсырмалау және басқа да тәсілдер қолданылады. Мұқаба қадтамаларындағы шығыңқы басылым ауыр типтегі тигель машиналарында, 2БПП-75 типтес басу-алтындау престерінде (Шадринск ЗПМ), БПЗ-420 және РЕ жартылай автомат алтындаушы престерінде, РЕ автоматтарында («Колбус» фирмасы, Германия), олар бояу аппараттарымен жабдықталынған, орындалады. Кейбір полиграфиялық кәсіпорындарда 2КД-5м рулондық қаптама жасау машиналарына ротациялық басу қосымшасын қолданып, сұйық фотополимерлік құрылымнан жасалынған басылым қалыптарын пайдаланады. Тигельді машиналарда басуға шығыңқы басылымның әдеттегі басылым қалыптарын пайдаланады. Көп таралымды басылымдарда полиграфиялық фольгаларды өрнектеу үшін қолданылатын штампқа ұқсас штамптар қолданылады.
Қаптамаларды полиграфиялық безендірудің бұл тәсілі кезіндегі латун штамптардың таралымға төзімділігі 90 мыңда, дюраллюминийлік штамптікі -200 мың баспа-таңба.
Мұқаба қаптамаларында басу үшін 2000 сериялы пентафал байланыстырғыштағы арнайы түптеу бояулары қолданылады, олар әдеттегі бояулардан өздерінің жоғарғы тұтқырлықтары және жабысқыштықтары, жоғарғы жабындаушы қабілеттері және беку жылдамдықтарымен ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет