Марксизм. Маркстік тәсілдеме өндірістің тәсілі ретіндегі экономикалық жүйенің – екі құрамдастар бірлігінің: өндіргіш күштердің және оларға сай келетін өндірістік қатынастардың сипаттамасына негізделген. Өндіргіш күштер адамның табиғаттқа қатынасын бейнелеп көрсетеді және өндірістің негізгі факторларының: заттай және жеке кешені болып табылады. Өндіргіш күштер өзіне еңбек құралдарын, еңбек заттарын және жұмыс күшін кіріктіреді. Өндірістік қатынастар – материалдық игіліктер мен қызметтер жайындағы оларды өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну үдерісінде адамдардың арасында пайда болатын объективті қатынастар. Бұл қатынастардың негізін иемдену – шеттету қатынастары яғни өндірістің негізгі факторлары ретіндегі жұмыс күші мен өндіріс құралдарын біріктіру әдісін анықтайтын меншіктің қатынастары.
Маркстік түсініктемеге сәйкес өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның базисін құрайды. Оған саяси, діни, заңдық және с.с. қатынастар түріндегі тиісті қондырма қызмет етеді. Тығыз өзара әрекетте болатын өндіріс тәсілі және оған сай келетін қондырма қоғамдық-экономикалық формацияны құрайды.
Бұл тұрғыдан 5 тарихи қоғамдық-экономикалық формация бөліп көрсетіледі: алғашқы қауымдастық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, коммунистік (социалистік).
Капиталистік қоғам қозғалысының негізгі экономикалық заңын ашуға К. Маркс өзінің негізгі шығармасы «Капиталды» арнады. Онда экономикалық қатынастардың жүйесін талдау капитализмнің қарапайым кішкентай тор көзі ретіндегі тауардан басталады. Тауарда, К. Маркстің пікірі бойынша ұрықта, зерттелетін жүйенің барлық қарама-қайшылықтары қойылған. Тауардың екіжақты табиғаты болады: біріншіден, тауар адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті, яғни ол тұтыну құнын иемденеді; екіншіден, айырбастау үшін өндіріледі және басқа тауарларға айырбастауға қабілетті, яғни құнды иемденеді.
Құн теориясы маркстік саяси экономияның іргетасы болып табылады. Оның мәні мынада қоғамда тауарларды айырбастау оларды өндіруге жұмсалған абстрактты еңбек санымен сәйкес келетіндігінде. Құнды түсінудің рикардтық дәстүрін жалғастыра отырып К. Маркс оның талдауына қағидатты түрде жаңа мезетті – еңбектің екіжақты сипаты туралы ілімді енгізді. Еңбектің екіжақты сипаты тауар өндірісінде еңбек бір уақытта нақты және абстрактты болатынын білдіреді. Нақты еңбектің нәтижесі құны болып табылады. Абстрактты еңбек – бұл оның нақтылы нысанынан дерексіздендірілген қоғамдық еңбек (бұлшық еттердің, энергияның, мидың шығындары). Абстрактты еңбек, еңбектің түрлі нақтылы жеке түрлерінің өлшемі болып табылады. Оның нәтижесі айырбас құнында, яғни бір тауарды екінші тауарға айырбастау пропорциясында көрінетін тауар құны болып табылады.
Тауар құнының мөлшері оны әзірлеуге жұмсалған қоғамдық қажетті жұмыс уақытының санымен айқындалады. Қоғамдық қажетті жұмыс уақыты – өндірістің қолдағы қоғамдық қалыпты жағдайларында және еңбектің шеберлігі мен қарқындылығының осы қоғамдағы орташа деңгейіенде қандай болсада бір құнды жасау үшін қажеті уақыт. Бұл ұғымдардың көмегімен құн заңы тұжырымдалады: айырбастау үдерісінде тауарлар олардың баламасы ретіндегі құны бойынша баламаға айырбасталады. Бұл – рыноктағы тепе-теңдік заңы, тауар айырбасының заңы.
Еңбектің екіжақты сипаты туралы түсінік Маркске келешекте жұмыс күші сияқты айрықшалық тауардың да құны және тұтыну құны болатынын дәлелдеуге мүмкіндік береді. Және де біріншісі жұмыскердің өзінің және оның отбасының өмір сүруін қолдау үшін қажетті өмірлік игіліктердің сомасымен айқындалады, ал екіншісі жұмыскердің өнімді еңбек ету қабілеттілігінің өзінде болады. Капиталист, Марксше, еңбекті емес пролетарийдің «жұмыс күшін» сатып алады және де оның құнын толық төлейді. Бірақ пролетарийді өндірісте оның жұмыс күші құнын өтеу үшін қажет уақытынан едәуір уақыт көп істеуге мәжбүрлейді. Және бұл қосымша жұмыс уақытының бүкіл нәтижесін капиталист тегін иемденеді.
Сөйтіп, бірақ капиталист пен жалдамалы жұмысшының қарым-қатынасы сырттай тең сияқты көрінгенімен,шындығында жалдамалы еңбекті капиталмен қанау фактісі жасырылады. Қанаудың нәтижесінде капиталист иемденетін құнның бөлігі Марксше «қосымша құн» деп аталады, ал ол туралы ілім оның экономикалық теориясының негізгі идеясын құрайды.
Қосымша құн туралы ілімнен Маркс жасаған басты түйін буржуазия мен пролетарийлердің жағдайы мен мүдделері мүлдем қарама-қарсы болады деп басты түйін жасады.
Капиталдың қордалану үдерісінде оның «өткендегі еңбекпен» көрсетілген бөлігі өңбойы өседі, яғни тауарлардың өндірісі үшін көпте -көп мәшинелер, механизмдер, технологиялық желілер және нақты адами еңбек көптен-көп аз қажет етіледі. Маркс бұл үдерісті капиталдың органикалық құрылысының өсуі деп атады. Бәсекелестермен күресте капиталист пайда қуып жаңа технологиялар мен мәшинелерді және олармен өнімі аз нақты адами еңбекті ауыстыра отырып қолдануға мәжбүр болады.
Мұндай стратегия, біріншіден, қоғамның аз санды тобының қолдарында өндірістің көбірек шоғырлануына жеткізеді, ол көпшілікті қайшыландыру айналасында байиды, екіншіден, нақты еңбекке қажеттілік төмендейді, демек, өмір сүруге қаражаттары жоқ жұмыссыздардың саны өседі, үшіншіден, қолданылатын капиталға пайда нормасы біртіндеп төмендейді, өйткені Марксше жаңа құн тек нақты еңбекпен жасалынады, ал ол, көптен-көп аз қажет болады. Бұл үдерістің жиынын Маркс капиталисті құрылысты ауыстыру және социализмге көшу деп санады.
К.Маркс және Ф. Энгельс рыноктық жүйенің әлеуеттік күштерін, оның өзін-өзі дамуының және түрін өзгерту қабілеттілігін бағаламады.
Достарыңызбен бөлісу: |