4.Қазақстан территориясында табылған Андронов мәдениетінің ескерткіштерін сипаттаңыз. Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде Волга мен Алтай арасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар қола жасауды меңгерді. Мыс пен қалайының қосындысы қола. Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды.
Оны 1913 ж. Б.Г. Андрианов ашты. Ғылымда шартты түрде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерін Андронов ескерткіштері деп атайды. Бұл атауды ғылыми айналымға 1927 жылы С. А. Теплоухов енгізген.
Жоғары дамыған мәдениет түрі – сәндік әшекейлер көп кездеседі. Б.з.б 8-7ғ аралығында табылған шаш қыстырғыш пен білезік дәлел бола алады. Қазақстан территориясында табылған Андронов мәдениетінің ескерткіштерін сипаттаңыз.Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде Волга мен Алтай арасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар қола жасауды меңгерді. Мыс пен қалайының қосындысы қола. Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды.Оны 1913 ж. Б.Г. Андрианов ашты. Ғылымда шартты түрде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерін Андронов ескерткіштері деп атайды. Бұл атауды ғылыми айналымға 1927 жылы С. А. Теплоухов енгізген.Жоғары дамыған мәдениет түрі – сәндік әшекейлер көп кездеседі. Б.з.б 8-7ғ аралығында табылған шаш қыстырғыш пен білезік дәлел бола алады. Андроново мәдениетінің ескерткіштерінің өте үлкен аумақта табылуына және оның ұзақ кезеңді қамтуына байланысты ғылымда қазір Андроново тарихи-мәдени қауымдастығы деген термин қолданылады. Андроноволықтарды басқа тайпалардан айыратын мәдениеттің ең басты этнографиялық белгілері жерлеу ғұрпы, геометриялық өрнекті балшық қыш ыдыстардың өзінше бір жиынтығы, металл бұйымдардың түрлері болып табылады. Андроново тайпалары тұрқы әр түрлі тас қоршаулар түрінде зираттар тұрғызды, олар тік бұрышталып, дөңгелектей, сопақталып қоршалатын болды. Кейде, әсіресе Орал өңірінде бұлардың орнына обалар үйілді. Өлген тайпалас адамдар не өртелді, не ерекше әдіспен бүйірінен жатқызылып, қол-аяғы бүктеліп, тас тақталардан жасалған «жәшікке» немесе қазылған төрт бұрышты шұңқырға салынып жерленді. Ыдыстар қолдан жапсырылып жасалды. Бұдан ертерек уақытта ыдыстардың түбі шығыңқы домаланып келетін болса, ол енді тайпақ болды