120-сұрақ Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы анықтаңыз


-1966 жылдардағы экономикалық реформалардың аяқталмауы себептерін талдаңыз



бет74/84
Дата21.12.2023
өлшемі346,68 Kb.
#142148
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   84
Байланысты:
120 (40-80) (1)

100. 1965-1966 жылдардағы экономикалық реформалардың аяқталмауы себептерін талдаңыз
60-жылдардың ортасында экономиканы интенсивті дамуына жол ашуға әрекетінде жаңа шаруашылық реформаларын жүргізе бастады. 1965 жылы жаңа экономикалық реформа бойынша аймақтық халықшаруашылық кеңестер таратылып, салалық одақтық-республикалық министрліктер арқылы өнеркәсіпті басқаруға көшірілді.
Жаңа жүйеге сәйкес шаруашылық есеп кәсіпорындарға дербестік берді. Өндіріс орындар шаруашылық есеп жүргізуде шығындарды үнемдеу арқылы материалдық ынталандыру және марапаттау сияқты шараларға қол жеткізетін болды.
Өндірісті механикаландыру мен автоматтандыру жоспарлары қабылданды. Әйтседе реформалар бір жағынан экономиканы дамытуда біраз көрсеткіштерге жеткізсе, екінші жағынан орталық өктемдік жоспарларға директивалық түзетулер мен толықтырулар енгізуді тоқтатпады. Коммунистік партияның дербес басшылығы, мемлекеттік меншік үстемдігі КСРО-ның экономикалық іргесін өзгерте алмады. Халықтың табысы төмендеп, тауар тапшылығы өсті. Республика шаруашылық салаларының шикізаттық сипаты одан әрі тереңдеді. 70-ші жылдардың ортасына қарай кеңестік экономикасы жүйесінде дағдарыс белгілері айқын ашылды.
101. Қазақстандағы 1986 жылғы Горбачевтың «қайта құру» саясаты: идеологиядағы, экономикалық және саяси өмірдегі ауқымды өзгерістерді талдаңыз
1985 жылдың көктеміне қарай елде экономикалық реформа жүргізу қажеттігі айқын сезілді. 1985 жылы наурыз айында КОКП Орталық комитетінің бас хатшысы болып М.С. Горбачев сайланды. Қызметінің алғашқы күнінен бастап елдегі дағдарыс жағдайының себептерін ашу үшін батыл шаралар жүргізіп, күн тәртібіне кадр мәселесін қойды.М.С. Горбачев экономикалық реформаны жүргізуді бастау үшін жас кадрларды тарта отырып, өз «командасын» жинады. Партия мен мемлекет басшылығына жаңа адамдар келді.1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. Бұл бойынша қоғамды түбегейлі өзгерту және әлеуметтік экономиканы дамытуды тездету тапсырылды. Қоғамдағы адамдардың рөлін арттыра отырып, өндірісте тәртіпті күшейту, еңбекке ынталандыруды жетілдіру көзделді.М.С. Горбачев саясатының ұраны: жариялық, жеделдету, қайта құру.Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. М. Горбачев командасы экономика мәселелерін әлі бұрынғыша әмір беру әдістерімен шешуге болады деген сенімнен арылмады. Коммунистік басшылық әр республика өз шаруашылығын өзі басқаруы керек деген пікірлер мен талаптарды жершілдік, ұлтшылдық бағыттағы саяси ойын деп санады.Қайта құру бағыты алғашқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. 1987 жылғы Маусым пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселелеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда тауар-ақша қатынастарының рөлі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес тауар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Алайда бұл шаралар іске асырылмады. Халықшаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын тауарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері азайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет