12 –Тақырып. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу. Дәрістің мақсаты



бет9/16
Дата26.04.2022
өлшемі40,16 Kb.
#32399
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Кейнсшілдік – 1929-1933жылдардағы әлемдік экономикалық дағдарысқа экономикалық теорияның реакциясы ретінде қалыптасқан макроэкономикалық ағым. «Жұмыспен қамтудың,пайыздың және ақшаныңжалған теориясы» Дж.М.Кейнстің негіз қалаушы жұмысы болды. Кейнстің экономикалық теориясының пайда болуын «кейнстік революция» деп атайды. ХХ ғасырдың 40-жылдарынан 70-жылдардың бірінші жартысына дейін Кейнс тұжырымдамасы аса дамыған индустриалдық елдердің үкіметтік және академиялық топтарында басымдық айқындама болды.

Кейнс мәні жекелген индивид табыстарының өсуіне қарай оның шығындарының құрамында жинақақшалардың үлес салмағы өсетіндігі туралы қағида болып табылатын Кейнс негізгі психологиялық заңды тұжырымдады. Мұндай тәсілдемені Кейнс «дұрыс мағына» деп дәлелдеді. Табыстардың азаюы кезінде, керісінше,тұрмыстың бұрынғы деңгейін сақтау үшін халық жинақақшаға қаражаттар бөлуді азайтады. Мемлекет жекелеген индивидтерге қарағанда ақпарттың үлкен көлеміне ие болатындықтан, Кейнс елді ілгерлемелі дамыту мақсатымен экономикалық үдерістерге белсенді мемлекеттік араласуды ұйғарады.

Кейнстік теорияға сәйкес толық жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін тепе-теңдік рыноктық экономикаға тән емес. Оған себеп – табыстардың бір бөлігін жинақтауға бейімділік, бұл жиынтық сұранымның жиынтық ұсынымнан кем екендігіне жеткізеді. Жинақақшаға бейімділікті жою мүмкін емес. Сондықтан мемлекет жиынтық сұранымға ықпал жасаумен экономиканы реттеуі тиіс: ақша массасын көбейту,пайыз мөлшерлемелерін төмендету(инвестициялық қызметті ынталан-
дыру). Сұранымның жетіспеушілігі қоғамдық жұмыстар мен бюджеттік қаржыландыру есебінен өтеледі.

Кейнс мынадай тәуелділіктің қатарын тұрғызды: жалпы сатып алушының сұранымының төмендеуі тауарлар мен қызметтер өндірісінің қысқаруын тудырады. Өндірістің қысқаруы майда тауар өндірушілердің күйзелуіне, үлкен кәсіпорындардың жалдамалы жұмысшылардың қысқартуына және ірі ауқымды жұмыссыздыққа апарады. Жұмыссыздық халықтың яғни сатып алушылардың табыстарының төмендеуіне ұшыратады. Ал, бұл, өз кезегінде, тауарлар мен қызметтерге сатып алушылардың сұранымен одан әрі төмендеуін үдетеді. Экономиканы созылмалы тоқырау жай-күйінде ұстайтын тұйық жағдай пайда болады.

Кейнс мынадай жол табуды ұсынды: егер жаппай тұтынушы ұлттық экономика ауқымдарында жиынтық сұранымды жандан-
дыруға қабілетсіз болса, онда мұны мемлекет жасауы тиіс. Егер мемлекет кәсіпорындарға бірер ірі тапсырыс қойса(және ақы төлесе), бұл осы фирмалар тарапынан жұмыс күшін қосымша жалдауға жеткізеді. Жалақы ала отырып бұрынғы жұмыссыздар тұтыну тауарларына өздерінің шығыстарын көбейтеді және, тиісінше, жиынтық экономикалық сұранымды арттырады. Бұл, өз кезегінде, тауарлар мен қызметтердің жиынтық ұсынымының өсуіне және экономиканың жалпы сауығуына жеткізеді.

Дж.М.Кейнс тәсілдемесінің негізгі әдіснамалық қағидалары:

1) ұлғаймалы ұдайы өндірістің аса маңызды проблемаларын ресурстар ұсынымын зерделеу айқындамасы тұрғысынан емес, керісінше, ресурстарды іске асыруды қамтамасыз ететін сұраным айқындамасы тұрғысынан шешу қажет;

2) рыноктық экономика өзін-өзі реттей алмайды, сондықтан мемлекеттің араласуы сөзсіз болады;

3) артық өндіру дағдарыстары жағымсыз болады, сондықтан макроэкономикадағы тепе-тең проблемасын тұтынушы мен өндіріс табыс және жұмыспен қамту арасындағы тепе-теңдікті білдіретін «тиімді сұраным» айқындамасы тұрғысынан шешкен жөн;

4)«тиімді сұраным» терминін енгізу макроэкономикалық көрсеткіштерді талдауға жағдай жасады, бұл экономикалық жүйе қалай жұмыс істейтінін, өндірілетін, бөлінетін және тұтынылатын құнның ағымы қалай жылжитынын анықтауға мүмкіндік береді;

5)экономиканы реттеудің негізгі құралы деп жұмыс күшін жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету міндеттері жүктелген бюджеттік саясат танылады;

Кейнстік қаржылық теорияда мемлекет қаржысының өндіріске,ұлттық өнімнің мөлшермен өлшенуіне әсерін түсіндіру үшін «мультипликатор» ұғымы пайдаланылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет