Маржинализм шекті мөлшерлерді пайдаланудың негізіндеэкономикалық үдерістердің заңдылықтарын зерттейді. Тиісінше маржиналистік теориядағы барлық негізгі категориялар сандық талдауды қолдануға негізделген. Бұл: шекті өнімділік, шекті шығындар, шекті пайдалылық сияқты категориялар. Теория экономикалық үдерістерді зерттеуге сандық әдістерді қолдануға мүмкіндік берді; экономикалық модельдер жасауға мүмкіндік берді; сұраным икемділігін талдауға және оптимум проблемасын қоюға мүмкіндік берді. Теорияның мәні:
1) талдау әдістері өзгерді – шығындардан түпкі нәтижелерге. Экономикалық теория үшін бастапқы мезет индивидтердің экономикалық мінез-қылығының субъективтік уәждемесі қабылданды. Экономикалық ғылымға алғашқы рет шектілік қағидаты енгізілді және шекті талдау пайда болды;
2) мәселелердің қойылымы өзгерді. Маржиналистер тіректі мөлшерлер өзгеріп үлгермейтін қысқа мерзімді кезең үшін сипатты статистикалық есептерге жасады.Бұл ретте қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ресурстарды пайдаланудың әр түрлі әдістері талданады;
3) құндылық теориясында төңкеріс болды. Классикалық тәсілдеме,яғни еңбек шығындарына немесе басқа факторларға жинақтау дәрежесімен, яғни қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесімен анықталады;
Мәселен, А.Маршалл шекті пайдалылық және шекті шығындар сұраным және ұсыным арқылы өзара әрекет етеді деп санады: шекті пайдалылық сұранымның дара бағасын,ал шекті шығындар ұсыным бағасын анықтайды. Сөйтіп, ол сұраным мен ұсыным, шекті пайдалылық және шығындар тауардың рыноктық құнын қалыптастырудағы тең құқықты факторлар екенін көрсетті. Кемімелі пайдалылық заңына сәйкес А.Маршалл сұранымның бағаға кері тәуелділігін көрсететін төмендеу еңкішімен сұранымның қисық сызығын салды. Оның ілімі сонымен бірге өзіне «сұраным икемділігі» тұжырымдамасын кіріктіреді. Маршалл негізгі және қосымша шығындарды (тұрақты және өзгермелі) бөліп көрсетті, өндіріс көлемінің сыбағалы (меншікті) шығындарға ықпалын қарастырды, екі үрдістің: өскелең қайтарымнан және өндіріс ауқымдарынан болатын тұрақты қайтарым үдерісінің болатыны туралы түйін жасады. Ол уақыт факторын баға белгілеу моделіне енгізе отырып, шығындар теориясы мен шекті пайдалылық теориясын біріктірді, қысқа мерзімді кезеңде негізгі рөлді пайдалылық, сұраным ойнайтынын, ал ұзақ мерзімді кезеңде өндіріс шығындары ойнайтынын көрсете отырып, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерді шектеді. Сұраным мен ұсыным тепе-теңдікте немесе сұраным бағасы ұсыным бағасына тең болғанда («Маршалл кресі»), сұраным және ұсыным қисық сызықтарының қиылысқан нүктесіндегі бағаны А.Маршалл тепе-тең (орнықты) баға деп атады.
Достарыңызбен бөлісу: |