12 –Тақырып. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу. Дәрістің мақсаты



бет4/16
Дата26.04.2022
өлшемі40,16 Kb.
#32399
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Дәріс-12

Неоклассикалық бағыт табысты барынша көбейтуге және шығындарды барынша азайтуға ұмтылатын экономикалық адам деп аталатынның (тұтынушының, кәсіпкердің,жалдамалы жұмыскердің) мінез-қылығын зерттейді. Талдаудың негізгі категориялары – шекті мөлшерлер (маржинализм). Өкілдері:
К. Менгер, Ф. фон Визер, Э.фон Бём-Баберк, У.С Джевонс,
Л.Вальрас, Дж.Б.Кларк, И Фишер, А Маршалл және А. Пигу. Неоклассикалық бағыттың экономисттері шекті пайдалылық теориясы мен шекті өнімділік теориясын, жалпы экономикалық тепе-теңдік теориясын, бұл теорияға сәйкес еркін бәсеке мен рыноктық баға белгілеу механизмі табыстарды әділетті бөлуді және экономикалық ресурстарды толық пайдалануды қамтамасыз етеді, қағидаттары мемлекеттік қаржылардың қазіргі теориясының негізіне қойылған әл-ауқаттың экономикалық теориясын (П.Сэмуэльсон), ұтымды күтулер(үміттер) теориясын және басқаларын әзірледі.

Неоклассикалық экономикалық теория, классиктер сияқты экономикалық либерализм қағидатына,еркін бәсеке қағидатына сүйенеді. Бірақ өздерінің тәсілдемелерінде неоклассиктер іргелі практикалық проблемалардың зерттелімдеріне ерекше көңіл аударады, сапалыққа(мазмұнды,себепті – салдарлы) қарағанда сандық талдау мен математикасы үлкен дәрежеде пайдаланады. Макроэкономикалық деңгейде, кәсіпорын мен үй шаруашылығы деңгейінде шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану проб-


лемаларына көбірек көңіл бөлінеді. Неоклассикалық экономи-
калық теория қазіргі экономикалық ойдың көптеген бағыттары негіздерінің бірі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет