12-Тақырып. Фискалдық саясат, оның мақсаттары мен құралдары. Мақсаты



бет4/7
Дата05.12.2022
өлшемі112,74 Kb.
#54908
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
12 Тақырып Фискалдық саясат, оның мақсаттары мен құралдары

mt = ∆Y / ∆T = –MPC / 1 – MPC,

және, бұл салықтардың бір бірлікке өзгеруі кезінде табыстың бірнеше есеге өзгеруін немесе салықтардың өзгеруі есебінен туындаған ұлттық өндіріс көлемі өзгеруінің салықтардың өзгеруіне қатынасын көрсетеді.


Ал жиынтық табыстың өзгеруін мына формуладан көре аламыз:

Y = –∆T × MPC / 1 – MPC.


Айталық, үкімет қосымша мемлекеттік шығындарды жабу үшін салық саясатын қатаңдатып, салық мөлшерлемелерін көтерді. Сөйтіп, осы шараларды іске асырудың нәтижесінде мемлекеттік шығындар да, салықтық түсімдер де 100 мың теңгеге өсті делік. Тұтынуға шекті бейімділік 0,8-ге тең. Енді бұл жерде үкіметтің жүргізген шараларының салдарынан туындаған өндірістің тепе-теңдік көлемінің өзгеру шамасын анықтау қажет. Ол үшін мемлекеттік шығындар мен салық мультипликаторларының мәндерін


анықтаймыз:
mg = ∆Y / ∆G = 1 / 1 – MPC = 1 / MPS = 1 / 0,2 = 5,
mt = ∆Y / ∆T = –MPC / 1 – MPC = – 0,8 / 0,2 = –4.
Бұл жағдайда мемлекеттік шығындар есебінен болған Y-дің өсімі мынаны құрады:
Yg = ∆G × mg = 100 × 5 = 500
Ал салықтардың өсуі нәтижесінде болған Y-дің қыстаруы мынаған тең болды:
Yt = ∆T × mg = 100 × (–4) = –400.
Олай болса, ұлттық өндіріс көлемінің жалпы өзгерісі мынаған тең болады:
Y = ∆Yg + ∆Yt = 500 – 400 = 100,
яғни өндіріс көлемі мемлекеттік шығындар мен салықтардың бастапқы өзгерістері сияқты шамаға өзгереді.
Бұл қорытынды экономикадан 1989 жылғы Нобель сыйлығының иегері, норвегиялық ғалым Трюгве Хаавельмо атымен байланысты «Хаавельмо теоремасы» деген атқа ие болды.

Баланстанған бюджет мультипликаторының әрекеті мынамен байланысты, яғни мемлекеттік шығындардың ұлғаюы әсеріне қарағанда, салықтардың өсімімен болған мультипликативтік әсер әлсіздеу болады. Сондықтан салық саясаты ЖІӨ көлеміне әсер ететін жанама шараларға, құралға жатады, ал сол мезетте мемлекеттік шығындарды өсіру арқылы
үкімет ЖІӨ-ге тікелей әсер ете алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет