120-сұрақ Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы анықтаңыз


Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы: қозғаушы күштері, барысы, негізгі кезеңдері және жеңіліс себептерін талдаңыз



бет35/61
Дата24.12.2023
өлшемі153,07 Kb.
#143175
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   61
70.Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы: қозғаушы күштері, барысы, негізгі кезеңдері және жеңіліс себептерін талдаңыз
Көтерілістің қозғаушы күші қазақ шаруалары болды. Саяси тәуелсіздікті қалпына келтіру жолындағы күреске қатардағы егінші де, ағамандар да, сұлтандар да ат салысты. Қазақ жерін әскери отарлауға, Қоқанд бектерінің озбырлығына қарсы жалпы халықтық күрес бұл қозғалысқа азаттық жолындағы күрес сипатын берді. Рас, Кенесарыны қолдауда билердің, ағамандардъщ, сұлтандардың бәрі бірдей бір мақсатты болғаи жоқ: орын ауыстыруға, негізгі күштердің өзге аудандарға өтуіне байланысты руластық белгілері бойынша құралған кейбір жасақтар кетерілісшілерден бөлініп қалып отырды. Жасақтардың жетекшілері Ағыбай, Иман (Амангелді Имановтың атасы), Басығара, Аңғал, Жанайдар, Жеке, Сұраншы, Бәйсейіт, Жоламан Тіленшиев, Бұқарбай және басқалар сияқты әйгілі халық батырлары болды. Көтеріліске қатысқандар арасынан орыстар, өзбектер, қырғыздар, поляктер және басқа ұлт өкілдері кездесті. Кенесары соғыс қимылдарын 1838 ж. көктемінде Ақмола бекінісін қоршап, өртеуден бастады. Бекіністің коменданты, әскер старшинасы Қарбышев пен Ақмола округінің аға сұлтаны, полковник Қоңырқұлжа Құдаймендин өртелген бекіністен әрең дегенде қашып шыға алды. Көп кешікпей көтерілісшілер Торғай ауданына қарай ойысты. Орынбор шенеуніктеріне жазған хаттарында Кенесары өзінің бұл қадамын Орынборға жақынырақ келіп қоныстап, келіссөздер жүргізуімді жеңілдету үшін жасадым деп түсіндіреді. Ал іс жүзінде сұлтан көтерілісті Ресейми тікелей жанасып жатқан 1836-1838 жж. Исатай Таймановтың басшылығымы көтеріліс болған Кіші жүз жеріне таратуды мақсат тұтты. Жоламан Тіленшиев батыр бастаған төртқаралықтар, шөмекейлер, табындықтар және басқа рулар көтерілісшілерге келіп қосылды. Сөйтіп, қозғалыс Кіші жүзді де қамтыды. Күткендегідей, келіссөздерден ешқандай нәтиже шықпады.
71.Жетісу және Сырдария облыстарын (1867 ж.) және Дала облыстарын басқару туралы (1868 ж.) уақытша ереженің жүзеге асырылуы туралы жазыңыз
1867 – 1868 жылдардағы реформалар «уақытша» сипат алып, екі жылға тәжірибе ретінде енгізілді, бірақ заңды тұрғыдан бекітілмей, ХIX ғ. 80-90 жылдарға дейін қолданылды.1. Аумақтық өзгерістер:ІІ Александар патша 1867 ж. 11 шілдеде «Жетісу, Сырдария облыстарын басқару туралы», 1868 ж. 21 қазанда «Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы» уақытша ережелер жобасын бекітті. «Уақытша ережелер» бойынша Қазақстан жері үш генерал-губернаторлыққа бағынды. Олар: Батыс-Сібір, Орынбор, Түркістан. Батыс Сібір генерал-губернаторлығына – Ақмола, Семей; Орынбор генерал-губернаторлығына – Орал, Торғай; Түркістан генерал-губернаторлығына – Жетісу, Сырдария облыстары кірді. 1870 ж. Маңғыстауьприставтығы – Кавказ әскери округына, 1872 ж. Бөкей ордасы – Астрахан губерниясына қарады.2. Басқарудағы өзгерістер:1867 – 1868 жж. басқару жүйесі өзгеріссіз қалды. Генерал-губернаторлықты генерал-губернатор, облысты әскери-губернатор, уезді уезд бастығы, болысты болыс, ауылды ауыл старшыны басқарды. Облыс орталықтарында – полицейлік басқармалар, уездік қалаларда – полицейлік приставтықтар сияқты тәртіп бақылау мекемелері құрылды. Отаршылдық билеудің күшейгені сонша, сайланған болыс пен ауыл старшынын бекіту не бекітпеу әскери губернатордың қолында болды. Егер ол сайлау нәтижесін бекітпей қайта сайлау жүргіземін деп шешсе, оған ешкім қарсы келе алмайтын еді. Отырықшы тұрғындар мен қоныс аударушылар құқық тұрғысынан Ресейдегі селоның және қаланың тұрғындарымен теңестірілді. Бұл ереже қазақ жеріне сырттан көшіп келгендердің мәртебесін арттырды. Қазақ ақсүйектері барлық артықшылықтарынан айырылды.3. Сот жүйесіндегі өзгерістер:Халық дәстүрі мен ислам қағидаларына сүйенген халық соты қатаң түрде билік орындарының бақылауында болды. Христиан дініне қарсы әрекет, жаңа басқару жүйесіне наразылық таныту, алым-салық төлеуден және мемлекет үшін әртүрлі міндеттер атқарудан бас тарту сияқты қылмыстар билер сотының қарауынан алынып, жергілікті отаршылдық биліктің құзіретіне берілді. 1867-1868 жылдардағы ережелер бойынша болыстық соттың үш буыны болған еді: билердің төтенше съезі, билердің болыстық соты, бидің жеке соты. Билердің төтенше съезі тек әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды, ал сот процесі уезд бастығы немесе Облыстық басқарма құқығына ие болған шенеунік қатысқан жағдайда ғана заңды болды. Билер 3 жылға сайланды, олардың қызметін уездік начальник қатаң бақылап отырды.4. Салық жүйесіндегі өзгерістер:1867 – 1868 жж. реформалар бойынша қазақ халқы жылына бір рет «түтін салығын» төлейтін еді. Оның мөлшері: Орынбор, Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы қазақтар үшін 3 сом, Түркістан генерал-губернаторлығындағы қазақтар үшін 2 сом 75 тиын болып белгіленді. Шыңғыс ұрпақтары салықтан босатылды. 1867-1868 жылғы ереженің қазақтарға ең басты ауыртпалығы жер мәселесі болды. Онда қазақ жері Ресей империясының мемлекеттік меншігі деп жарияланып, қазақтарға «қоғамдық пайдалануға» берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет