11.Ядро. Ядроның генетикалық ақпаратты тасмалдау және сақтаудағы рөлі. Ядроның пішіні және саны. Жасуша цитоплазмасындағы мемраналы жүйелермен ядро қабығының өзара қарым- қатынасы (байланысы). 100% Ядро эукариотты жасушалардың барлығында кездеседі. Әдетте тек
қана бір ядро болады бірақ, көп ядролы және ядросыз жасушалар да ұшы-
расады. Ядро санының көбеюі жасушалардың зат алмасу деңгейін көтеріп,
атқаратын қызметтерін арттырады, ал, ядросыз жасушалар бөліну қабілетінен
айырылып, ұзақ өмір сүре алмайды. Информациялық ортасы - ядросынан
айырылғандықтан,олардың цитоплазмасында ақуыздар синтезі жүрмейді жә-
не жасушаның нәруызға тәуелді барлық тіршілік әрекеттері бірте-бірте басылады. Ал біз білетіндей нәруыздар тіршілк көзі, егер жаңалары түзіліп отырмаса онда белгілі бір уақыттан кейін олар тіршілігін жояды. Мысалы, қанның эритроциттері-олардың ядросы жоқ, 100-120 тәулік бойы өмір сүргеннен кейін талақта өліп жатады.
Ядро пішіні атқаратын қыметіне байланысты түрлі жасушаларда әртүрлі болады: шар тәрізді, сопақша, бұршақ, таяқша, сегменттелген тағы да сол сияқты. Әдетте, ядроның пішіні жасуша пішініне сәйкес. Бірақ, ядроның пішіні және өлшемі метаболизм белсенділігіне байланысты өзгеріліп тұруы мүмкін. Жасуша ядросының пішіні, өлшемі қаншалықты өзгеше болса да бәрінің ішкі құрылысы ұқсас - олар төрт негізгі құрамдас
бөліктерден: хроматин, ядролық қабық, ядрошық және нуклеоплазплазмадан
тұрады
Ядро - жасушаның ең негізгі қызмет атқаратын бөліктерінің бірі. Оның мұндай рөлі құрамында тұқым қуалаушылық ақпарат болуына байланысты.
Ядроның қызметтері:
1) генетикалық ақпаратты сақтап, оның тұрақты болуын қамтамасыз ету. Тұқым қуалаушылық ақпарат хромосомдар құрамындағы ДНҚ-ның нуклеотидтік тізбегінде арнайы код арқылы жеке гендер түрде жазылып, сақталады. Жасушаға түрлі мутагендік факторлар әсер етіп, генде мутациялар пайда болған жағдайда да, ядроның құрамындағы репарациялық ферменттер мутацияға жол бермей тұрақтылықты сақтайды.
2) генетикалық ақпаратты ұрпақтан-ұрпаққа өзгеріссіз беріп отыру. Бұл қызмет ДНК-ның редупликацияға қабілеттілігі және митоз арқылы дәлме-дәл бөлінуі арқасында жүзеге асырылады. Нәтижесінде, олар сапа және мөлшері жағынан абсоллютті тең тұқым қуалаушылық материалға
ие болады.
Ядролық қабық - нуклеоплазманы цитоплазмадан ажырататын, арасында перинуклеарлық кеңістігі бар, қос қабатты мембраналық жүйе. Ядролық қабықтың бұл құрылысы екі бетіндегі әртүрлі орталармен өзара әрекеттесуге жағдай тудырады. Атап айтсақ, ішкі мембранасы интегралды акуыздары арқылы ядролық матрикстің құрамдасына бекітіледі, ал, сыртқы мембранасы
эндоплазмалық тордың мембраналық жүйесімен тұтасып бірігеді. Цитоплазмадағы рибосомдарда түзілген ақуыздар ЭПТ-ның қуысы-цистернамен байланысқан перинуклеарлы кеңістігіне түсіп отырады. Сонымен, ядролық қабық пен перинуклеарлы кеңістікті ЭПТ-ның мамандандырылған бөліктері ретінде қарастыруға болады.