№12 Сабақ. Липидтер. Терпендер



бет1/7
Дата02.12.2022
өлшемі3,53 Mb.
#54341
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
12 сабак

№ 12 Сабақ. Липидтер. Терпендер

Дисциплина: Органикалық химия

Лектор: Талипбекова А.Ж.

Жоспар

  • Қарапайым липидтер. Жоғары май қышқылдары. Триацилглицеролдар.
  • Комплексті липидтер. Фосфолипидтер.
  • Терпеноидтер. Моноциклдік және бициклдық монотерпенттердің туындылары.
  • Стероидтар. Көмірсутектер негізіндегі стеролдардың, эстроген және андрогендік гормондардың, кортикостероидтердің, өт қышқылдарының және жүрек гликозидтерінің құрылымы мен атауы.

Липидтер

Липидтер дегеніміз - табиғи заттар тобы. Олар іс жүзінде суда ерімейді, бірақ полярсыз еріткіштерде (хлороформ, эфир, ыстық этанол, т.б.) ериді. Белоктармен, көмірсулармен қатар липидтер де мал, адам және өсімдіктердің барлық ұлпалар клеткаларының құрамына кіреді. Липид гректің lipos - май деген сөзінен шыққан.

Липидтер деп өсімдік және жануар текті майлар немесе майға ұқсас заттарды атайды. Оларды: қарапайым липидтер – майлар және күрделі липидтер – майға ұқсас заттар деп бөледі. Липидтер жасушада бос күйінде емес, ақуыздармен комплекс түрінде кездеседі, сондықтан оларды липопротеиндер дейді.

Липидтерді сілті қатысында гидролизденіп, май қышқылдарының тұздарын (сабын) түзу қасиетіне қарай сабынданатын және сабынданбайтын липидтер деп те бөлінеді.

Май қышқылдары – липидтердің құрылымдық компоненті

Гидролиздеген кезде липид (май) глицеролға және май қышқылдарына жіктеледі. Май қышқылдары дегеніміз - карбон қышқылдары.

Қаныққан май қышқылдарының молекула құрамында көміртегінің 4-24 атомдары болады және олар түзу тізбекке орналасады. Табиғи майларда көміртегі атомдары жұп болады. Май қышқылдары құрамындағы көміртегін нөмірлеу карбоксил тобы тұрған атомнан басталады. Кейде көміртегі атомдары грек алфавиті әріптерімен де белгіленеді. Мұндай жағдайда карбоксил топқа ең жақын орналасқан көміртегі атомы α-әрпімен белгіленеді, мысалы:

6 5 4 3 2 1



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет