120-сұрақ Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы анықтаңыз


-1220 жж. «Отырар апаты» оқиғасын суреттеңіз



бет26/61
Дата24.12.2023
өлшемі153,07 Kb.
#143175
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   61
53.1219-1220 жж. «Отырар апаты» оқиғасын суреттеңіз
Шыңғысхан өзіне тәуелді елдерден алған жасақтармен қоса жалпы саны 120-150 мыңға дейін адамы бар қалың қол жіберді. Жорық 1219 жылғы қыркүйекте Ертіс жағалауынан басталды. 1219 жылы қыркүйекте Шыңғысхан әскерлері Отырар қаласына келіп, оны қоршауға алды. Қалада 80 мыңдай әскер бар еді. Отырар қорғанысы Қазақстан мен Орта Азияның халық бұқарасының монғол басқыншыларына қарсы жүргізген ерлік күресінің айқын көрінісі болды. Сыр бойындағы қалалардың тұрғындары да ерлікпен қорғанды. Соның бірі Сығанақ қаласы еді. Бірақ көп ұзамай Сығанақ құлады. Сонан соң Үзгент қаласы да алынды. 1220 жылы 4 сәуірде монғолдар әскері Жент қаласын бағындырды. Әскердің Жошы жіберген басқа ірі шоғыры Янгикентті басып алды. Сыр бойындағы қалалардың қарсылығын жеңгеннен кейін Шыңғыс ханның әскерлері Орта Азияның ішіне баса көктеп енді. Бірақ мұнда да олар халық бұқарасының қасарысқан қарсылығына кезікті. Үргеніш қаласының тұрғындары қаланы бірнеше ай бойы ерлікпен қорғады. Сондықтан бұл қалаға Жошы, Шағатай және Шыңғысхан әскерлерін әкелуге мәжбүр болды. Қала алдырмады. Оны тура шабуылмен ала алмаған моңғолдар Әмудария өзенінің бөгетін бұзып, қаланы топан суға қаптатып барып қана басып алды. Сонымен, 1219-1224 жылдарда болған шапқыншылық нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғысхан империясының құрамына енді.
54.Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы туралы баяндаңыз.
Алтын Орда – Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекеттердің бірі. Орталығы алғашында Сарай-Батуда (Еділ бойында) болды, кейін Сарай-Беркеге көшірілді. Батый хан Алтын Орданы құрып, 1227-1255 жылдары мемлекетті басқарған. Мұсылман деректерінде Батый хан әділ адам болғандығы айтылады. Батый хан мұсылмандардың ең жақын қамқоршысы деп есептелген. Орыс жылнамаларында Батый ханның Алтын Орданың экономикалық қуатын арттыруға, қалалық өмірдің жандануына ерекше көңіл бөлгендігі айтылған.
1236-1242 жылдары Батысқа жасалған жеті жылдық жорықты Батый хан басқарды. Берке хан Монғол империясына тәуелділігін мойындамай, бүкіл монғолдық құрылтайға қатысудан бас тартты. Берке хан Алтын Орданы күшейту үшін мұсылман дінін қабылдады. Меңгу-Темір 1271 жылы Египетпен байланысына кедергі болуға тырысқан Византияға қарсы жорыққа шықты. Византия императоры соғыстан бас тартып, бейбіт келісімге келді. Бұл келісім Алтын Орданың Жерорта теңізі бойындағы қалалармен сауда қатынасын жақсартты. Тохты хан Алтын Орданың саяси жағынан мемлекеттік беделінің көтерілуіне зор үлесін қосты. Ол Иран, Кавказ елдерімен сауда байланысын жандандырған. Египетпен тығыз қатынаста болды. Алтын Орданың гүлденген кезі Өзбек хан мен баласы Жәнібек ханның билігі тұсында болды. Өзбек хан қалалық өмірдің дамуына қатты көңіл бөлген. Оның билігі кезінде мұсылман діні мемлекеттік дін болып жарияланды.
14 ғасырдың екінші жартысында Алтын Орда ішінде алауыздық күшейді. Жошы ханның екінші бір ұрпағы Тоқтамыс Әмір Темірдің көмегімен Алтын Орданың билігін алады. Әмір Темір Алтын Ордаға шабуылдап, мемлекетті бас көтере алмастай етіп тұралатты. 15 ғасырдың ортасында Алтын Орда бірнеше хандықтарға бөлініп кетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет