12-Тақырып. Фискалдық саясат, оның мақсаттары мен құралдары. Мақсаты


Бюджет тапшылығы, оның түрлері және қаржыландыру әдістері



бет5/7
Дата05.12.2022
өлшемі112,74 Kb.
#54908
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
12 Тақырып Фискалдық саясат, оның мақсаттары мен құралдары

12.3. Бюджет тапшылығы, оның түрлері және қаржыландыру әдістері.


«Ұсыныс экономикасы» теориясын жақтаушылар салық мөлшерлемесін төмендетуді экономикалық өсудің маңызды факторы деп санайды. Американдық экономист Артур Лаффер (1941 жылы туылған) өткен ғасырдың 80-жылдары АҚШ президенті Рональд Рейганның экономиканы тұрақтандыру бағдарламасына қатысу барысында өзінің теориясын қалыптастырды. Ол «Лаффер қисығы» арқылы сипатталатын «Лаффер әсері» деген атқа ие болды.
Лаффер қисығы – бұл бюджетке түсетін салықтық түсімдердің салық мөлшерлемесінің деңгейіне тәуелділігін сипаттайтын қисық сызық.
Лаффер әсері – бұл кәсіпкерлік табысқа салынатын салықтардың тым жоғары болуына байланысты инвестициялық белсенділіктің жоғалуы мен еңбекке ынтаның төмендеуі салдарынан ресми экономиканың көлеңкелі экономикаға өтуі.

Ең алдымен, бюджет-салық саясатының мән-мағынасын жете түсіну үшін, мемлекеттік бюджет туралы қарастыруымыз қажет.


Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің міндеттері мен қызметтерін қаржыландыруға арналған ақша-қаражаттарын қалыптастырудың және шығындаудың нысаны; заңдылық тәртіппен бекітілген мемлекеттің кірістері мен шығыстарының құрылымы. Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдауда мемлекеттік шығындардың орны ерекше болады.


Мемлекеттік шығындар төртке бөлінеді:
1. Мемлекеттік тұтыну (СG).
2. Мемлекеттік инвестициялар (IG).
3. Трансферттік төлемдер (Tr).
4. Мемлекеттік қарыз бойынша пайыздарды төлеу (rDG).


Мемлекеттік кірістің көздері мыналар:
1. Салықтар (Tх ), соның ішінде, тікелей dirx ) және жанама indx ) салықтар. Олай болса, жиынтық салықтар мынаған тең:
Tx dirx + Тindx.

Осы жерде, таза салықтар (Т) деген ұғым да қарастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет