12 –Тақырып. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу. Дәрістің мақсаты



бет16/16
Дата26.04.2022
өлшемі40,16 Kb.
#32399
түріҚұрамы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Дәріс-12

Орнықты даму теориясы. Рыноктық экономиканы және қаржыларды басқаруға дәстүрлі теориялық тәсілдемелерді зерттеу қазіргі күрделі әлеуметтік-экономикалық үдерістерді оңай­латылған баян етуде, оңайлатылған моделдерді, соның ішінде, қаржылық механизмде де пайдалануда көрініп білінетін екі негізгі бағыт (неолибералдық және кейнстік) белгілі бір шектеулілікпен сипатталады. ХХ ғасырдың аяғында халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың үдерістері рыноктық үдерістерді макро- және микроэкономикалыққа бөлудің дәстүрлі сызбасынан ажыратылатын дамудың өзінің заңдылықтары бар экономиканың ғаламдық деңгейін қалыптастыруға жеткізді. Ұлттық экономикалардың күрделенуі өңірлердің, ұлттық экономика салалары мен сфераларының өндірістік қатынас-
тарының жиынтығы ретіндегі мезодеңгей бөлінуінің объективтік үдерісіне жеткізді. «Сұраным-ұсынымның», валюталардың жүзбелі бағамдарының, бақыланатын инфляцияның бюджет және төлем балансы тапшылықтарының және өзгедей ұқсастардың моделдері оперативтік және тактикалық мақсаттарды шешу кезінде жарамды болады. Аталған моделдерді іске асыру циклдік, құрылымдық, жүйелік, қаржылық, валюталық дағдарыс арқылы өте-мөте қайшылықты түрде өтеді. Нәтижесінде экономикалық өсім қарқындары біршама төмен болады және ҒТП-нің жетістіктерін кешенді пайдаланудың, басқаруды ұйымдастыру деңгейінің әлуетін бейнелеп көрсетпейді. Оның үстіне дәстүрлі доктриналар батыстың теориялық нұсқамаларының моделдері белсенді (бірақ оның үстіне дәйексіз және былыққан) мақұлданған ТМД елдерінің экономикасы мен социумдарын оң нәтижелерге жеткізбеді.

Сондықтан ХХ ғасырдың аяғында жаңа теория – орнықты даму теориясы қалыптасты, онда қазіргі кездегі жағдайлар тұрғысынан ғаламдық экономикалық және қаржылық үдерістер түсіндіріледі, күрделі шаруашылық жүйелердің тұрақты эволюциялық дамуы жөнінде ұсыныстар жасалынады.

Орнықты даму теориясында тұрақты жұмыс істейтін жүйелерді – төменгі шаруашылық жүргізуші субъектіден ұлттық экономика мен бірнеше елдің экономикалық одағына дейінгі жүйелерді дағдарысты құбылысқа алып келетін себептер айшықталады.

Бір жағынан, дағдарыстық құбылыстардың терең себептерін және екінші жағынан, өндірістің құлдырауына қарсы іс-әрекет ету механизмдерін анықтау тұрақты дағдарыссыз дамудың негізгі қағидаттарын айырып, ажыратады, оларды қолдану келеңсіз факторлардың әсерін айтарлықтай төмендетуге және тіпті экономикалық жағдайдың жалпыәлемдік нашарлау кездерінде де экономикалық өсуді қолдап отыруға мүмкіндік береді.

Бұл қағидаттар, қысқаша, мыналарға саяды:

1. Кез келген ауқымдағы күрделі экономикалық жүйелердің өздігінен дамуының мәнін қамтып көрсететін эволюциялық қағидаты. Бұл осы теориядағы өзекті қағидат.

2. Экономикалық мүдделерді үйлестіру қағидаты қалыптасқан тепе-теңдікті тұрақ­сыздандыратын сан алуан факторлардың үздіксіз өзара іс-әрекетінің күрделі жағдайларында өзара іс-әрекет ететін тараптар мүдделерінің балансын сақтауды қажет етеді.

3. Эволюциялық қағидаттың логикалық дамуы мен оны нақтылау ретіндегі әртараптан­дыру қағидаты. «Әртарап-


тандыру» термині кең мағынада экономикалық жүйенің құрамды бөліктерінің әр алуан түрлерінің, тұрпаттарының жиынтығы, құрылымдық нысандардың әр түрлілігі, функциялық әртарап-
тандыру ретінде пайдаланылады.

4. Экономикалық жүйедегі оның дамуына қарай иерархиялық саралау қағидаты. Мезодеңгейді бөліп көрсетуді ұйғарады




i



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет