12 –Тақырып. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу. Дәрістің мақсаты



бет7/16
Дата26.04.2022
өлшемі40,16 Kb.
#32399
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Орыс марксизмінің түбегейлі бағытына В.И. Ленин (1870-1924) басшылық етті.

Қоғамды өзгертудің барлық мәселелерін Ленин маркстік партияның басшылығымен пролетариат жүзеге асырылған басшылығының революциялық озбырлықтың көмегімен шешіп отырды.

В.И. Ленин экономикалық тақырыптарға бірнеше еңбек жазды, бірақ олардың ішіндегі ең бастысы «Ресейде капитализімнің дамуы» (1899ж) кітабы болды, онда, маркстік теория Ресейдің экономикалық дамуын талдауға қолданылды.

Лениннің онымен түстас қоғамды талдауында «Имперализм капитализімнің стадиясы ретінде» (1916ж) маңызды шығармасы болып табылады. Онда Ленин ХІХ ғасырдың аяғында - ХХ ғасырдың басындағы капитализімнің сипатты белгілерін айқындады және капитализмнің негізгі үрдістерін тұжырымдады. Оның пікірінше империализм, капитализімнің жоғарғы және соңғы сатысы, социалисттік ревалюция қарсаңында іріп-шіріп, өліп бара жаткан капитализм. Бұл стадияда социалисттік ревалюцияны толық дайындау болады.

Маркс пен Ленинің жолын ұстанушылар бұл тұжырымдаманы социализм жалпы дағдарысқа ұшырап, оның ыдырауы болып жатқанда, ХХ ғасырдың 90 жылдарына дейін ұстады. Социализм туралы ілімді Ленин алғашқыда К. Маркс пен Ф. Энгельстің «Коммунистік партия манифестінің» қағидаттарына сәйкес әзірледі.

Ол мынадай ұстанымдарда тұрды: жеке меншікті толық жою және қоғамдық меншікке көшу; рыноктық қатынастарды жою; бүкіл экономиканы мемлекеттендіру; шаруашылықты орталықтандырылған басқаруды жүзеге асыру.

Алайда ресейлік шаруашылықтың толық күйреуі және большевиктер саясатына қарсы әлеуметтік наразылық Ленинді жаңа экономикалық саясаттың қағидаттарын әзірлеуге мәжбүр етті. Жеке меншіктің, рыноктың , ақшаның, кәсіпкершіліктің қайта дамуы болды, бірақ пролетариат диктатурасы сақталынды. Ленин шаруашылық есеп және кооперацияның көмегімен капитализмді социализмге біртіндеп қайта құрудың жолын табуға тырысып бақты. Алайда бұл идеялар утопиялық болып шықты. Рыноктық қатынастардың және экономикалық демократияның барлық элементтері 1930 жылдары жаппай ланкестіктің көмегімен жойылды.

Марксизм-ленинизм іліміне сәйкес жаңа қоғамдық құрылыс – коммунизм – табиғи себептерге байланысты капитализмді сөзсіз жеңеді, коммунизм капитализмге қарағанда анағұрлым жоғарғы еңбек өнімін қамтамасыз етуге қабілетті болады деген теориялық жағдайы оның негізгі қателіктері болып табылады. Бірақ іс жүзінде коммунизмді құру әрекеті табысты аяқталмады.

Марксизім - ленинизм іліміне ілесуге тырысқан елдердің тарихы оның ішкі оғаштығын көрсетті: кәміл коммунисттік қоғам құруды теориялық негіздеу ретінде жасалынған, ол ақырында жасалынған тоталитарлық коммунисттік режимінің идеологиялық негіздеу болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет