Неоинституционализм классикалық емес теорияның жалғасы және дамуы ретінде 1950-1960 жылдарда пайда болды. Неоинституционализм институттар зерттелімінде өзара тиімді айырбасты жасау және пайдалану көзқарасы тұрғысынан – ұтымды таңдау моделінің негізінде институттардың қалыптасу үдерісін талдай отырып, ресурстарды орналастыру тиімділігімен және экономикалық дамумен байланысты аспектілерге ерекше көңіл аударады. Неоинституционализм әлеуметтік және саяси үдерістерді адамның экономикалық қылығының өзінше түсінілуі ретінде қарастырады. Адамдар арасындағы кез-келген қатынастар бұл жерде өзара тиімді айырбастың өзін қарамай, көлеңкесі қарастырылады, ал мұндай тәсілді контракттық (келісімшарттық) парадигма деп атайды. Институционалдық теорияның бұл бағытын талдау сферасы өте кең. Оған адамның дара қылығы, институттар мен ұйымдар, контракттар, меншік құқығы, қоғамдағы мемлекеттің рөлі және басқалар кіреді.
Қазақстанда шаруашылық жүргізу мен басқарудың қағидатты жаңа жүйесіне көшу экономикадағы инсти-
туционалдық ортаға мемлекеттің белсенді ықпалын ұйғарады. Қазақстанда болып жатқан институционалдық қайта құрулар формалды және формалды емес институттардың «келісім-
сіздігімен» сипатталады.
Қазақстанда реформалар жылдары рынок пен мемлекет арасында өзара іс-әрекеттің және функцияларды шектеудің тиімді механизмдері пайда болмады. Мемлекетік билік қоғамның үстінде тұрмай немесе одан тыс болмай қоғамға қызмет етуі тиіс. Реформалардың нәтижелері институттардың, адам мен мемлекеттің қалай өзара іс-әрекет етуіне байланысты болады.
Сонымен бірге мемлекеттік билікті нығайтудың қазіргі жағдайларында оның органдары ұйымдар үшін неғұрлым қолайлы институционалдық ортаны құруға нақты жәрдемдесуге мүмкіндік алады.
Қазақстанда рыноктық реформаның тиімділігін қамтамасыз ету үшін трансакциялық шығындар жиынтық шығындарды азайту үдерісіне ие болатын және қысқартуға жеткізетін реформаны қалыпты институционалдық шеңберлерге енгізу керек. «Мемлекеттік реттеуді көбірек – мемлекеттік реттеуді азырақ» баламасын «реттеудің шығындары – пайдалары» тәсілдемесінің негізінде экономикалық жазықтыққа аударған орынды. Бұл тәсілдеме реттеу бағдарламаларының шығындарын да, сондай-ақ осы бағдарламалардан болатын әлуеттік пайдаларды да безбендеуді ұйғарады. Институционалдық тәсілдемеге сәйкес мемлекет – бұл ерекше ұйым, оның, рыноктық ортада жұмыс істейтін көптеген ұйымдар сияқты ұйымдардың мөлшерлерін және демек, олардың шекарасын айқындайтын басқарудың трансакциялық шығындары туралы пайымдалуы әділеттілік.
Мемлекеттік реттеудің тиімділігі шаруашылық жүргізу субъектілерінің шығындарын азайтуға оның көмектесуіне байланысты болуы тиіс. Мемлекеттік реттеу экономикалық агенттер үшін күшті институционалдық шеңберлер жасауы және оларға әлемдік рынокқа сәйкес тең бәсекелестік жағдайлар жасауы тиіс. Фирмалардың, сондай-ақ басқа экономикалық субъектілердің ұтымды болжалдарды есепке алуы Қазақстан Республикасының экономикасын мемлекеттік реттеудің міндетті элементі болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |