56.Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы және негізгі оқиғаларын көрсетіңіз Қазақ хандығының әрмен қарайғы нығаю процесі жер аумағының кеңеюі Сырдария өңірінде, Оңтүстік Қазақстан өлкелерінде мемлекеттін орнығуымен қатар жүрді. Қазақ хандары Сыр бойындағы қалалы өңірлерді өзінің экономикалык және әскери базасы деп таныды.
Құрылуы-Қазақ хандығы – Қазақстан аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік қатынастардың өзгерістер мен экономикалық даму нәтижесі. 1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері – Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. 1465 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно саяси процестердің заңды қорытындысы еді.
XV ғасырдың 60- жылдары Қазақ хандары қарсыластарын тықсыра отырып, Батыс Жетісуға табан тіреді. XVI-XVII ғасырларда Қазақ хандығы нығайып, этникалық аумағының негізгі бөлігін қамтитын шекаралары кеңейе түсті. Орта Азия, Астрахан, Қазан, Сібір хандықтарымен, Ресеймен тығыз байланыс болды. Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел, Тәуке хандардың есімдері Қазақ мемлекеттілігі деген атаумен қоса жүреді. Өйткені олардың қазақ жерін нығайтудағы, қазақтардың үстемдігін орнатудағы әрекеттері орасан зор болатын.XV-XVII-ғ. Қазақ хандығы дәуірінде қазақ этносының материалдық және рухани мәдениетінің негізгі сипаттары қалыптасты.
Қазақ хандығының құрылуы бізде тікелей Әбілқайыр хандығына байланысты. Яғни 1457 жылы Әбілқайыр хан мен ойраттардың басшысы Үз Темірдің арасында шайқас болады. Сол шайқаста Әбілқайыр хан жеңіліп Үз Темірдің айтқан шарттарына келіседі. Сондай масқара ауыр шарт жасасқан соң, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетеді. Ал Әбілқайыр өз ұлысында қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Ол салықты көбейткен кезінде ,оның бұндай іс әрекеттеріне халықтың ашу ызасы шығады. Оған қарсы күресті Жәнібек пен Керей басқарды.
1457 жылдан кейін Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап Шығыс Дешті Қыпшақтан Батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударады. Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға қоныс аударған қазақтарды Әбілқайырға қарсы пайдалану үшін оларды құшақ жая қарсы алып, қоныс берді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң Әбілқайыр хан дүние салды да, Өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан мен Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер «қазақтар» деп атады. Осылайша бізде қазақ хандығы пайда болады. Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды. Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды . Қазақ хандығының құрылуы «жаңа мемлекеттік жүйенің» басталуы болды. Қазақ халқы қалыптасуға бет бұрған кезеңде халықтың тұрақты өмірі мен тіршілігін, атамекеннің тұтастығын, дамуға деген талпынысын қамтамасыз ете алатын жалғыз фактор – мемлекет тұтастығының болуы еді.Мұндай қоғамдық сұранысты дер кезінде түсінген Керей мен Жәнібек болды.
Жаңа кұрылған Қазақ хандығы құрамына, яғни батыс Жетісу өңіріне он шақты жыл айналасында екі жүз мыңдай адамнан құралған көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс пен қонысты керек етті. Сонымен қатар көшпелі ел үшін отырықшы, егіншілігі көркейген аудандармен, әсіресе, қолөнері мен саудасы дамыған экономикалық орталық – Сырдария жағалауыңдағы қалалармен сауда-саттық жасау маңызды мәселеге айналды. Бұл қарым-қатынастың оңалуына тек көшпелі ел ғана емес отырықшы аймақтардағы халық та мүдделі болды. Осы жағдайларға байланысты Қазақ хандығының алдында үлкен тарихи міндеттер тұрды:
1. Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі тәртібін қалпына келтіру.
2. Шығыс пен батыс сауда керуен жолдары өтетін Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Яса (Түркістан) т.б. қалаларды Қазақ хандығына қарату. Себебі Сырдария бойындағы қалаларды экономикалық және әскери тірекке айналдыру Дешті Қыпшақ даласын билеудің басты шарты болып келген.
3. Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территориясын біріктіру болды.
XV ғасырдың 70 жылдарында қазақтар Сырдария бойы және оған жалғас Қаратау өңірінің бірсыпыра территориясын басып алды. Сөйтіп қазақ хандығының территориясы әлдеқайда кеңейді, оған жан-жақтан қазақ тайпалары келіп қосылып жатты.