№123 (28851) 29 маусым сəрсенбі 2016 жыл ● Еңбегімен еленген



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата06.03.2017
өлшемі3,38 Mb.
#8289
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

№123 (28851)

29 МАУСЫМ

СƏРСЕНБІ

2016 ЖЫЛ

 Еңбегімен еленген



АҚПАРАТТАР

ағыны


●   Б и ы л   « Ж ұ м ы с п е н 

қам ту-2020»  бағдар лама-

сының жол картасы аясын-

да 1 мыңнан астам инфрақұ-

рылымдық жоба іске қосыл-

ды.  Осының  нəтижесінде  20 

мың жұмыс орны ашылды. Ол 

үшін бюджеттен 101 млрд. тең-

ге бөлінген. 

 Қазақстанда шағын жəне 

орта кəсіпкерлікті дамытуға 

155 млрд. теңге бөлінеді. Бұл 

қаржы кəсіпкерлерге алдағы ай-

дан бастап үлестіріледі. Тағы бір 

айта кетерлігі, аталған қаражат 

бизнестік  өнім  мөлшерін 

көбейтуге мүмкіндік береді. 

  2023-2024  жылға  дейiн 

елiмiзде  7  мың  шақырым 

автожолға  ақылы  жүйе 

енгiзiледі. Бұл – республикалық 

көлік  дəлізінің  25-30  пайызы. 

Жоспар  бойынша,  Астана  – 

Атбасар  –  Жақсы,  Шымкент 

–  Қызылорда,  Астана  – 

Темiртау, Алматы – Қапшағай – 

Талдықорған, Алматы – Қорғас, 

Астана  –  Павлодар  жолдары 

ақылы болады. 

  Еліміздің  экономика-



сына Жапония мемлекеті 10 

жыл  ішінде  4,5  млрд.  дол-

лар  инвестиция  құйған. 

KAZENERGY  қауымдастығы 

төрағасының  орынбасары 

Ұзақбай  Қарабалиннің  айту-

ынша,  2015  жылы  екі  елдің 

арасындағы  тауар  айналымы 

1,5  млрд.  долларды  құраған. 

Негізгі инвестицияның үлесі – 

уран өндіру жəне уран өнімдерін 

шығару салалары.

  2015  жылы  200-ден 

астам  өнеркəсіп  орындары 

мемлекеттік қолдауға ие бол-

ды. Инвестициялар жəне даму 

министрлігінің хабарлауынша, 

аталған  өндіріс  ошақтарына 

көмек  дағдарысқа  қарсы 

ұйымдастырылған шаралар ая-

сында жүзеге асқан. 

 Астанадағы əуежайдың 

халықаралық  терминалын 

жаңғыртуға Ұлттық қордан 10 

млрд. теңге бөлінді. Еліміздегі 

Азаматтық авиация комитетінің 

төрағасы Бе кен Сейдахметовтің 

айтуынша, мұнан бөлек, өткен 

жылы бұл нысанның жаңғырту 

жұмыс тарына  29  миллиард 

теңге бөлінген. 

  Алматы  облысындағы 



қала,  аудан  жəне  ауылдар-

да  37  медиация  кабинеттері 

ашылды. Енді тұрғындар тұр-

ғылықты  жерінен  ұзамай-ақ, 

түйткілді  мəселелерін,  дау-

жанжалдарын  жəне  татуласу 

ниеттерін осы орталықтардағы 

медиаторлардың  көмегімен 

жүзеге асыра алады. 

 Жамбыл облысындағы 



моноқала – Қаратауда шағын 

жəне орта кəсіпкерлік дамып 

келеді. Өткен жылы «Бизнестің 

жол  картасы»  мемлекеттік 

бағдарламасы шеңберінде бюд-

жеттен  250  миллион  теңгеге 

жуық қаржы бөлініп, 19 жоба 

жүзеге  асырылған.  Сонымен 

қатар, 100-ден астам адам жұ-

мысқа тартылған. 



Хабарлар Үкімет, облыстық 

əкімдіктер сайттары, 

«ҚазАқпарат» агенттігі жəне 

«24kz» телеарнасының деректері 

бойынша дайындалды

Ауылдастар алғысы



Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан»

Айнұр Байрамованың кіндік қаны тамған жері – 

Əзербайжан Республикасы болса, ортасын таныған 

Отаны – Қазақ елі. Жөргекте жатқан сəби кезінде 

ата-анасы Қазақстанға қоныс аударыпты. Əкесі ор-

ман шаруашылығында, анасы ауруханада медбике 

болып  еңбек  етеді.  Осындай  отбасында  дүниеге 

келген  Айнұр  Шығыс  Қазақстан  облысының 

Бесқарағай  ауданында  өсті.  1997  жылы  аудан 

орталығындағы мектептің табалдырығын аттаған 

ол тоғызыншы сыныпқа дейін ауылда оқыды. Одан 

кейін  Алматы  қаласында  Абай  атындағы  Қазақ 

ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы 

колледжге аудармашы-референт мамандығы бойын-

ша оқуға түсті. Колледжді бітірген соң арнайы орта 

білім базасы негізінде Шəкəрім атындағы Семей 

мемлекеттік университетінде шет тілдер мамандығы 

бойынша білім алды. Ағылшын жəне қытай тілдерін 

меңгеруге  талпынды.  Жанына  жақыны  –  əлем 

халықтарының байланыс тіліне айналған ағылшын 

тілі болып шыққан бойжеткен жоғары оқу орнын 

бітіргеннен  кейін  де  тілді  тереңдете  меңгеруді 

тоқтатқан жоқ. 

Соңғы  жылдары  еліміздегі  қанатқақты  жоба 

ретінде  Шығыс  Қазақстан  өңірінде  көптілділдік 

бағдарламасы  енгізіліп  жатқаны  белгілі.  Осыған 

орай  Айнұрдың  алған  білімі  сұранысқа  ие 

мамандықтардың біріне айналды. Себебі, ауылдар-

да үш тұғырлы тіл бағдарламасының бір бұтағы са-

налатын ағылшын тілінің мамандары тапшы, тіпті, 

жетіспейді деуге де болады. Осы олқылықтың ор-

нын толтыруға ұмтылған ол 2012 жылы оқу бітірген 

соң Бесқарағай ауылындағы өзі оқыған Борас орта 

мектебіне мұғалім болып орналасты. 



КӨЗҚАРАС

ЗЕРДЕ 

ЖАЗЫЛҒАН ЖАЙДЫҢ ЖАЛҒАСЫ

Қайрат ƏБІЛДИНОВ,

«Егемен Қазақстан»

«АрселорМиттал  Теміртау»  ком-

паниясының  құрамында  метал-

лур гия лық  комбинат,  Қарағанды 

облысындағы  8  көмір  шахтасы, 

Қарағанды,  Ақмола  жəне  Қос танай 

облыстарындағы темір кенін өндіретін 

4 кеніші бар. Кəсі п орындағы жұ мыс-

тарды шартты түрде үшке бөлуге бо-

лады. 


 Мəселенің мəнісі

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Облыстағы ветеринария бас қар-

масының мəліметінше, бруцеллезге 

шалдыққан малдың басым бөлігі 

Қашыр  ауданында,  Екі бастұзда, 

Баянауыл  ауданында  тір келіпті. 

Қазіргі  уақытта  Май,  Успен  ау-

дандарында малды бру цел лезден 

сауықтыру шаралары жүр гізілуде. 

Сондай-ақ,  ірі  қара  жəне  ұсақ 

малдың дертке шалдығуы бойын-

ша арнайы сақтандыру шаралары 

барысын да Лебяжі ауданының Ша-

р бақты, Қызылəскер жəне Шəм ші 

ауылдарында  карантин дік  шек-

теу  шаралары  жасалуда.  Дертке 

шалдыққан мал «Руби ком», «Ет 

бастау» жəне «Ақжар өндірісі» ет 

өңдеу комбинаттарына тапсырылу-

да. Жалпы, біздің өңірде облыстық 

ветеринария басқармасының ха-

барынша,  мау сым  айындағы, 

яғни,  қазіргі  жағдай  бойынша 

тексерілген 230 мың мал басының 

2400-і, 290 мың ұсақ малдың 159 

басы  бруцеллезге  шалдыққаны 

анықталды.  Мəліметтер  азай-

тылып  көрсетілетін  де  сияқты. 

Өйткені,  біз  газетімізде  жазған 

Лебяжі ауданы Шəмші ауылының 

тұрғыны Е.Бөлекбаевтың бір отар 

қойының өзінен 60 ұсақ мал ауруға 

шалдыққан  болатын-ды.  Өткен 

жылы  бруцеллезге  шалдыққан 

малдың шығынын өтеу үшін 340 

миллион  теңгеден  астам  қаржы 

төленіпті. Оның 50 пайызын мемле-

кет, 50 пайызын ет өңдеу кəсіпорны 

өтейді. Биыл бұл өтем үшін 159 

миллион теңге қарастырылыпты. 

Ветеринарларға  жүктелетін 

н е г і з г і   т а л а п т а р   б о й ы н -

ша  малдың  қаны  жыл  сайын 

екі  рет  диагностикалық  тексе-

рулерден  өтуі  керек.  Облыстар 

мен  аудандарда  қажетті  құрал-

жабдықтармен  жабдықталған 

ветеринариялық зертханалар бо-

луы шарт. Қаржыны бақылау үшін 

əрбір өңірде, ауданда коммуналдық 

ветеринариялық кəсіпорындар құру 

қажеттілігі де айтылды. Бұл талап-

тар қалай орындалуда, бақылау бар 

ма, жоқ па деген сұрақтар туын-

дайды. Сондықтан, ветеринарлық 

алдын алу жəне диагностикалық 

шараларға  бөлінген  қыруар 

қаржыны  бақылауға  алған  жөн. 

«Қазір  малды  бағудан  гөрі  ем-

деу  қиын  болып  тұр...»,  дейді 

ауылдықтар. 

Сонда,  қыруар  қаражаттың 

қалай игеріліп жатқаны – дертке 

шалдыққан жүздеген малдың ет 

өңдеу  комбинаттарына  жөнел-

тілуімен есептеліп, анықтала ма?..



Павлодар облысы

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Сырдың  бойында  отырған 

аудандардың  іскер  жігіттері 

дария ны  бойлап  өсетін  қалың 

қамысты кəдеге жаратып жатыр.

Қалың  қорыстан  ең  алғаш 

құрылыс  материалдар  жасаған 

шардаралық кəсіпкердің өнімдері 

арзан  жəне  бəсекеге  қабілетті 

болғандықтан тұтынушылардың 

қызығушылығын арттырған еді. 

Енді  Отырар  ауданы  Қарғалы 

а у ы л  ы н  д а ғ ы   « А қ м е р г е н » 

серіктес тігі жергілікті жерде көп 

өсе тін табиғат өнімдерінен құры-

лыс ма териалдарын шығару жо-

басын іске асыруда.

Қазақта  «шешінген  судан 

тайынбас»  деген  мəтел  бар. 

«Ақмерген»  жігіттерінің  жоба-

сы  мемлекеттік  үдемелі  индус-

триялық-инновациялық  даму 

бағдарламасының  аясында 

индустриялық картаға енген.

Жобаның жалпы құны 622,3 

млн.  теңге  бол са,  бизнесті 

қолдау  бағдарламасы  бойын ша 

320  млн.  теңге  жеңілдетілген 

несие  беріл ген.  Қазір  цехтың 

қажетті  қондырғылары  орнаты-

лып,  қамыс  оратын,  жинайтын, 

кептіретін жəне өзге мақсаттарға 

керекті  техникалар  алынған. 

Келер жылы толық іске қосылады 

деп күтіліп отырған кəсіпорын 30 

адамға жаңа жұмыс орнын ашып 

береді. Жылына 720 мың шаршы 

метр  өнім  шығаруға  қабілетті 

цехтың  нығыздалған  қамыс 

тақтайшалары  құрылыстың 

ішкі, сыртқы əрлеу жəне қаптау 

жұмыстарына  пайдаланылады. 

Сонымен қатар, түрлі жиһаздар 

жасауға да қолайлы материал.

Еліміздің  қай  түкпіріне  бар-

саңыз осы бағыттағы құрылыс ма-

териалдары Қытай жəне Ресейден 

тасымалданатынын көресіз.

Жоба жетекшілері көрші мем-

лекеттерден əкелінетін құрылыс 

материалынан  анағұрлым  арзан 

əрі  сапалы  екендігін  айтады. 

Ла йым,  солай  болғай.  Өйткені, 

қа зір дің өзінде кəсіпорын өнім-

деріне алдын-ала тапсырыс бер-

гендер көп.

«Ақмерген» ЖШС-інде болған 

аудан əкімі Ерлан Айтаханов кə-

сіпорын  жұмысындағы  кейбір 

түйткілді  мəселелерді  шешуге 

жəр демдесетіндігін айтты.

Мақтаарал  ауданында  бол-

ғанымызда  кəдімгі  мақтаның 

қозапаясынан  құрылыс  матери-

алдарын жасап жатқан кəсіпорын 

жұмысымен  танысқанбыз.  Енді 

қау қамыс кəдеге жарап жатыр. 

«Өзімдікі дегенде өгіз қара күшім 

бар» деген осы. Отандық өнімдер 

өзге елдің осындай құрылыс мате-

риалдарымен бəсекеде қабілетті 

болса,  еліміздің  əлеуеті  арта 

береді.

Оңтүстік Қазақстан облысы

 Өңір өмірі

 Алаңдатарлық ахуал

Мемлекеттік  хатшы,  Қазақстан  Республикасының 

Президенті  жанындағы  Əйелдер  істері  жəне  отбасылық-

демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы 

Гүлшара  Əбдіқалықова  тұрмыстық  зорлық-зомбылық 

профилактикасы жөнінде өткен ведомствоаралық кеңеске 

қатысты.

● Оймақтай ой

Адам баласындағы 

гармония – теңбе-

теңдіктен емес, келісім-

жарасымдылығынан.

     

       Ғабит МҮСІРЕПОВ

ҚАМЫС 


Ол – қолдана білсе, мықты 

құрылыс материалы

Тұрмыстық 

зорлық-зомбылық – 

өркениет өрісіне тұсау

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Бас  прокуратурада  өткен 

кеңеске  Парламент  депутатта-

ры, Қа зақ стан Республикасының 

Прези денті  жанындағы  Əйелдер 

істері  жəне  отбасылық-демогра-

фиялық саясат жөніндегі ұлттық 

комиссия мүшелері, Бас прокура-

тура жанындағы Консультативтік 

кеңестің  мүшелері,  мемлекеттік 

органдар,  халықаралық  жəне 

үкіметтік  емес  ұйымдар,  БАҚ 

өкілдері қатысты.

Мемлекеттік  хатшы  Гүлшара 

Əбдіқалықова өз сөзінде Мемлекет 

басшысының тапсырмасы бойын-

ша  Қазақстанда  қоғамдағы  тұр-

мыстық  зорлық-зомбылық  про-

фи лактикасы  ісіндегі  заңнаманы 

жүзеге  асыруға  байланысты 

барлық  қажетті  шаралар  қабыл-

данып  жатқанын  атап  өтті.  Соң-

ғы  жылдары  елімізде  осы  сала-

дағы  заңдылықты  нығайту 

жөнінде  пəрменді  заңнама лық 

жəне  практикалық  шаралар  қа-

былданды, тұрмыстық сипат тағы 

қылмыстардың алдын алу жөнін-

дегі құқықтық тетіктер қалыптас-

тырылды.


Қаржы бөлінген, қайтарымы қандай?

2500-ге жуық ірі қара мал бруцеллезге шалдыққан



Ал өңірде мал ауруларын болдырмау үшін ветеринарлық-

алдын алу жəне диагностикалық шараларды жүргізуге былтыр 

571 миллион теңге, биыл 568,9 миллион теңге бөлініпті. Сонда 

бұл қаржының нəтижесі мен тиімділігі қандай болған?

 

Жаңа басшыға кәсіпорын 

құрылымы неге ұнамайды?

«АрселорМиттал  Теміртау»  акционерлік  қоғамы  Жұмыс  күшін  жо-

спарлау  бағдарламасын  іске  қосты.  Бұл  туралы  соған  орай  өткізілген 

баспасөз мəслихатында «АрселорМиттал ТМД» компаниясының жаңадан 

тағайындалған директоры Парамжит Калон мəлімдеді. Оның айтуынша, 

кəсіпорынның қазіргі құрылымы дұрыс ұйымдастырылмаған.

(Соңы 2-бетте)

(Соңы 2-бетте)

(Соңы 5-бетте)

(Соңы 5-бетте)

«АЛТЫН ОРТА», ҚАЙДАСЫҢ?

ОҚЫҒАН ӨҢІРДЕ 

ТҰРАҚТАП ҚАЛА МА?

ҚАЗАҚ ЖЕРІ –– 

МАЛ КІНДІГІ, ҰЛТ МЕНШІГІ

4

5

6

Үкімет қарапайым 

халыққа бет бұрды

Кеше  Үкімет  отырысында  жұмыспен  қамту  мəселелері 

қаралды. Осыған орай елдегі негізгі жағдайды Денсаулық 

сақтау  жəне  əлеуметтік  даму  министрі  Тамара  Дүйсенова 

баяндады. 

Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан»

Министрдің  мəліметінше, 

«Жұ мыспен  қамтудың  жол  кар-

тасы-2020» бағдарламасын жүзе ге 

асы рудың аясында 167 мың адам 

мемлекеттік  қолдауға  ие  болып, 

жұ мыс  істеуге  жəрдем  алды.  Ал 

мұ ның еңбек нарығындағы ахуал-

ға оң ықпалы бар. Қазір елі міз дегі 

жұмыссыздық деңгейі – 5 пайыз.

Т.Дүйсенованың  хабар лауын-

ша  жылдың  соңына  дейін  де 

«Жұмыспен  қамту-2020»  бағ дар-

ламасының  жол  картасы  аясын-

да  əлі  біраз  инфрақұрылымдық 

жобалар  іске  қосылып,  талай 

адамға жұмыс табылайын деп тұр. 

Бұл  бағдарламаға  негізінен  101 

млрд.  теңге  бөлінген.  Ағымдағы 

жылы  1177  инфрақұрылымдық 

жобаны,  сонымен  бірге,  26  жаңа 

фельдшерлік-акушерлік  пункті, 

отбасылық-дəрігерлік  амбулато-

рияны  іске  қосу  жоспарланған. 

Толықтай алғанда, 20 мың жұ мыс 

орны  қарастырылған.  «Осы  мақ-

саттарға өңірлерге 4,4 млрд. теңге 

бағытталды.  830  жоба  бойынша 

байқау аяқталды жəне 470 жобаны 

жүзеге  асыру  басталды.  Оларға 

шамамен  5  мың  адам  жұмысқа 

тұрды», деді Т.Дүйсенова.

Бүгінде өзге ағымдардың жетегінде 

кетіп жатқандардың 80 пайызы 

жұмыссыз жастар

Əлихан БӨКЕЙХАНОВ:


www.egemen.kz

2

29 маусым 2016 жыл

(Соңы. Басы 1-бетте)

(Соңы. Басы 1-бетте)

Кеңесте  атап  өтілгендей,  тұр-

мыстық  сипаттағы  зорлық-зом бы -

лықтың  профилактикасы  туралы 

салалық заң қабылданғаннан кейін 

жағдай  түбегейлі  өзгере  бас тады. 

Құқықтық  акт  тұрмыстық  зорлық-

зомбылықтың  алдын  алуға,  отба-

сылық  жанжал  ту дырушыларға 

қатысты қыл мыс тық-процестік тұр-

ғыда мəж бүр леудің қажетті əдістерін 

пай да лануға жəне зорлық-зомбылық 

құрбандарына  қолдау  көрсетуге 

мүмкіндік береді.

Профилактикалық жұмысты жан-

дандыру  жəне  əкімшілік-құқықтық 

шараларды  қолдану  өз  нəтижесін 

берді. Соңғы төрт жыл ішінде тұр-

мыстық сипаттағы қылмыстар саны 

екі  есе  азайды.  Алайда,  тəжірибе 

көр сеткендей, əйел адамдарға қатыс-

ты  жазаланатын  қылмыстық  əре-

кеттер жасаған адамдардың жауап-

кершілігін  күшейту  үшін  қолда-

ныстағы заңнамаға өзгерістер енгізу 

керек. Тұрмыстық сипаттағы зор лық-

зомбылыққа  тап  болған  адам дарға 

арналған  дағдарыстық  ор та лық-

тардың жұмысы негізінде бір ыңғай 

əдістеме əзірлеу қажет.

Биылғы  І  тоқсанның  қорытын-

дысы  бойынша,  тұрмыстық  си пат -

тағы қылмыстың 54,4%-ға кө бей гені 

байқалады.  Елімізде  зор лық-зом-

былық сипатындағы қылмыс тардың 

60%-ға  жуығы  отбасында  жасала-

ды.  Бұдан  туын даған  агрес сиялық 

көңіл-күй сырт та да жалға сып, өзге 

ауыр қыл мыстарды жасауға себепші 

болады.


Мемлекеттік  хатшы,  сондай-ақ, 

əйелдер көп жағдайда өз жұба йының 

немесе отбасы мүше лерінің тарапы-

нан  тұрмыстық  сипаттағы  зорлық-

зомбылық  құр банына  айналғанын 

жасыратынына  тоқталды.  Соның 

салдарынан  тұрмыстық  сипаттағы 

зорлық-зомбылық құрбандары одан 

əрі  тексеру  жүргізгенді  қаламай, 

сотқа  шағымданбайды,  сондықтан 

ішкі істер органдары сотқа жіберген 

материалдар  қараусыз  қалады.  Тек 

2015 жылы ғана отбасылық жан жал 

тудырушы  2  мың  адам  жауап кер-

шіліктен құтылып кеткен.

Гүлшара Əбдіқалықова тұр мыс-

тық сипаттағы зорлық-зом былықтың 

алдын алу сала сын дағы заңнаманы 

əрі қарай жетілдіру бойынша жұмыс 

жүр гізу қажет екенін атап өтті. Заң 

барша  халыққа  түсінікті  жəне  əр 

адам  үшін  қалыпты  норма  болуы 

үшін  қызмет  ету  керек.  Біз  əйел 

адам д арға медициналық, құ қық тық, 

пси хологиялық көмек көрсету жө нін-

де мемлекет тік кепілдіктерді қа лай 

нығайта ты нымыз туралы айту үшін 

жинал дық, деді Мемлекеттік хатшы.

Бұдан кейін сөз алған Ішкі істер 

министрі  Қалмұханбет  Қасымов 

жағдай 2009 жылдың жел тоқсанында 

«Тұрмыстық  зор лық-зомбылықтың 

профилак тикасы  туралы»  Заңның 

қабыл дануымен  жақсара  түскенін 

мəлімдеді.  Атап  айтқанда,  заңдық 

норма  қабылданғаннан  кейін  ішкі 

істер органдарының қызмет кер лері 

тарапынан  260  мыңнан  аса  қорғау 

нұсқауы толтырылып, соттар тара-

пынан 22,5 мың жүріс-тұрыс ережесі 

бекі тіп  бе рілген.  Енді  отбасының 

бере ке сін  кетірушінің  алкогольді 

ішім  дікті тұтынуына 3 айдан 1 жыл -

ға дейін мерзімге тыйым са лы на ды. 

Жалпы,  заңдық  нор  ма  ның  қабыл-

дануы  жыл  са йын  тұр  мыс тық  зор-

лық-зом бы  лық көр сет кішін 10 пай-

ыз ға төмен дету   ге мүмкіндік беруде. 

2005  жы лы  1600  осындай  қыл мыс 

жа  сал     с а,  2015  жылдың  қоры тын-

ды  сы бо   йын ша көрсеткіш үш есеге 

қыс  қарған. 

2014 жылдың қорытындысы бой-

ынша  сотта  отбасындағы  зор лық-

зомбылық  əрекеттері  бо йын ша  23 

мың əкімшілік құқық бұзу шылық ісі 

қаралса, 2015 жы лы оны қылмыстық 

құқық бұзу шылыққа алмастырғаннан 

кейін  бар-жоғы  627  жазаға  тарту 

шешімі  шығарылған.  Əкімшіліктік 

қамауда  ұстау  мерзімінің  48-ден  3 

сағатқа дейін қысқаруы да тəжі ри-

беде көптеген проблемалар тудыр-

ған. Өйткені, араққа сылқия тойып 

алған бұзақы үш сағатта есін жинай 

алмайды, сондықтан отбасына қайта 

барып, ауыр қылмыс жасап жатады. 

Сондай-ақ, отырыста Қазақ стан 

Республикасындағы балалар құқығы 

жөніндегі уəкіл Зағипа Балиева қазіргі 

таңда елімізде 5,5 миллион бала бар 

екенін  айтты.  Соның  2  миллионы 

мектепке  дейінгі  жастағы  балалар 

болып табылады. Бұл ретте 140 мың 

бала  мүмкіндігі  шектеулі  балалар 

болса, 10 мыңға жуығы жетім жəне 

əке-шешелерінің  қамқорлығынсыз 

қалғандар. Балал ардың отбасындағы 

зор лық-зомбылыққа  куə  болуы 

олар дың  болашағына  кері  əсерін 

тигізетін  болады.  Бұл  өз  кезе гін-

де қоғамның бұзылуына, еліміз дегі 

еңбек  өнімділігі  мен  эконо ми ка-

сының өсіміне теріс ықпал етеді.

БҰҰ  Балалар  қорының  өкілі 

Юрий  Оксамитный  өз  кезегін де 

отбасындағы зорлық-зом бы лықтың 

алдын  алу  бағытында  бірқатар 

жұмыстар жүргізіліп отырғандығына 

назар  аудартты.  2009  жылы  БҰҰ 

Балалар жөніндегі комитеті зорлық-

зом былық  мəселесіне  байланысты 

өзіндік  ұсыным  жасаған  болатын. 

Онда  балаларды  жазаламау  тура-

лы  тұжырымдар  көрініс  тапқан. 

Осыған  орай  ата-аналармен  жəне 

балалармен  жұмыс  істейтін  меке-

мелерге  осы  жайттарды  түсіндіру 

қажет. Тұрмыстық зорлық-зомбылық 

баланың психология сына зор күйзе-

ліс əкелетіндігі түсінікті. Балаға қол 

жұм сау  олардың  өзін  төмен  баға-

лауы на, сабағының нашарлауына əсер 

ететінін көрсетіп отыр. Сон дық тан 

осы бағытта зерттеу жүргізіліп келе ді. 

Сонымен  қатар,  ведомство ара-

лық  кеңес  отырысында  Бас  проку-

рор  Жақып  Асанов  сөз  алып,  күн 

тəр тібіндегі  мəселенің  өзектілігіне 

тоқталды. Көшедегі агрессияның бір 

себебі – отбасын дағы жағдай. Үйден 

ызамен шық қан адам өшін өзгеден 

алады. Адамдардың қоғамдық жер-

лердегі жəне көліктегі теріс қылық-

тары, көп жағдайда, отбасында бо-

лып жатқан жағдайлардың көрі нісі, 

деді  Жақып Қажманұлы. Ста тис тика 

бойынша Қазақстанда отбасындағы 

зорлық-зомбылық  сипа тындағы 

қылмыстардың  90  пайызға  жуығы 

əйел адамдарға қатыс ты жасалады, 

егде  адамдар  мен  ба лалар  зорлық-

зомбылық əрекет терге тап болатын 

жағдай лар да аз емес. Сондықтан да 

бас ты  мақсат  тұрғындардың  сана-

сезімін  өзгерту дің  жаңа  жолдарын 

іздестіру,  осы  проб лемаға  деген 

көзқарасты өзгерту болып табылады. 

Жалпы айтқанда, кеңеске қаты с-

у шылар құзыретті құры лым дар дың 

өзара  келісілген  іс-қимылын  қам-

тамасыз  етудің,  тұр мыстық  сипат-

тағы  зорлық-зом былықты  тоқта ту 

жəне  оның  алдын  алу  тетік терін 

жетілдіруге  бағытталған  тиімді 

құқық тық жəне тəжірибелік шаралар 

қа был  даудың маңызы туралы айтып 

өтті.  Бұл  жұмыстың  сəтті  жүруі не 

мем  лекет пен азаматтық қоғам инс -

ти туттарының бірлескен күш-жіге-

рінің жұмылдырылуы, соның ішінде 

отбасындағы зорлық-зомбылық про-

блемаларын нақты шешумен айналы-

сатын  үкіметтік  емес  ұйымдардың 

іс-қимылдары ықпал етпек.

Кеңес соңында Мемлекеттік хат-

шы  тұрмыстық  сипаттағы  зорлық-

зомбылықты  түбірімен  жою  үшін 

құзырлы  мемлекеттік  органдар 

жүзеге асыруға тиіс бірқатар міндетті 

айқындап берді.

2016  жылы  Кəсіпкерлікті  дамыту  кар-

тасы  аясында  9  мыңнан  астам  адам  3  млн. 

теңгеге дейін ша ғын несие алған. «Мұндай 

несие лерді  алу  үшін  міндетті  түр де  шаруа 

қожалығы  немесе  жеке  кəсіпкер  ретінде 

тіркелу қажет. Бүгінгі таңда 1,6 мың адамға 3,5 

млрд. теңгеден астам шағын несие берілген. 

Алайда, кейбір өңірлерде жұмыс баяу жүріп 

жатқан көрінеді. Мəселен, БҚО, ОҚО, ШҚО, 

Қос танай, Қарағанды, Ақмола облыс тары мен 

Алматы, Астана қала ларында жоспарланған 

жоба лардың жүзеге асырылу жайы 40 пайызға 

жетпейтіндігі  айтылды.  Соған  байланысты 

министр жұ мыс  ты ширатуды сұрады.

ЖАЛАҚЫ ҚАРЫЗЫ 

БАҚЫЛАУДА ҰСТАЛМАҚ

Т.Дүйсенова  елімізде  жұмыс шыларына 

жалақысын бермей жүрген кəсіпорындардың 

бар екендігін атап өтті. Министрдің дерегіне 

сүйенсек,  жыл  басынан  мемлекеттік  ин-

спекторлар ел кə сіп орындарының ағымдағы 

бере шектері 2,8 млрд. теңге көле мінде екен-

дігін  анықтап,  дағда рыс қа  қар сы  штабтың 

қабылдаған  шара ларының  арқасында  оның 

2,4 млрд. теңгесі өтелген.

«Дегенмен,  өңірлік  дағдарысқа  қарсы 

штабтың  мəліметтерінде  жалақы  бойынша 

жалпы бере шек тің көлемі бүгінде 1,6 млрд. 

теңгені  құрап  отырғаны  көрсе тілген.  Оның 

ішінде үш айға дейінгі ағымдағы берешектер 

514  млн.  теңгені,  үш  айдан  асатын  уақыты 

өтіп  кеткен  берешек  шамамен  134  млн. 

теңгені  құрайды.  Банкротқа  ұшыраған 

кəсіпорындардағы қарыздың ең көлемдісі – 

955 млн. теңге. Қазіргі уақытта бұл бағытта 

Бас прокуратурамен, Қаржы министрлігімен 

жəне  жергілікті  атқарушы  органдармен 

бірлескен  жұмыстар  жүргізілуде»,  деді 

Т.Дүйсенова Үкімет басшысына қарата айтқан 

сөзінде.

Премьер-Министр  бұл  ретте  жұмыс 

орындарында  еңбекақы  төлеу  мəселесі 

ағымдағы мəселе ден өзекті мəселеге айналып 

кетуі мүмкін екендігін атап өтті. «Үкі меттің 

келесі  отырысында  жал а қы лардың  төленуі 

мəселесі бо йынша аймақтар əкімдерінің баян-

дамаларын  тыңдасам  деймін.  Осы  аптада 

кəсіпорындармен  белсене  жұмыс  жасап, 

жағдай  қай  жерде  қалай  болып  жатқанын, 

қандай шаралар қабылдау керектігін анықтау 

керек», деді К.Мəсімов.

Үкімет  басшысы  жуырда  жұ мыс 

сапарымен Қарағанды облы  сына барғанында 

ірі тау-кен ме таллургиялық кəсіпорын дардың 

басшылығы барлық жұ мыс орын дарын сақтап 

қалу ға уəде еткенін еске салды. «Бұдан басқа, 

көп теген орта жəне ша ғын кəсіп орындар бар, 

қазіргі эконо мика лық жағдай бұл мəселе біздің 

бақы лауымызда болуы тиіс екенін көрсе теді. 

Келесі аптада бұл біздің қарастыратын екінші 

мəселеміз болмақ», деді К.Мəсімов.

ҚОСАЛҚЫ ШАРУАШЫЛЫҚТАРҒА 

ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Үкімет  отырысында  ауыл  тұр ғындарын 

жұмыспен қамта масыз ету жəне жеке қосалқы 

шаруашылықтарды  пайдалану  арқылы 

агроөнеркəсіп  кешен  өнімдері  өндірісінің 

көлемдерін  арттыру  жəне  азық-түлік 

қауіпсіз дігі  мəселелерін  шешу  шараларына 

да  баса  назар  аударылды.  Бұл  ретте 

Премьер-Министрдің  орынбасары  –  Ауыл 

шаруашылығы  министрі  А.Мырзахметов 

«Жұмыспен  қамтудың  жол  картасы-2020» 

бағдар ла масының қаражаттарын сүт қа былдау 

пункттері  жəне  от басылық  бордақылау 

алаңдарын  құрумен  шұғылданатын 

ауыл  шаруашылығы  кооперативтерін 

ұйымдастыруға,  оларды  несиелен діруге 

бағыттауды ұсынды. Ол сүт жəне еттің 70-

80 пайызы жеке қосалқы шаруашылықтарда 

өн ді рілетінін  атап  өтті.  Ал  қайта  өңдеуші 

кəсіпорындар қуат  ты лығы тек 60 пайыз ғана 

жүк телген. Себебі, жеке қосалқы шаруа  шы-

лықтардан  ауыл  шаруа шы лығы  өнімдерін 

дайындау  жəне  та сымалдау  үшін  қажет 

бола тын инфрақұрылымдар əлі қалып тасқан 

жоқ. Қолданыстағы сүт зауыттарының қуат 

көлемін  шикі затпен  қамтамасыз  ету  үшін 

3 жыл ішінде 668 сүт қабылдау пункттерін 

құрып,  жеке  қосалқы  шаруашылықтардан 

380  мың  тонна  қосымша  сүт  жинау  жəне 

өткізу жоспарланған. Бұл сүт зауыттарының 

жүктемелерін 64 пайыздан 84 пайызға дейін 

көбейтіп,  қайта  өңделген  өнім  өндірісін  30 

пайызға дейін арт тыруға мүмкіндік береді. 

Екінші  өзекті  бағыт  ретінде  отбасылық 

бордақылау  алаң дарын  құру  ұсынылды. 

Өзін өзі жұмыспен қамтыған тұрғын дардың 

малдарын бұқа жəне азықпен қамтамасыз ету 

үшін же ңіл дікпен несиелеу қарасты рылады.

Бағдарлама  шеңберінде  100  мың  тонна 

сиыр  еті  өндірілетін  32  мың  отбасылық 

бордақылау  алаңдарын  ашу  жоспарланған. 

Үш жыл ішінде 65 мыңнан астам үнемі қызмет 

істеп тұратын жұ мыс орындары құрылатын 

болады. Осының нəтижесінде қайта өндеуші 

кəсіпорындардың жүкте мелігін 61 пайыздан 

95 пайызға дейін жеткізу жоспар ланған.

Қ ұ р ы л а т ы н   а у ы л   ш а р у а ш ы  л ы ғ ы 

кооперативтері  бұған  қо сымша  басқа  да 

бағыттармен  жұ мыстана  алады.  Мысалы, 

жүн  жəне  тері  дайындау,  жеміс-көк ө ніс тер 

дайындау,  ара  шар уа шы лығы,  отбасылық 

құс  шаруа шылығы  жəне  тауарлы  балық 

шаруашылығы  бар.  Бағ дарламаны  жүзеге 

асыру  үшін  «Жұмыспен  қамтудың  жол 

картасы-2020»  жəне  «ҚазАгро»ҰБХ»  АҚ 

қаражаттары тартылатын болады. 

Премьер-Министр  К.Мəсiмов  отырыс 

барысында Ауыл шаруа шылығы министріне 

Қара ған ды дағы  күйдіргі  ауруына  (сібір 

жара сына)  қатысты  туын даған  мəселеге 

байланысты мəн-жайды анықтауды тапсырды.

«Кеше  Қарағанды  облысында  осы 

мəселеге  қатысты  жиын  өткiздiк.  Жалпы 

түйгенiмiз  –  бiзде  мал  қорымын  күзету 

мəселесi  бақылаусыз  жатыр  десек  болады. 

Осы  мəселенiң  жай-күйiн  анықтау  керек. 

Кеше тиiстi тапсырма бердiм. Келесi Үкiмет 

отырысында осы мəселені де қарастырамыз. 

Мал  қорымдарын  күзету  қажет.  Қаражат 

бөлiнген  болатын,  ендi  қаржының  қайда 

жұмсалғанын  жəне  кiмнiң  жауапты  екенiн 

қарау керек», дедi К.Мəсiмов.

Бұл орайда, Үкiмет басшысы, ветеринарлық 

бақылау  мəселе сiнің  маңызды  екенiн  атап 

өттi. «Өңiрлерде бұл жұмыс тиiстi деңгейде 

емес деген ойдамын», деп түйіндеді Премьер-

Министр.


 ҚАРЖЫНЫ ИГЕРУ 

ҚАДАҒАЛАНАДЫ

Өз  кезегінде  Премьер-Ми нистр-

дің  орынбасары  Д.Назар баева  Жұмыспен 

қамтудың жол картасы жəне жалпы жұмыспен 

қамту мəселесі бойынша Үкі меттің ауқымды 

жұмыс  жүр гізіп,  үлкен  қаржы  ресурстарын 

бөліп  жатқандығын  атап  өтті.  «Бұл  жерде 

мəселе оның нəти желілігі мен тиімділігінде 

болып  отыр.  Шағын  несиелер  беру  өте 

маңызды,  ол  халықтың  эконо микалық 

белсенділігін ынта лан дырады жəне бұл жерде 

жергі лікті  органдар  осы  қаржыны  оңтайлы 

пайдалануға  ерекше  көңіл  бөлулері  керек. 

Жəне игерушілік сомасына ғана емес, сонымен 

қатар оның нəтижесіне де назар аударулары 

тиіс», деген Д.Назарбаева жұмыспен қамтуға 

жəне  еңбек  нарығын  тұрақтандыруға 

бағытталған  бағдарламалар  қаражатының 

бір бөлігі салық жəне əлеуметтік аударымдар 

түрінде қайтарылуы тиіс екенін, тауар айна-

лымы жəне халықтың сатып алу белсенділігі 

ұлғаюы керек екенін атап өтті. «Осы тұрғыда 

бізде  нақты  статистикалық  мəлімет  жоқ. 

Жəне  мен  бұл  қаржыны  игеру  үрдістерінің 

қалай  бақыла натындығын  анықтаған  кезде 

салалық  министрліктің  осы  қаражатты 

игеру  үдерісін  белсенді  бақылайтындай 

жеткілікті құзыреті жоқ екеніне көзім жетті. 

Бұл  ретте  министрлік  пен  əкімдіктердің 

арасында осы ақшаның тиімді жұмсалуына 

жауап беретін өзара жаңа деңгейдегі қарым-

қатынас орнату керек. Барлық осы жобалар 

бойынша,  инфрақұрылымды  қалыптастыру 

мен жөндеу, шағын несиелерді беру жүйесінде 

толық  ашықтықты  қамтамасыз  ету  керек, 

интернеттегі инфрақұрылымдық жобалардың 

паспорты  толық  орналасуы  тиіс»,  деп 

түйіндеді Д.Назарбаева.

Қалай  дегенмен,  Үкімет  мүше лері 

алға  тартқан  деректер  жұ мыспен  қамтуға 

қыруар қаржы бөлініп, жүйелі жұмыс жүріп 

жатқанын  жеткізді.  Алайда,  қазіргі  күні 

ауыл-аймақтардағы  жұмыспен  қамтудың 

жағдайы  əлі  де  болса  көңіл  көншітіп 

отырған жоқ. Ендеше, Премьер-Министрдің 

орынбасары  Д.Назарбаева  айтқандай, 

бөлінген  қаржы  қаншалықты  нəтижелі 

жұмсалды,  қорытындысы  қандай  деген 

сұрақтарға да айрықша назар аударған жөн. 

Əрине,  қорытынды  туралы  қаузағанда, 

жұмыспен  қамту  деген  жұрттың  бəріне 

мемлекеттік  мекемелерден  жұмыс  беру 

немесе мемлекеттік қызметкерлердің қатарын 

көбейту емес екенін де ескерген жөн. Қазір 

қорадағы малыңды көбейтуге көмектесіп, сүт 

сатуға жол ашылса да, оның арғы жағында 

Үкіметтің үлесі жатады. Ал ауыл адамдары 

мал өсіріп, жерді игеріп-ақ өзін өзі жұмыспен 

қамти алатыны айқын. Ал ол үшін Үкіметке 

ауыл-аймақтардағы  инфрақұрылымдар  мен 

жол  жағдайын  жақсарту  əбден  қажет-ақ. 

Əйтпесе, қанша қаржы қарыз-несие берсек те, 

қатынас жасау жайы дұрыс қалыпқа келмей 

шаруа  шалқымайды-ау  деген  күдігіміз  де 

жоқ емес. 

Республиканың  қоғамдық,  эко-

но микалық,  əлеуметтік-тұрмыстық, 

мəдени өмірінің айқын айнасы, бет-

бейнесі  болып  келе  жатқан  бас  ба-

сылымның  бедел  биігінің  жоға ры-

лауына  ұйымшыл  ұжымның  қосып 

отырған  үлесі  де  зор.  Күндіз-түні, 

қысы-жазы жарғақ құлағы жастыққа 

тимей, жанын салып жүретін егемен-

діктердің  еселі  еңбегі  төл  мереке 

қарсаңында  еленді.  Байланыс  жə-

не  ақпарат  қызметкерлерінің  күні-

не орай «Егемен Қазақстан» газе ті-

нің  бір  топ  қызметкері  түрлі  мара-

паттарға ие болды. 

Қазақстан  Республикасының 

дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесі 

мен  мінсіз  қызметі  үшін  Ақпарат 

жəне коммуникациялар министрлігі-

нің  Құрмет  грамотасымен  газеттің 

фо то тіл шісі  Ерлан  Омаров,  бет 

қаттаушы  Əсел  Алтышева,  коррек-

тор  Ақбаян  Сна зарова  марапаттал-

ды.  Ал,  «Нұр  Отан»    пар тиясының 

БАҚ  саласы  бойынша  жыл  сайын 

ұйымдастыратын сайысында «Егемен 

Қазақстанның»  Жамбыл  облысы 

бойынша меншікті тілшісі Оралхан 

Дəуіт топ жарды. Ол «Нұр Сұңқар» 

жүлдесінің иегері атанды. 

«Егемен Қазақстанның» меншік-

ті  тілшілері  өңірлердегі  өткір  де 

өзекті  мəселелерді  газет  бетінде 

ұда йы көтеріп келеді. Осындай ең-

бегі еленген тілшіміздің бірі – Сол-

түстік Қазақстандағы Өмір Есқали. 

Ол  Қазақстан  Республикасы  Ақ-

парат  жəне  коммуникациялар  ми-

нистрлігінің  «Ақпарат  саласының 

үздігі»  төсбелгісіне  жəне  Жур-

на листер  одағының  «Қазақ стан-

ның  құрметті  журналисі»  атағына 

ие  болды.  Сондай-ақ,  «Ақпарат 

сала сының  үздігі»  төсбелгісімен 

мара пат талғандардың  қатарында, 

газеттің шолушысы Анар Төлеухан 

да бар. Меншікті тілшілеріміз Нəзи-

ра  Жəрімбетова  мен  Бақберген 

Амалбек  Қостанай  жəне  Ақмола 

об лысы  əкімдерінің  бұқаралық 

ақ парат  құралдары  үшін  арнайы 

тағайындаған бас жүлдесіне ие бол-

ды. Сондай-ақ, фототілшіміз Ерлан 

Омаров Қазақстан Журналистер ода-

ғы  ның Рахымбай Ханалиев атын дағы 

сыйлығымен марапатталды. 

«Егемен Қазақстан» газетінің ар-

дагері,  Қарағанды  облысында  мен-

шікті тілші болып қызмет еткен қа-

рымды  қаламгер  Айқын  Несіпбай 

«Мамандыққа  адалдық»  аталымы 

бойынша Қарағанды облысы əкімінің 

«Алтын сұңқар» сыйлығының иегері 

атанды. 


Əріптестерімізді  осындай  зор 

табыстарымен  құттықтай  отырып, 

ал дағы уақытта да шығармашылық 

биік  терден көріне беруіне тілектеспіз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет