120-сұрақ Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы анықтаңыз


Сырым Датұлы бастаған, Қаратай мен Арынғазы сұлтандардың ұлт-азаттық қозғалыстарын талқылаңыз



бет34/61
Дата24.12.2023
өлшемі153,07 Kb.
#143175
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   61
68.Сырым Датұлы бастаған, Қаратай мен Арынғазы сұлтандардың ұлт-азаттық қозғалыстарын талқылаңыз
Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздің ұлт-азаттық қозғалысы 1783-1797 жылдары Кiшi жүзде болды. Қозғалыстың негiзгi себебi патша үкiметiнiң отаршылдығының тереңдеуi, күшейе түсуi едi. Бұл патша үкiметiнiң қазақ жерiне бекiнiс салуы, қазақ жерлерiн тартып алуы, жергiлiктi әкiмшiлiктiң халыққа зорлық-зомбылығының күшеþiмен көрiндi. Осы кезде Жайық пен Едiл арасындағы құнарлы жердi патша үкiметi қалмақтарға берiп қойғанды. 1771 жылы қалмақтар бұл жерден жоңғар жерiне қарай ауа көшкен соң патша үкiметi халықтың талабымен бұл жерге қазақтардың қоныстануына ұлықсат еттi. Оның билiгi кiшi жүздiң ханы Нұралы мен Ресейдiң жергiлiктi әкiмшiлiгiнiң қолына өттi, бұл екеуi бiрiгiп халықты Жайықтың батысына өткенi үшiн пәре алып аяусыз тонады. 1782-83 жылдары Жайықтың сол жақ жағалауында жұт болып халық күйзелдi.Қозғалысты байбақты руының басшысы, Пугачев көтерiлiсiне белсене қатысқан С.Датұлы басқарады. ХҮІ-ХІХ ғасырдағы Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы Кіші жүзде және Орта жүзде көптеген көтерілістер мен қозғалыстар болды. Мұндай көтерілістердің ішіндегі ең алғашқысын С.Датұлы бастады деп айтуға болады. ХҮІІІ ғасырдың аяғында басталған көтеріліс 20 жылға созылды (1783-1803 жж.).
69.Бөкей хандығындағы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілісінің сипаты мен маңызын талдаңыз
1836-1838 жылы Бөкей ордасында болған ұлт-азаттық қозғалысты рубасы Исатай Тайманов пен ақын Махамбет Өтемiсов басқарды. Көтерiлiстiң негiзгi себебi патша үкiметiнiң отаршылдық әрекетi едi. Патша үкiметi Каспий теңiзiнiң шаруашылық жүргiзуге қолайлы солтүстiк жағалауын Ресей помеùиктерiнiң қолына бердi. Олар осы жерден балық аулау, тұз алу, егiн егу, мал-жаю кәсiпкерлiгiмен шұғылданбақшы болған халықты қатал қанады. Бұл көтерiлiстiң негiзгi себебi едi.Сонымен бiрге көтерiлiсшiлер Жәңгiр хан мен оның туыстарының қарапайым халыққа жасаған қиянатына қарсы шықты. Исатай мен Махамбет қол жинап Ресейдiң отаршылдық әрекетiн жүрiгiзiп отырған сұлтандар мен билердiң ауылдарына шабуыл жасаудан көтерiлiстi бастады. 1837 жылы 5 мыңға жеткен көтерiлiсшiлер Жәңгiр ханның ордасын қоршады. Көтерiлiсшiлер мен жазалаушы отярдтың арасында 1837 жылы 15 қарашада Тастөбе деген жерде қысқа, бiрақ кескiлескен шайқас болады. Көтерiлiсшiлер 100-дей адамынан айрылып ұсақ топтарға бөлiнiп жан-жаққа тарап кетедi.Исатай мен Махамбет көтерiлiсшiлерден шағын отряд құрып жазалаушыларға кенеттен шабуыл жасап үлкен шығынға ұшыратып кетiп отырады. Олар патша әскерлерiне қарсы күрестi жалғастыру үшiн Жайық сыртына өтiп Кiшi жүз халқын көтерелiске жұмылдыруды көздейдi. Осы мақсатпен олар неғұрлым табанды, сенiмдi сарбаздарды бастап 1837 жылы желтоқсанда Жайықтан өтедi. Көтерiлiс басшылары Кiшi жүз халқынан сарбаз жинап бiрсыпыра күшейедi. 1838 жылы шiлде айында жазалаушы отрядпен көтерiлiсшiлер арасында Ақбұлақ шешушi шайқасы болады. Көтерiлiс жеңiлiп, Исатай қаза табады.Сөйтiп Исатай, Махамбет бастаған көтерiлiс жеңiлiске ұшырайды. Бұл көтерiлiс Қазақстан тарихындағы бұқаралық және ұлт-азаттық сипаттағы қозғалыстың бiрi болды. Бұл қозғалыс патша үкiметiнiң отаршылдық саясаты мен үстем тап өкiлдерiнiң сатқындығын әшкерелеп бердi. Көтерiлiс қазақ халқының ұлт-азаттығы үшiн күресiнiң алдағы уақытта да жалғаса беруiне әсер еттi


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет