12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы



бет8/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Журналдар (француздың journal - күнделік, газета сөзінен) – шығу уақыттары қатаң белгіленген (апталық, ай сайынғы) мақсаттары мен міндеттеріне байланысты, әр түрлі тақырыптық материалды қамтитын, жылдық басылым үшін тұрақты көлем мен пішімде болып келген брошюра түріндегі мерзімді басылым. Журналдарды екі топқа бөлуге болады. Көпшілікке арналған «жұқа» журналдардың едәуір бөлігі бір-бірлерінің ішіне енгізіп, тысталған және түбі сым қапсырмалармен тігілген 2-4 дәптерден тұрады. Екінші топқа 4 және одан көп дәптерлерден тұратын, бір-бірлерінің үстіне текшелеп жиыстырылған журналдың бүкіл қалыңдығы бойынша өтетін жіптермен, металл қапсырмалармен тігілген немесе түп қиығына желіммен жапсырылған «толық» журналдар жатады. Тігілген немесе желімделген, қалың парақтар қаптамаға енгізіліп түбірдің бүйіріне желімделінеді де, содан соң үш жағынан кесіліп, әдеттегі күйге келтіріледі.
Кітап басылымдары - өзара біріктірілген және түптеу мұқабасымен қапталған мерзімсіз баспа шығарылымдар.
Кітап басылымдары түріне, пайдаланылуының мерзімдеріне, көркем-суретік материалдардың түрі мен сапасына, таралымына, күрделігіне, терімі мен көлеміне байланысты бірнеше топтарға бөлінеді:
1. Тарихи әдебиет.
2. Көркем әдебиет.
• жеке шығармалар мен жинақтар;
• шығармалар жинақтары мен таңдамалы шығармалар;
3. Орта және төменгі сынып оқушыларына арналған оқулықтар.
4. Жоғарғы және арнайы орта оқу орындарына арналған оқулықтар.
5. Өндірістік-нұсқаулық басылымдар.
6. Энциклопедиялар мен сөздіктер.
7. Мектепке дейінгі және төменгі мектеп жасындағы балаларға арналған әдебиеттер.
8. Ресми-құжаттық және ресми-анықтамалық басылымдар.
Кітап басылымдары тақырыптық және алдын-ала жасалған жоспарларға сәйкес шығарылады.
Күнтізбе (лат.calendarium – ұзақ мерзімді кітап) апта күндерін, апталарды, айларды, жылды бірізділікпен келтіретін анықтамалық басылым.
Күнтізбелер қабырғаға ілетін, стол үстінде парақталатын және қалталық болып бірнеше топқа бөлінеді.
Альбомдар (фр.аІЬum) — көркемділігінің сипаттарына қарай, үш топқа бөлінеді:
- көркем өнер бойынша көркем суреттік, кескіндемелер бейнелеу өнерінің түрлері, сәулет өнері, мүсіндеу өнерлері бойынша альбомдар;
- фотоальбомдар (түрлі көріністердің, қоғамдық мәселелер жөніндегі оқиғалы тақырыптар, тарихи, туристік, жарнама каталогтары т.б.);
- ғылыми-техникалық альбомдар (ғылыми, өндірістік, техникалық, оқу т.б.); көркемделінген бояулылығы бірден алтыға дейін бола алады.
Альбомдар түптелінеді, кейде қосымша безендірілген тыстама мен қынапқа (футлярға) салынады. Көпшілік қолданымға арналған альбомдарға қаптамалар кигізіледі немесе арзан түптелінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет