12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Тұтас мұқаба қаптамасын даярлаудың жұмыс операциялары



бет137/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Тұтас мұқаба қаптамасын даярлаудың жұмыс операциялары
Түп жабындысының Түп жабынын Қаптамамен өңірлерін
өңірлері мен отставы қайыру жауып даярлау



Түп жабындысы
Жогаргы және төменгі Бүйір клапандарын Өңірлерін
клапандарды қайыру қайыру жабындау


Құрамдас мұқаба қаптамасын шығару кезіндегі жұмыс операциялары

Сондықтан да технологиялық тұрғыдан процестер мынандай операциялардан тұрады:


1) қатырма табағын жолақтарға және жолақтарды өңірлерге пішу; 2) түп үшін матаны пішу; 3) жабын өңірлері үшін материалды пішу; 4) отстав үшін қағазды немесе қатырманы пішу; 5) торламаларды даярлау; 6) торламаларды жабынды өңірлермен жабу; 7) қаптамаларды кептіру; 8) қаптамаларды каландрлау; 9) қаптамаларды полиграфиялық безендіру.
Мұқаба қаптамаларын рулондық машинада даярлаудың технологиялық процесі мына төмендегідей болады:
Біртіндеп жазылатын жабын материалы рулонының екінші жағына желім жағылады да, осы желім қабатына алдына-ала дайындалынған қатырма өңірлерді, одан кейін отставты (иілімдегі жіңішке рулоннан, қаттысы өңірлерімен қоса қағаз кескіш машинада кесіліп, төсемге арнайы қосымша құрылғымен беріледі) жайғастырады.
Одан әрі қарай фигуралы пышақтар материалдың болашақ қаптамалар араларындағы бұрыштарын кесіп қаптайды. Төсемнің одан әрі қарай жылжығанында металл бағдарлағыштар біртіндеп материалдың бүйірлік жиектерін өңірлеудің ішкі жақтарына қарай қайтарады, ал біліктер жақсы сығымды қамтамасыз етеді. Осыдан соң пышақтар дайындаушыларды бір-бірлерінен ажыратады. Сосын біліктердің екінші қосағы жиектерді өңірлерге жайып, желімдейді. Қорытындысында мұқаба қаптамасы қысу біліктерінің араларынан өтеді де, қабылдау столына түседі.


Мұқаба қаптамаларын рулондыц қағаздан жасау сұлбасы
Егер мұқаба қаптамаларын жинақтау 2КД-Зм және КДШ рулондық қаптама жасайтын машиналарда іске асырылатын болса, жабын материалдары мен дәкені қажетті енділікте рулонға пішу 2БП-120 КизИЛюрт ЗПМ, (Ресей) типті орам кескіш машиналарда орындалынады. Материалды рулоннан рулонға қайта ораған кезде материал диск пышақтарымен немесе ұстарамен ленталарға бөліктелінеді де, рулонның жиектері кесіледі. Қажетті диаметрлі орам алу үшін рулонның шеттері желімделеді. Парақтық машиналарға КДЛ-270, БД-15, ДА-36 жатады. Парақтық мұқаба қаптамаларын жасайтын машиналар парақтық материалдарды: бұрыштары кесілген, пішілген дайындамаларды пайдаланып, жұмыс істейді. Дайындаушыларды әдетте пішу алдында кез-келген басылым әдісімен басып шығарады, бірақ қаптамаларды басылмаған дайындамалардан да жасауға болады.
Дайындама желімдеу аппаратына беріліп, ілгектермен ұсталынып тұрады. Желім жағылып, форматтық плитаға тасымалданады. Аралық плитаға қатырма өңірлер мен отстав салынады. Сорғыштары бар штанганың көмегімен қатырма өңірлері мен отстав мата дайындамаға басылады. Арнайы планкалармен мата көмкеріліп, бұрыштары қайырылады. Дайын қаптама резіңке төсеммен сығылады да, қабылдау құрылғысына шығарылады. Шағын полиграфия кәсіпорындарда мұқаба қаптамаларын жинақтау үшін БКОУ типтес (Харьков ПМЗ, Украина) желім жағушы станоктар мен мұқаба қаптамасының желім жағылған бөлшектерін жұмысшыларға жеткізіп беретін таспалық транспортерлер пайдаланылады. Қаптамаларды жинақтауды қолмен орындайды, ол үшін қатырма өңірінің жабын материалындағы және бір-бірлеріне байланысты орналасуларын дәлме-дәл бекітуге мүмкіндік беретін арнайы бұрыштар мен механикалық шпациялар қолданады. Ірі кәсіпорындарда қаптамаларды жинақтауды парақтық және рулондық қаптама жасау автоматтарында орындайды. Әмбебап парақтық қаптама жасаушы ВА-36, ВА-Хронос және ВА-Страто («Колбус» фирмасы, Германия) автоматтары көлемдері 110х155мм-ден 405х560 мм дейін (Ва-36), 130х210мм-ден 380х560мм дейінгі (ВА-Хроос және ВА-Страто) қаптамалары 36,50 және 85 цикл/мин жоғарғы техникалық жылдамдықпен жинақтауға мүмкіндік береді. 2КД-5М рулондық қаптама жасау аппараты мен КДШ торлама жасау автоматы (Харьков ПМЗ, Украина) 50 цикл/мин жылдамдықпен жұмыс істеп, қаптамалар жинақтауға және форматтары тиісінше 169х232мм-ден 1268х485мм және 146х230мм-ден 320х550мм дейінгі торламалар шығаруға мүмкіндік береді. ВА типтес қаптама жасаушы автоматтар әмбебап: оларда 5 және 7 типтердегі мұқаба қаптамаларын және 8 типтегі қаптамалардың жапсырма өңірлерін жинақтауды орындауға болады, бірақ 5 типтегі құрама мұқаба қаптамалары оларда екі кезеңмен жинақталынады: алдымен торламалар даярланады, содан соң олар жабын өңірлерімен жабылады. ВА түрдегі автоматтың артықшылықтарына олардың жинақталушы қаптамаларының өлшемдері жөніндеп кең мүмкіншіліктерін, форматтарды ауыстырған кезде қайта реттестіруші орталық жүйесінің бар екендігін, қаптаманы иілімді, жартылай қатты және қатты отставтармен жинақтау мүмкіндігі мен алдын-ала басылған жабын материалын немесе басылған жабын өңірлерін пайдалануды жатқызуға болады. Парақтық қаптама жасау машиналарының кемшіліктеріне 5 типтегі мұқаба қаптамаларының құрамдас бөліктерін тек екі кезекпен орындауға болатындығын жатқызуға болады: алдымен торламалар жасалынады, сосын олар (қайта реттегенде немесе басқа машинада) жатын жақтарымен жабылады. 2КД-5М типтегі рулондық қаптама жасау машинасының артықшылықтарына, оның әмбебаптығын, тұтас мұқаба қаптамаларын, торламаларды және 5 типтегі құрама қаптамаларды бір айналымда жасап шығаруға мүмкіндік беретіндігін жатқызуға болады. Рулондық қаптама жасау машинасының кемшіліктері олардың көлемдерінің үлкендігі, қызмет көрсету үшін еңбектің көп қажеттілігі, күймешенің жүрісін өзгерткенде қайта реттестіруге уақыттың көп кететіндігі, техникалық қалдықтардың көптігі (5% дейін) болып табылады, машинаның кез-келген кідірісі желімнің кеуіп кетуіне байланысты ондаған қаптамаларды жарамсыз етеді, сонымен бірге тек басылмаған жабын материалын қолдану мен жабын материалыны клапандарын қайырудың классикалық нұсқасынан шегіну де кемшіліктер қатарын толықтыра түседі.
КДШ автоматтарының артықшылықтарын олардың көлемдерінің кішілігімен, құрылысының салыстырмалы қарапайымдылығымен, шағын кәсіпорындарда пайдалану мүмкіндігімен және өлшем бойынша орталықтандырылған қайта реттеу уақытының аздығымен түсіндіруге болады. Олардың көпшілігі қаптаманы жинақтауды қолмен немесе басқа қаптама жасау машинасында аяқтауды қажет етеді. 8 типтегі мұқаба қаптамалары үш құрылысты тораптан тұрады, олардың екеуі (жапсырма өңірлері) бірдей. Қаптамалардың жапсырма жақтарын парақтық қаптама жасаушы машиналарда отстав механизмдер мен қатырма жақтардың магазиндерінің ішкі қабырғаларын алып тастап немесе ақпарат министрлігінің КТБ жасалынған арнайы қаптама шығарушы машинада шығаруға болады. Жапсырма түптерді КДШ типтес автоматтарды жасауға болады. Жапсырма жақтарды жапсырма түппен біріктіру операциясы механикаландырылмаған, сондықтан да блоктарды қаптамаға қолмен жайғастыру операциясының орнына блоктарды түппен және жапсырма жақтармен қаптау операциялары орындалады. Бұрыштары жұмырланған мұқаба қаптамалары БКОУ желім жағатын машиналар мен таспалы- конвейерлердің көмегімен қолмен ғана жасалынады.
Детальдары желіммен біріктірілетін мұқаба қаптамаларын шығару материалдары пішу мен жинаудан басқа кептіру операциясын да қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет