Табиғи майлар үшацилглицеролдар қоспасынан тұрады. Үшацилглицерол – бұл үш атомды спирт глицерол мен май қышқылының үш молекуласынан құралған күрделі эфир
Табиғи майлар үшацилглицеролдар қоспасынан тұрады. Үшацилглицерол – бұл үш атомды спирт глицерол мен май қышқылының үш молекуласынан құралған күрделі эфир.
СН2−ОН СН2−СОО−R
│ │
СН −ОН + 3R−СООН → СН −СОО−R + Н2О
│ май қышқылы │
СН2−ОН СН2−СОО−R
глицерол үшглицерид (үшацилглицеролдар)
Балауыздар дегеніміз жоғары молекулалы май қышқылдары мен спирттердің күрделі эфирлері. Олар адамдар мен жануарлар организмінің және өсімдіктердің құрғаудан (сусызданудан) сақтайды.
ГЛИЦЕРОЛИПИДТЕР. АЦИЛГЛИЦЕРИНДЕР (жай және аралас)
Ацилглицериндер жоғары бір негізді қаныққан және қанықпаған карбон қышқылдары (пальмитин С15Н31СООН, стеарин С17Н35СООН, олейн С17Н33СООН) және үш атомды спирт глицериннен түзілетін күрделі эфирлер. Мұндай қосылыстар триглицеридтер деп аталады.
Аралас майлар
Аралас майлар- глицериннен және әртүрлі жоғарғы карбон қышқылдарынан (қаныққан және қанықпаған) тұрады. Егер жоғары карбон қышқылдары глицериннің барлық гидроксил топтарымен әрекеттессе (этерификация) триглицерид (триацилглицерин), екі гидроксил тобымен әрекеттессе диглицерид (диацилглицерид), бір гидроксил тобымен әрекеттессе моноглицерид (моноацилглицерин) түзіледі. Мысалы:
Гидролиз реакциясы. Бұл реакция әсіресе майларға тән нәрсе. Тірі организмде гидролиз реакциясы катализатор (фермент) әсерімен жүреді, ал организмнен тыс жерде сілті катализатор қызметін атқарады және қыздыру қажет.