Неолибералдық бағыт «аралас экономика» мен «жалпыға ортақ береке мемлекетінің» тұжырымдамаларын біріктірді, бұл тұжырымдамалардың өкілдері тиімді капиталистік өндіріс қағидаттарын табыстарды бөлудегі әділдікпен ұштастырды. Олар шаруашылықтың негізгі салалары жекеше секторға жататын болса, ал мемлекеттік меншікте экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымдар шоғырланғанда «аралас» тұрпат экономикасы ең тиімді экономика болуы тиіс деп санады. Бұдан басқа ұлттық табысты бөлуде мемлекеттік қаржылар үлкен рөл атқаруы тиіс, олар «табыстардағы теңестіруге» мүмкіндік туғызуы тиіс.
Неолиберализм (Дж. Гэлбрейт) қоғамның жиынтық сұранымына мемлекет ықпалының қажеттігі туралы кейнстік идеяны мойындайды, мемлекеттің араласуын индустриялдық жүйенің етене талабы ретінде қарастырады. Бұл теория өндіргіш күштердің дамуы шаруашылықта жоспарлық негізді енгізуді талап етеді деген қорытындыға жақындап келеді. Сұранымды реттеуде салық жүйесіне маңызды рөл беріледі, салықтар «циклдік саясатқа қарсы» құрал болып табылады. «Бұл реттеу тек салықтар жиынтық қоғамдық өнімнің едәуір бөлігін құрағанда ғана елеулі болады»i.
Салықтардың өсуін Дж. Гэлбрейт сұранымды реттеу құралы ретінде шығыстарды қаржыландыру қажеттігімен байланыс-
тырады. Ол экономикалық өсімнің қарқындарын көп жағынан айқындайтын классиктердің «адами капиталға жұмсалымдар» туралы тұжырымдамасын дамытты. Неокейнсшілерден айыр-
машылығы, ол бюджет тапшылығының қас дұшпаны, өйткені бұл оның «балансталатын экономика» идеясымен үйлеспейді. Ол инфляцияға да қарсы, өйткені ол кедейлікті асқындырады. Дж. Гэлбрейт әскери шығыстарды сақтауды жақтайды, өйткені олар салықтық табыстардың бір бөлігін жеп қояды. Ол капиталистер кірістерінің жоғары деңгейін салық жеңілдіктерін жою және салық заңдарындағы салық «іліктерін» жою арқылы қысқарту керек деп санайды.
Консерватизм – әлеуметтік және саяси өмірдегі дәстүр мен сабақтастық идеясына сүйенетін әр текті экономикалық ағымдардың жиынтығы. Тарих барысында консерватизм әр түрлі нысандарға ие болды, бірақ тұтас алғанда оған қолданыстағы және тұрақтанған әлеуметтік-экономикалық жүйелер мен нормалардың жолын ұстанушылық, революциялар мен түбегейлі реформаларды қабылдамау, қоғам мен мемлекеттің эволюциялық, өзіндік дамуын жақтау сипатты болады. Әлеуметтік өзгерістер жағдайларында консерватизм ескі тәртіптерді қиратуға, жоғалған айқындамаларды қалпына келтіруге сақтық пен қарауда, өткен идеялдар құндылығын мойындауда көрініп білінеді.
Неоконсерватизм – 1970 жылдардың ортасында Батыстың алдыңғы қатарлы елдерінде кейнсшілдіктің орнына келген экономикалық дамудың моделі.
Бұл модель экономиканы рыноктық өзін-өзі реттеу механизімін неғұрлым тиімді механизм ретінде қарастыратын неоклассикалық экономикалық теорияның постулатынан алынып отыр. Өзінің тамырларымен неоконсервативтік модель А.Лаффердің (АҚШ) ұсыным теориясына және М.Фридменнің монетаристік теориясына кетеді. А.Лаффер жеке және заңи тұлғаларға салынатын салықтың жоғары емес мөлшерлемелері кезінде бюджет кірістерінің неғұрлым тез өсу үрдісінің болатындығын анықтады.
Достарыңызбен бөлісу: |