12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Негатив — суретке түсіру нәтижесінде жарықсезгіш қабаты бар мөлдір пленканың бетінде алынған кері бейне. Диапозитив



бет32/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Негатив — суретке түсіру нәтижесінде жарықсезгіш қабаты бар мөлдір пленканың бетінде алынған кері бейне.
Диапозитив — кез-келген тыным нысанды суретке түсіріп, жарықсезгіш қабаты бар мөлдір пленкаға немесе шыныға шығарылған бейне. Егер бейне мөлдір емес (мысалы фото қағазға) шығарылса, оны позитив деп атайды.
Пішімді бір мезгілде өңдеу жүйелерінде негатив - алғашқы, әдетте аралық бейне. Диапозитив - екінші және кейбір жағдайларда, ол да - аралық бейне. Бұл жүйелерде фотоқалыптар даярлау процесінде көптеген аралық бейнелер болуы мүмкін. Негативтік фотоқалыпты барлық технологиялық өзгертулерді орындаған жағдайда бір сатыда алуға болады. Біртіндеп элементтер бойынша өңдеу жүйелері үшін негативтік немесе диапозитивтік фотоқалып – бұл, әдетте, жүйеде бейнені өңдегенде алынатын бірден-бір бейне.
Қолданылатын басылым тәсіліне қарай, фотоқалыптар түпнұсқаның бейнелеуіне байланысты тікелей және кері бейнелеу арқылы алынады. Басылымның барлық тәсілдерінде де, негативтік фотоқалып тікелей бейнеленген болуы керек. Кері негативтік фотоқалыптар офсеттік басылым қалыптарын негативтік көшіру тәсілімен шығару үшін қолданылады. Жазық офсеттік басылым қалыптарды ойыңкы басылым үшін позитивтік көшірме тәсілімен даярлауға қажетті диапозитивтік қалыптардың кері бейнелігі болады.
Фотоқалыптарды жинақтап құрастыру — кітап беттерін үлгі бойынша мөлдір пленкаларды жинақтап, орын-орнына орналастырып фотоқалыптың негізіне (төсенішіне) жапсырып бекіту.
Жинақтаудың бірнеше тәсілі бар:
- жинақтау столдарын қолдану;
- толассыз әдіспен қаріптерді пайдаланып ретке келтіру;
- электрондық тәсілмен жинақтап реттеу.
Фотоқалыптарды жинақтау столын пайдаланып, жинақтап құрастыру жұмыстары екіге бөлінеді:
а) жинақтау парағын сызу (жинақтау баспа табаққа дәл келетін қағазды үлгіге сәйкес етіп сызу, орталық сызықты сызу, бейнелердің араларын белгілеу, негативтер немесе диапозитивтер үшін белгілер салу);
б) фотоқалыпты мөлдір негізге (төсенішке) орналастыру үшін, құрастыру столының бетіне арнайы дайындалған парақты орналастырып, оның бетіне негативтер мен позитивтерді беттестіріп, оларды жабысқақ таспа немесе арнайы желіммен жапсырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет