қызметтерді абыроймен атқарды.
ларына ортақтасып көңіл айтамыз.
«Ембімұнайгаз» АҚ ұжымы
жəне «Мұнайшы» қоғамдық қоры
Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз
келсе, мына телефондарға хабарласыңыз:
Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11.
Қазақ тілінде жазатын кадр жоқ.
басқарған.
ның депутаты.
леуден басталды.
достары құттықтады.
спорт залы көрсетілді.
зор сеніммен айтты.
29 маусым 2016 жыл
www.egemen.kz
11
Дода
Тарих толқынында
Сейіліп, серпілгендей таңда мұнар,
Көненің көзі ашылса, жан жадырар.
Халықтың қанша мұнда арманы бар,
Тарихтың қанша мұнда салмағы бар?!
Мəңгілік нұр боп тұнып, əуелеп тұр,
Əз баба, əулие ана, ардақ ұлдар.
О, менің нұр тұнып тұр кеудемде де,
Сезімнің гүлін шашам ел мен жерге!
Аруағын бабалардың медет қылдым,
Жыр етіп, замандарды өрген кезде.
Санада сақталған сыр өзгермейді,
Теңіздей тулап тарих, өзгергенде.
Шет қалмас шежіреде қалған аңыз,
Сондықтан, соларды біз қарманамыз.
Қазақтық қасиетті қастер тұтып,
Табынып, таңдай қағып таң қаламыз.
Тозбайтын тұлпарлардың тұяғы боп,
Жолына бабалардың жалғанамыз.
Жалғанып, жар саламыз болашаққа,
Бойда бар батырлық та, парасат та,
Кешеден келген кемел ақыл-оймен
Ел мен жұрт кенеледі мол атаққа.
Данқы өлмес даналардың орны бөлек,
Көз жұмып, «көнерген» деп санасақ та.
Мўрын ана –
Əбубəкір ҚАЙРАН,
ақын, халықаралық
«Алаш» сыйлығының лауреаты
(Шежіре-аѕыз, жыр-толєау)
Байтағы – баба ырысы бар адамның,
Аруақты ұмытқанды қамалар мұң.
Əспеттер, əсіресе, дана рухын
Ешқашан естен кетпес аналардың.
Ананың ақ жүрегі Күн сияқты,
Ол жəне жаны өмірдің, жанары ардың!
Қазақта аналар көп дара туған,
Бір Тəңір пəрменімен жаратылған.
Ойлаумен елдің мұңын, жердің құнын,
Толғанып, кірпік ілмей таң атырған.
Солардың бірі – əулие Мұрын ана,
Ырыс-бақ арылмаған сабасынан!
* * *
Найманда Қаракерей – қабырғалы,
Мақтаныш, марапаты – нар ұлдары.
Жалғасы – шөбересі Байыс батыр,
Ешқашан жүрген жолдан жаңылмады.
Ұлы жүз Бəйдібекпен құда болды ол,
Матасып жату үшін тамырлары.
Байыстың Құдай берген бес ұлы бар,
Бес ұлдың маңдайының несібі бар.
Сарымырза, Ақымбет пен Сыбан, Қыржы,
Байжігіт – ең кенжесі, сесі – бұлар.
«Бес Байыс» деп атайды бұл бесеуін,
Алдынан жан шықпаған төсін ұрар.
Байысқа ағайын – жұрт құрақ ұшқан,
Күндіз-түн көп ойланды бұл арыстан –
Үйсінде өзіне тең Бəйдібек би,
Қол созып, хабарласып жүр алыстан.
Қайтеді құда түссе бір қызына,
Бар дейсің не жақындық құдалықтан?!
Байыстың үлкен ұлы – Сарымырза,
Батпаған басы сорға, жаны – мұңға.
Осы ұлын үйлендірмек болды Байыс,
Шыдамай ұзақ күтіп сарылуға.
Көп өтпей Бəйдібекпен құдаласты,
Қастерлі Қаратаудың бауырында...
Көсемі бүкіл үйсін ер Бəйдібек,
Басынан бағы таймай, самғады үдеп.
Басқарып байтақ елді, байсын жерді,
Ойлаған орындалды арманы көп.
Дəулетті, сəулетті де Құдай берді,
Жылқысы шұрқыраған – кіл қаракөк.
Жан тартты жақын біткен, бөтен біткен,
Ғұмыры бір танбады көсемдіктен.
Ол ардақ бүкіл үйсін баласына,
Ол аулақ бəсеңдіктен, есерліктен.
Батырлық, билігі де жұртқа аян боп,
Дұшпаны дабысынан қатер күткен.
Бəйдібек жан мен малға мол жарыған,
Қолдаған Қыдыр баба оң жағынан.
Үш əйел алған екен хақ жолымен,
Үмітін үстем қойып мал-жанынан.
Бірінші алған жары – Сары бəйбіше,
Сары үйсін содан тарап, оңғарылған.
Екінші əйелі оның – Зеріп ана,
Табынған əрбір күнге, таңына да.
Ұлдары – шапырашты, ошақты, ысты,
Жолдары оң бастаған қазынаға.
Үш ұлы үш таған боп Ұлы үйсінге,
Лаулаған күннен-күнге бағы жана.
Үшінші – ол Домалақ ана деген,
Пір тұтып, алты алаштың бəрі елеген.
Бұл ана көктен түскен періштедей –
Дүр нұрын қанатынан себелеген.
Анадан албан, суан, дулат тарап,
Жыр болған не бір аңыз, не бір өлең.
Екі қыз бұл анадан туған еді.
Екі нұр – əулиенің нұр дəнегі.
Жүзей мен Қызай деген есімдері,
Қос қыздың елден бөлек сыр, мəнері.
Ғашық боп екеуіне күйіп-жанып,
Болыпты бағландар тым дəмелі.
Қос ару Бір Тəңірге сыйыныпты,
Дүниенің сырын ұқты, күйін ұқты.
Елінен ұзатылып екеуі де,
Дəм жазып наймандарға бұйырыпты.
Батыр мен бай, бағлан дəме күткен,
Сап болып, содан кейін тиылыпты.
Жүзей қыз Сарымырзаға ұзатылды,
Жұбайлар болашаққа құлаш ұрды.
Байыстың батыр ұлы шадыман боп,
Мойнына моншақтай боп күн асылды.
Жүзей қыз келін болып түсе салып,
Атағын ел мен жұрттың шын асырды!
* * *
Мына бір қараңызшы ғажайыпты –
Сол кезде жау да, жұт та азайыпты.
Інісі Қаракерей Матай мырза,
Байлығы лықсып толып, молайыпты.
Баласы Құттыболат ерен шығып,
Атағы ну найманда зорайыпты.
Ұлы да ер жетіпті Шағыр деген,
Бозбала ел-жұртының қамын жеген.
Қолы ашық, жомарт болып бала жастан,
Дейді екен: «Достарыма бəрін берем!».
Қиылған қыздарға да мойын бұрмай,
Ойланып көп жүріпті сабырменен.
Сарымырза қайын жұртқа барғанда ұрын,
Бірге боп, шын танытты заңғарлығын.
Қызайды көрген кезде, көзі жайнап,
Лаулатты жүрегінде жанған нұрын.
Күрсінді: «О, Құдай-ау, болар ма, – деп –
Қызайды ап, Сарымырзадай самғар күнім?!».
Бал татса, у татса да – таңдайынан,
Көз тастап, құдашаға əн қайырған.
Қайтарда нəзік қолын уысына ап,
Елжіреп, сүйіп кетті маңдайынан.
Бозбала содан бері зарлы, мұңлы,
Амалсыз жердің алыс шалғайынан.
Татсам деп махаббаттың бал шырынын,
Жасады жұртқа ырым ғып жақсылығын.
Бір жылдай жүріп-жүріп сабыр сақтап,
Бір күні Сарымырзаға айтты мұңын.
Ағасы мақтан етіп бұл інісін,
Біріне санаушы еді шаттығының.
Сарымырза бұл сырды айтты жарына кеп,
«Мұнысы дұрыс па, əлде, қырын ба?» – деп.
«Бажа боп аға-інілі немерелер,
Жүргенін сан көргенбіз бұрын да» – деп.
«Сол кісі шешер бəрін, атама айтқын»,
Деп Жүзей бір сөз айтты, тілін тежеп.
Айтқан соң бұйымтайын балалары,
Байыс би сақалын көп салалады.
«Сүйекті тез жаңғыртқан əбес пе?» деп,
Қария қалың ойға қамалады.
«Құдалық құда үстіне құт болар» деп,
Осы ойын бекем етіп тағалады...
Бұл хабар кетті бүкіл матайға еніп,
Жаңалық жұртқа жақсы атой беріп.
Бетке алып Бəйдібекті топ жөнелді,
Берілген ақ тілеулі батаға еріп...
Бір айдай өткен кезде бұл шоғыр топ,
«Сүйінші! Көнді!» – деді қайта келіп.
Осылай найман даңқы шарықтады,
Жарқырап жана түсті жарықтары.
Қаратау, Тарбағатай қол ұстасып,
Қос қыран көк жүзінде қалықтады.
Екі рет, құда болды төс түйісіп,
Ұлы үйсін, Өр найманың алыптары!
Қызайдың даңқы шықты мүлде бөлек –
Би Қызай, батыр Қызай елден ерек.
Соғыста қол бастаған жаугер ару
Жөн тапқан қиын кезде күрделірек.
Шағырдан тарағандар «қызаймыз» деп,
Атанды «қызай елі», Құдай жебеп...
* * *
Махаббат – бұл жалғанның бал шырыны,
Жүректің күнге ұмтылған тал шыбығы.
Екі жас шын ұғысса, бұл дүниенің
Білінбес қиындығы, таршылығы.
Ып-ыстық оттай жүрек лаулап тұрса,
Жауратпас жəдігөйдің салқын үні.
Жүзей мен Сарымырзаны қосты Құдай,
Бір-бірін тез түсінді осқырынбай.
Жігітті жайнаған көз жаулап алды,
Шырмады қап-қара шаш ат қылындай.
Ауылдан ұзап шықса, тез қайтатын,
Басы ауып, басқа жаққа көп бұрылмай.
Ел-жұртқа екі жұбай болған аңыз,
(Біз дағы сол леппенен толғанамыз).
Екеуі еркелесіп, күліскенде,
Батасын беріп тұрған, қолдап абыз.
Ай мен күн секілденіп көрініпті –
Алуадай алма бет пен ер, дана жүз.
Жүзей қыз келін болды нақ көрікті,
Жаратқан маңдайына бақ беріпті.
Тəңірге тəубе қылып ер Сарымырза,
Көңілі жан-жарына шат болыпты.
Мұрыны сəл үлкендеу болғанан соң,
Жүзейге «Мұрын» деген ат қойыпты.
Сарымырза батыр екен алабөтен,
Қалжыңға жаны құмар қазақ екен.
Ат қойып, айдар тақса əлдекімге,
Жатталып жұрт есінде қалады екен.
Болған соң аузы уəлі, оны көрген
Етегін тез-ақ жинап алады екен.
Жүзей қыз сөйтіп енді Мұрын болды.
Өкпе мен реніші білінбеді.
«Мұрынның іші қандай?» десе қулар,
«Мұрынсыз бет болмас» деп күлімдеді.
Ұмыт боп бірте-бірте Жүзей аты,
Осылай таң қалдырды рулы елді.
Жарасып кең маңдайға қалам қасы,
Төгіліп тірсегіне қолаң шашы,
Ақ білек, сым саусақта жарқ-жұрқ етер
Саф алтын білезік пен сақинасы.
Зүбаржат алқаменен қабаттасар
Əспетті, əшекейлі тұмаршасы.
Жанары жан ерітер қарағанда,
Жаман сөз айтпайтұғын жан адамға.
Төгіліп тұрар нұры дидарынан,
Көңілі тап-таза, пəк баладан да.
Бұлқынып, жұлқынғандар кеуде соғып,
Жым болған көзін тіктеп қадағанда.
Қолынан ине түспес ісмер еді,
Күн сайын үйдің іші іреңделді.
Жинап ап абысын мен ажындарын,
Үйретті тоқытуға кілемді енді
Жүзей қыз келін болып түскеннен соң,
Көркейіп, бүкіл ауыл түлей берді.
Қарсы алып тұрды Мұрын таңды кілең,
Түндігін түрді отаудың алдыменен.
Сонан соң үлкен үйдің отын жағып,
Қарайтын маңайына жан нұрымен.
Жер жайын, түлік сырын терең ұғып,
Тұстарын түйіп алар мəнді деген.
Ойнаған ат үстінде он жасынан,
Тентектеу болды асырмас сөз басынан.
Ентелеп, бұл мінбеген ат қалмады,
Елінің жүйрік пен жорғасынан.
Жесірге қызындай боп жақын барып,
Жетімнің қорқушы еді көз жасынан.
Əлі де ат үстінде салар əні,
Көп кешті көк жайлауды самалалы.
Ілесіп Сарымырзаға бірнеше рет,
Қыстау мен күзеуді де аралады.
Бұл елдің бар мекенін түгел көріп,
Шөп түрін, қоныс мəнін саралады.
Сарымырза таң қалады бұл ісіне,
Тым шұғыл, өте жылдам жүрісі де.
Жер жайын біліп алып, əр ауылды
Көшіріп, қондыруға кірісуде.
Мұнысы Сарымырзаға жақсы болды –
Бұл іске араласып жұмысы не?!
Болған соң ойы терең, сөзі нəрлі,
Келіншек таң қалдырды көзі барды.
Барлығын басқаратын Байыс би де
Əр неге бас ауыртпас болып алды.
Осылай жылжып-жылжып жылдар өтіп,
Ырғалған ырыс-бақтың жолы ұзарды.
Ел үшін тапты тура, нағыз жолды,
Талпынды, талаптанды, тағы ізденді.
Жасасып Қытайменен сауда-саттық,
Бал, шырын бақ үстіне тамызды енді.
Əр басқан қадамынан гүл алаулап,
Қазаққа жалпақ жатқан аңыз болды.
Би Байыс жетпіс асып өтті өмірден,
Ақ өлім келіп жетті Көк Тəңірден.
«Найманның нары қайтты дүниеден!» деп,
Көз жасы көл боп жұрттың көп төгілген.
Бес ұлы бес жетімдей жер шұқыды,
Бесеуі бес ауыл боп өскенімен...
Сарымырза жер ортасы жасқа жетті,
Күйлерін бебеулетті, төкпелетті.
Жасынан батырлықпен аты шығып,
Қас жауын қарсы келген таптап өтті.
Жанда жоқ жомарттығын жұрты сүйіп,
Найманда «шүлен» деген даңққа жетті.
Бəйбіше қасабалы ұлы дана –
Атанды Мұрын енді Мұрын ана!
Тілегін Тəңір қолдап, аруақ жебеп,
Малынды шапағат пен шұғылаға.
Қормалы, ұйытқысы бүкіл елдің
Шықты енді əулиелік шыңына да!
Тəңірі сыйға тартып үш ұл берді,
Жол тартты болашаққа көш ілгері.
Ана боп отырса да, аттан түспей,
Керіліп «ұл таптым» деп көсілмеді.
Тұңғышы Жолымбетті тапқан кезде,
Ең алғаш əулиелік түсін көрді.
Түсінде – түн сүттей боп ай нұрынан,
Туыпты жеті жұлдыз маңдайынан.
Жігіт боп кеткен екен Жолымбеті,
Жабысқан жеті сəби шалғайынан.
Жетеуге жеті қамшы сыйлап жатыр,
Əлдекім жетіп келіп мал қайырған.
Бұл түсін Мұрын көрді таң алдында,
Оянып, бетін жуды, таранды да.
Дұға оқып, түсін жорып көп отырды,
Деп ойлап: «Бөпем нұрдан жаралды ма?
Артынан жеті ұлы ерер, түс оң болса,
Əрбірін бүкіл елі санар мыңға».
Өз түсін айтып еді Сарымырзаға,
«Болайық – деді батыр – барға ырза».
Сонан соң əдетіндей қалжың айтты:
«Түс көрер ана қыран самғарында.
Бəйбіше, үшеу болсын, енді екі ұл тап,
Қалайын мен де жетіп арманыма».
Аузына осы сөзді Құдай салған,
Секілді себеппенен сұрай салған.
Бұдан соң екі ұл туып бəйбішесі,
Бақ құсы бастарына шыр айналған.
Бəйімбет, Жолболойдай қос түлекпен,
Əулеті Байыс бидің шырайланған...
* * *
Көз жасын бүкіл найман төгілдірді –
Сарымырза жау оғынан көзін жұмды.
Тұқымын Төлегетай қайғы қамап,
Күрсінтіп, қабырғасын сөгілдірді.
Жалғыз сəт естен кетпес – өлерінде
Сарымырза ағайынға жүзін бұрды.
«Пəруана – деді – жұртым үшін жаным,
Осы елмен қуанғаным, қысылғаным.
Ұлдарым тым ертерек жылап қалды,
Сөйтсе де сезінемін құтым барын.
Тұңғышым – Жолымбетім жігіт болды,
Ұямнан сол жалғыз құс ұшырғаным.
Əлі жас екі інісі, ағайындар,
Бұл жерде қамқор болар талайың бар.
Мұңайып Мұрын гүлім жасымасын,
Қасында басын сүйеп, қарайыңдар.
Əулетім аттан ауып қалмас, білем,
Төс айыл үзілсе де, шап айыл бар.
Мен емес ата жолдан жаңылатын,
Ұрпақ бар – ұмытылмас менің атым.
Атауы ұрпағымның «Мұрын» болсын,
Аманат! Болсын мұны бəрі ұғатын!
Əрқашан жүреді ғой Мұрын алда,
Өзім де дəл қойыппын тауып атын».
Қалмады өлерде де бір қалжыңы,
Жүзінде күлкі ойнады тынғанда үні.
Үзіліп кетті сонсоң ышқынды да,
Жер аунап, бұлт көшіп, Күн қаңғыды.
Бұл қаза қара орманға қасірет боп,
Дала мен тау-тасты да мұңдандырды.
* * *
Көкейді көңілсіз де көңілді еткен
Тағы да заман зырғып, өмір де өткен.
Дəл келіп Мұрын ана көрген түсі,
Тұп-тура жеті ұл туды Жолымбеттен.
Əулие, шын данагөй Мұрын ана
Танбады əулиелік қабілеттен.
Ұлы ана бір Тəңірді ие тұтқан,
Үш пенен жеті санын кие тұтқан.
Салт-сана, əдет-ғұрып, жол-жораны,
Ескіден қалған заң мен жүйені ұққан.
Пір тұтқан Ойсылқара жарықтықты,
«Бар елді қорғайды – деп – түйе жұттан».
Үш санын кие тұтып, үш ұл тапты,
«Жеті ұл» деп дəл жорыды түсін тəтті.
Ырым мен ұғымдарды қастер тұтып,
Басынан бақыт құсын ұшырмапты.
Көк нұрын көкірекке көп сіңіріп,
Жəннаттың жер үстінде құсын бақты.
Тараған Жолымбеттен бақ суаты –
Ажығұл, Қыдыр менен Қосмұраты.
Ажы мен Рақа, Назар, Арыстанбек,
Жетеуі – сары қымыз, ақ шұбаты.
Бұл «жеті Жолымбет» деп аталады.
Ұрпақтың санасында нақ тұр аты!
Ұлдары Бəйімбеттің мұрат басы –
Күлеке, Сейіт, Шартай, Мұңайтпасы.
Сүт кенже – Көншісінің жөні бөлек,
Белгілі шаңырақты құлатпасы!
Шойтабан, Жарылғап бар Жолболойдан,
Осы он төрт немересі – гүл бақшасы!
* * *
Жаны – нұр, көкірегі – ұлы дана,
Жаңғырар жадымызда Мұрын ана!
Өткеннің, болашақтың бейнесіндей,
Маңдайы малынып тұр шұғылаға.
Бас иіп тəу етеміз, тəубе етеміз
Бейне бір табынғандай құбылаға!
Өшпейтін сəулесіндей адал ардың
Рауандап ұрпақ өсіп, тараған мың.
Жарқырап жауһар бейне Күндей болып,
Жатталар кеудесінде əр адамның!
Нұрлы өмір, сырлы ғұмыр – əз мирасы
Мəңгілік ұмытылмас аналардың!
Жїзей ќыз
Достарыңызбен бөлісу: