5.Қазақстан аумағындағы энеолит және қола дәуірін зерттеудегі ескерткіштер туралы баяндаңыз Қоладәуірі. (б.з.б. 2-1 мыңжылдықтар). Тасғасырыаяқталғаннанкейін, қолағасырыбасталады. Қолағасырыдепаталуыныңсебебі, осы кездеЕвразиядақолаөндірутәсілімеңгеріліп, қолазаттарынжасайбастады. Қолаеңбекқұралдары мен қаруүшінқолданылатыннегізгішикізатболды. Қоладәуіріндерулыққатынасжойылып, тайпалықбірлестіктерқұрылды.
Қола дәуірінің басты үш ерекшілігі болды.
1.Қола металлургиясы. Түсті металлдар мен алтын өндірістік жолмен игеріле бастады.
2.Бақташылық, мал шаруашылығы. Біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықтың ортасында Қазақстанның далалық тайпаларында алғашқы өндірістің өрлеуі байқалды, мал өсіру интенсивті түрде өрістед
3.Егіншілік. Егіншілік орташа дәрежеде дамыды. Қазақстан аумағындағы энеолит және қола дәуірін зерттеудегі ескерткіштер туралы баяндаңыз Қоладәуірі. (б.з.б. 2-1 мыңжылдықтар). Тасғасырыаяқталғаннанкейін, қолағасырыбасталады. Қолағасырыдепаталуыныңсебебі, осы кездеЕвразиядақолаөндірутәсілімеңгеріліп, қолазаттарынжасайбастады. Қола дәуірінде рулық қатынас жойылып, тайпалық бірлестіктер құрылды. Қола дәуірінің басты үш ерекшілігі болды. Алдымен бұл ерекшелік қола металлургиясымен байланысты. Қазақстан жер қойнауында полиметалдардың, ең алдымен қалайы-мыс рудаларының барынша молдығы бұл территорияда металургияның мықты ошағы шығуынын бір себебі болды. Қазақстанның бірнеше өңірлерінде кен өндірілген орындардың табылуы бұған дәлел болады. Кейінгі ерекшелік шаруашылықты қамтиды. Біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықтың ортасында Қазақстанның далалық тайпаларында алғашқы өндірістің өрлеуі байқалды, мал өсіру интенсивті түрде өрістеді. Осы уақыттан бастап далалық Еуразия халықтарының шаруашылығында мал өсіру неғұрлым көбірек орын ала бастады. Мыстан жасалған шоттың немесе басқа да құралдардың тастан жасалған шапқыға қарағанда жұмыс істеу тиімділігі бірнеше есе артты. Мыстан жасалған құралдар тиімділігі нашар тас құралдарды жаппай ығыстырып шығара бастады. Мыс қалыптардың ойлап табылуы құралдарды көбейтіп шығаруға мүмкіндік берді. Мыстан жасалған өткір жүзді құралдардың пайда болуынан қармақ сияқты бұрын белгісіз болған құралдар да ойлап табылды. Мал шаруашылығы дамыған аймақтарға энеолит кезеңі үлкен өзгерістер алып келді. Бұл дәуірде климат ылғалды еді. Сол себепті де мұндай табиғи орта сүтқоректі жануарлардың, әсіресе жылқы малының көбеюіне жағдай жасады. Бұрын бір жерден екінші жерге жиі қоныс аударатын аңшы тайпалар өздерінің көшу аумақтарын қысқартып, бір орында ұзақ уақыт тұрақтай бастады.Аң аулау алқаптарының босауы мал санының одан ары ұлғаюына әкелді. Ал энеолит тұрғындары төрт түлік малды, әсіресе жылқыларды көптеп қолға үйретіп, анағұрлым үлкен аумақтарда шаруашылықтың бір түрімен шұғылдана бастады. Осыдан олардың неолит кездегіден бөлек өз дербес мәдениеттері пайда болды Бұлар аң және балық аулау құралдарына жатады. Ежелгі тұрғындар аң аулаумен де айналысқан, Ботай қонысынан мыңдаған жылқы сүйектерімен қатар бұланның, еліктің, зубрдың, турдың, аюдың, түлкінің, қоянның, қарсақтың, қабанның, құстардың сүйектері де көптеп табылған. Қола дәуірінің ерекше атап өтетін екі мәдениеті бар. Олар Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері. Қазақстанда қола дәуіріндегі тайпалардан көптеген тұрақтар, кен ескерткіштер қалған. Бұларды Андронов мәдениеті деп атайды. Бұл мәдениет – Еуразиядағы ең ірі қола дәуірінің мәдениеті. Андронов мәдениетінің бірінші ескерткіші 1914 жылы Сібір жеріндегі Андронов қонысындағы Ачинск селосы маңынан табылған. Андронов мәдениеті шығыстағы Минусинск шұнқырынан бастап солтүстік аса үлкен Батыс Сібір жазығынан Қазақстанның оңтүстігіндегі Памир тауларына дейінгі кең-байтақ аумақты қамтыған.