24.Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолының ежелгі дәуір мен орта ғасырдағы маңызын атап өтіңіз Ұлы Жібек жолы сан алуан халықтар мемлекеттер және мәдениеттер арасындағы тарихи байланыстардың көп бағдарлы желісін тудырғаны соншалық үнемі осы негізде оны қайта қалпына келтіру, одан да тамаша
Коммуникациялық қызмет деңгейіне жеткізу қажеттілігі әрдайым туындап отырған. Қазіргі таңда мұның түркі әлемі үшін үлкен маңыз тудырып отырған жағы мынада: Ұлы Жібек жолының қажеттілігі мен пайдалану шарттары қаншалықты өзгеріп отырса да, оның қызметін қайта қалпына келтіріп, ұдайы қолданыста болуын қамтамасыз еткендер – ең алдымен түркі халықтары, олар құрған мемлекеттер мен империялар болатын. Қысқартып айтқанда, әлем тарихы мен өркениеті үшін Ұлы Жібек жолының маңызы қаншалықты үлкен болса, түркі халықтары да оның осы күнге дейін келіп жетуінде, жұмысын жалғастыруында соншалықты үлкен рөл атқарған.
«Жібек жолы» ұғымын алғаш рет ғылыми айналымға 1877 жылы неміс географы Фердинанд Рихтгофен ендірген болатын. Атынан да көрініп тұрғандай, Шығыс Азиядан, нақты айтқанда, Қытайдан Жерорта теңізі елдеріне негізінен жібек саудасының жолы ретінде қызмет атқарса да, уақыт өте келе ежелгі дүниенің одан да кең мәдени-сауда байланыстарын қамтамасыз еткен аса қажетті коммуникация кұралына айналған. Алайда Ұлы Жібек жолының әртүрлі қауіп-қатерге толы болғанын, сондай-ақ тағдырының да әр түрлі кезеңдерде белгілі бір әскери-саяси күштердің, мәдени-экономикалық орталықтардың орын алмастыруына, геосаяси жағдайларға тікелей тәуелді болғанын да ескеру керек. Әр түрлі деңгейде өзгеріп отырса да, негізгі бағыттарын сақтап қалған Ұлы Жібек жолы негізінен түркі мемлекеттері мен мәдениеттері орналасқан аймақтардан өткендіктен, түркі әлемі түрлендіруші саяси өркениет жүйесі ретінде Еуразиядағы барлық геосаяси өзгеріс жағдайларында аталмыш сауда жолының үнемі қолданыста болуын қамтамасыз еткен басты фактор ретінде қызмет атқарған. Ұлы Жібек жолының тармақтары Қазақстан жерінен басып өтуі ірі және кіші қалалардың пайда болуы мен дамуына әсер етті. 1500 жылдан астам тарихы бар Тараз – ең ірі қалаларының бірі. 568 жылы түрік қағаны Дизабул Византия императоры Юстиниан ІІ жіберген дипломатиялық елшілігін қабылдаған. Ортағасырлық деректерде Тараз «көпестер қаласы» деп аталады. Тараз – түргештердің, кейін қарлұқтар мен қарахандықтардың астанасы болған қала. Бұл Тараздың сауда және әскери стратегиялық маңызы бар болған қала екенін дәлелі. Бір деректер бойынша қаланы ежелгі кезде ғұндар әскери бекініс ретінде орнатқан. Қала тұрғындары мықты жауынгерлер болған, жол бойымен өтетін керуендер күзетін белсенді атқарып тұрды. ХІ ғасырдың иран ақыны Тарбизи тараздықтардың мінезімен былай салыстырады: «тараздықтар сияқты батыл, арабтар сияқты жомарт». Тараз маңында қорғасын, күміс, темір және алтын өндіретін металлургиялық құрылыс орындары дамыған. Ұлы Жібек жолының тармақтары Қазақстан қалалары арқылы өтуі мәдениет және өнердің дамуына септігін тигізді. Саудамен қатар Қытай, Алдыңғы Азия, Еділ Бұлғария, т.б елдермен дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастар орнатқан жол болды. Жібек жолы жаңа технологиялар мен ашулар алмасу жолы да болды. Қазақстан осы жол арқылы қағаз және жарылғышты білді. Бүкіл әлем соғыс арбалармен таныс болды, басқа да әскери өнер жаңалықтары тарады. Сақтардың «аңдық стиліндегі» алтын бұйымдардың таңғажайып үлгілері осы жол арқылы бүкіл әлемге белгілі болды. Жібек жолымен Қазақстанға басқа елдердің сәулет құрылыстары, бейнелеу өнері, би, музыка сияқты мәдени ауысулары ағып жатты. Жергілікті халық киім-кешек пен аяқ-киімдер, қару-жарақ пен сауыт-саймандар, дәмдеуіштер мен кептірілген жемістер сатып алды. Батыс пен Шығысты түйістіріп тұрған сауда жолымен христиан, буддизм, ислам, манихейлік діни ағымдар тарады. Қазақстан аумағын мекендеген халықтар ғасырлар бойы әр түрлі діндер мен конфессияларға төзімді және келісімді өмір сүріп келгені ежелден келе жатқан дәстүр.Үндістаннан Қазақстан және Орта Азия арқылы Қытай, Корея, Жапонияға будда діні тарады. Сирия, Иран және Араб елдерінен ислам және