120-сұрақ Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы анықтаңыз


ХІХ ғ. 20-шы ж.ж. Кіші және Орта жүздер аумағында барлық билік институттарын реформалау және аумақтық-әкімшілік басқару жүйесіндегі өзгерістерді көрсетіңіз



бет36/61
Дата24.12.2023
өлшемі153,07 Kb.
#143175
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   61
72. ХІХ ғ. 20-шы ж.ж. Кіші және Орта жүздер аумағында барлық билік институттарын реформалау және аумақтық-әкімшілік басқару жүйесіндегі өзгерістерді көрсетіңіз
Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі хандық басқару жүйесін патша өкіметінін жойып, жаңа билік жүйесін еңгізуі ХVIII ғасырдың өзінде-ақ Орта жүз бен Кіші жүз хандарын патша өкіметі тағайындай бастаған. Олардың ел басқару қызметін жергілікті патша әкімдері бақылап отырды.XIX ғасырдың 20-жылдарында Ресей үкіметі қазақ арасында хандық өкіметті біржола жойып, ел басқарудың жалпы ресейлік тәртібіне жақындатуға кірісті. Бұл шараларды іске асыру Орта жүзден басталды. Уәли хан өлгеннен кейін (1819), «Сібір қазақтары туралы Жарғыға» сәйкес (1822) Орта жүзде хандық билік жойылды. Жүз территориясы сыртқы сегіз округке бөлініп оларды аға сұлтандар басқаратын болды.Жарғы бойынша 50-70 үй бір ауыл, 10-12 ауыл бір болыс, 15-20 болыс бір округ. Ауылды үш жылға сайланатын старшын, ал болысты болыс басқаруға тиіс болды патша үкіметі XVIII ғасырдың аяқ шеніне қарай Кіші жүзде хандық өкіметті жоюға кірісті . Игельстром реформасы Кіші жүзді басқарудың 1786 жылғы Екатирина ІІ қуаттаған жобосы.Игельстром реформасының сәтсіздікке ұшырауының басты себебінің – дәстүрлі басқару түрін жоюдың алғы шарты қалыптасуында болатын. Расправаларының басқару ісіне араласуына Кіші және Орта жүздердегі ықпалды сұлтандар қарсы шықты, олар Кіші жүздегі хандық билікті қалпына келтіруге ұмтылды.
73.1868-1869 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы және 1870 ж. Маңғыстау қазақтары көтерілістерінің себептері, сипаты мен барысын талдаңыз
1868 жылы желтоқсанда Торғай және Орал облыстарында отаршылдарға қарсы көтеріліс басталып, 1869 жылдың қазан айына дейін созылды. 1869 жылдың көктеміңде көтерілісшілердің қаруланған отрядтары құрылады және олар басқару комиссиясына шабуыл жасап қарулы әскерлерге қарсылық көрсетеді. Көтерілісті Сейіл Түркебаев, Беркін Оспанов басқарып, олар Ембі өзенінің аумағын бақылауға алады. Көтерілісті басу үшін Мәскеу, Петербург, Харьков, Қазан әскери округінен, бекініс гарнизондарын қоспағанда 20 зеңбірегі бар 5300 адам жіберіледі. Жазалаушылар келгеңде көтерілісшілер Сағыз, Ембі өзендерінің бойына шоғырланады. 1869 жылдың 6 мамырында Жамансай шатқалында көтерілісшілер Штемпельдің 200 адамынан тұратын әскеріне шабуыл жасап, 20 мың көтерілісші 7 күндей оларды қоршауда ұстайды. Соңынан бұл отряд Калмыков бекінісіне шегінеді. Осындай шайқас Ашыбұлақ өзенінің бойыңда майор Тероговтың отрядымен де болады. 1869 жылдың наурызынан маусым айына дейін сұлтан, би, болыс басқарушыларының ауылдарына 3000 адам қатысқан 41 шабуыл жасалды.1870 жылы наурызда Маңғыстау түбегінде көтеріліс басталды. Оған Маңғыстау приставы подполковник Рукиннің әскерлері мен қазақтардың көмегімен адай тайпасының қазақтарына «уақытша ережені» қабылдауына мәжбүр еткен Ембі өзенінің бойына дәстүрлі маусымдық көшпелілікпен айналысуларына тыйым салуы себепші болады. Бозашы түбегіндегі көтерілісті Досан Тәжиев пен Иса Тіленбаев басқарады. 1870 жылы 15 наурызда пристав Рукиннің және қазақтардың отряды адайлықтарды жайлауға бара жаткан жерінен тоқтату үшін Құрыш шатқалына барады. 22 наурызда көтерілісшілер бұл отрядты қоршауға алады. Көтерілісшілер мен патша жазалау отрядтары арасында болған шайқаста патша әскерлері жеңіліске ұшырайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет